26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Марқұм болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай өшіруге болады?

02 апрель 2018, 13:38
Қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай жоюға болады? Baq.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға пайдалы топтаманы ұсынады.

Instagram әлеуметтік желісінде пайдаланушының өліміне байланысты екі қызмет бар. Мысалы, егер сіз осы әлеуметтік желіде қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты байқап қалсаңыз, естелік мәртебесін орнату үшін бұл жөнінде қолдау көрсету қызметіне хабарлауыңызға болады.

Бұл мәртебені мына сілтеме бойынша қолдау көрсету қызметіне сұраныс жолдау арқылы орнатуға болады. Ол үшін некролог немесе жаңалыққа сілтеме түріндегі кісі өлімін растау талап етіледі.

Егер, сіз мұндай адамның туысы болсаңыз, онда инстаграмдағы аккаунттың жойылуына өтініш жолдауыңызға болады және мұндай өтініш жолдау барысында әлгі адамның туысы екеніңіздің дәлелі қажет болады: қайтыс болған адамның туу туралы куәлігі, қайтыс болған адамның өлімін растайтын куәлік, жергілікті заңнамаға сәйкес, қайтыс болған адамның заңды өкілі немесе оның мүлкін басқарушысы екеніңіздің дәлелі.

Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтеме бойынша өтініш үлгісін толтыру қажет.

Сол сияқты Facebook әлеуметтік желісі де пайдаланушы туралы естелік қалсын деген ниетпен естелік мәртебесін орнату мүмкіндігін ұсынады. Мұны мына сілтеме арқылы орындауға болады. Ал қайтыс болған жақын адамның аккаунтын мына сілтеме арқылы өтіп жоюға болады.

Бұл үшін де өз туыстық жақындығыңызды және пайдаланушының қайтыс болғанын растау қажет болады. Бұдан басқа, Facebook қаза тапқан азамат өз парақшасында бөліскен материалдарды да ұсына алады.

Кей жағдайларда аталған желінің әкімшілігі аккаунт немесе материалдар туралы қосымша ақпарат алуға жолданған ұсынысты қарастыруы мүмкін. Ол үшін сіз құзырлы тұлға (мысалы, отбасы мүшесі) екеніңіздің дәлелі немесе сот бұйрығы қажет. Бұл өтінішті мына жерде рәсімдеуге болады.

Одноклассники сайтының әкімшілігі қаза тапқан адамның парақшасын туыстардан жолданған арнайы өтініш бойынша ғана жоя алады.

Сіздің сұрауыңыз қанағаттандырылуы үшін қайтыс болған адамның парақшасына сілтеме, сондай-ақ, жолданған хатқа қоса тіркелген кісі өлімі туралы куәлікті де ұсыну қажет. Егер, сілтемені таппаған жағдайда, пайдаланушының аты-жөнін, жасын, тұрған қала атауын жазуға болады.

Мұндай өтінішті мына сілтеме арқылы толтыруға болады. Алайда, мұндай қайғылы жағдай орын алса да, сайт әкімшілігі сізге қайтыс болған адамның парақшасы жайлы ешқандай ақпарат, логин мен құпиясөзді де ұсынбайды.

Сонымен қатар, Вконтакте әлеуметтік желісінің әкімшілігі де туыстардан жолданған өтінішті қарастыра алады. Мәртебені растау үшін кісі өлімі туралы куәліктің фотосуретін немесе көшірмесін ұсынып, оны сәйкес үлгіде қолдау көрсету қызметіне жолдау қажет. Бұл әрекеттердің барлығын мына сілтеме арқылы орындауға болады.

Twitter пайдаланушысы қайтыс болған жағдайда сайт әкімшілігі оның есептік жазбаларын өшіре алады. Ол үшін қолдау көрсету қызметіне оның құқық мұрагері немесе жақын туысы хабарласып, өзінің тұлғасын растауы керек және өтінішті мына сілтеме арқылы жолдай алады.

Өтінішті жолдағаннан кейін әкімшілік сізге қосымша ақпараттарды ұсынуыңыз үшін нұсқаулықты сіздің электрондық поштаңызға жібереді. Бұл жағдайда пайдаланушыға ол ақпараттардың құпиялылығы және қаралғаннан кейін барлық құжаттың жойылатынына кепілдік беріледі.


Просмотров материала: 2 282

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 279 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 072 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 014 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 997 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 867 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 061 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 729 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930