27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Созақ деген атау қайдан пайда болды?

02 апрель 2018, 8:04
Қазақстан – біздің Отанымыз, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда он төрт облыс және сексеннен астам қала бар. Қазақстан –Еуразия материгінің жүрегі, дәл ортасы. Бүгінгі таңда Қазақстанды әлем таниды. Осынау кең байтақ республиканың бір бөлігінде менің туып өскен жерім – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы орналасқан.

Егер де, қазақтың жағрапиялық картасына көз салсаңыз, менің туып өскен жерім Созақ мемлекетіміздің шығысы мен батысын жалғап жатқан омыртқа тәрізді. Созақ ауылының табиғаты өте әдемі. Созақ алғаш 1928 жылдың жазында өз алдына аудан болып құрылды.

Өткен 90 жыл ішінде халқының еңбекқорлығының арқасында Созақ ауданы көркейіп, экономикасы өркендеп, бүкіл Қазақстанға танымал болды. Созақтың Қаратау сілемдерінің теріскейінде орналасуы оны көптеген жаугершіліктен, басқыншылықтардан сақтап қалған. Себебі ұрыс-керіс, таққа талас, басқыншылық жорықтары Қаратаудың күнгейінде жиі болып тұрған.

Армения патшасы Бірінші Гектум 1254 жылы Моңғолияға барған сапарында Қаратаудың солтүстік етегінде жатқан Саудакент, Шолақорған, Созақ, Ақсүмбе сияқты қалалар мен елді мекендерінен өткендігін жазған. Біздің өңірді адамдар ерте мезолит пен неолит дәуірінде мекендегендігі жайлы мәліметтер Бүркітті өзені, Қойтас сайы, Жуантөбе, Тасты ауылы маңдарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.

Созақ өз тарихында бірнеше хандықтың ордасы болған. Ұлы Жібек жолының Теріскейдегі өте дамыған сауда орталығына айналған. Сауда-саттықпен айналысу мақсатында көптеген өзбектер Қоқаннан, Бұхардан, Қашқардан, Түркістаннан, Сунақ және Қарнақтан Созақ пен Шолақорған шаһарларына қоныс аударған екен.

Созақ жерінің тарихын айтқан кезімізде «Созақ» сөзінің атауына да мән беріп кетуіміз керек деп ойлаймын. Себебі, Созақ жері қасиетті жер, мұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналған Созақты неше түрлі аңыздар кезіп жүр. «Созақ» сөзі ескі кітап жазбаларында да кездеседі және онда ол Хунзак Туркте «Ұзақ Жер», «Ұлы жер» деген мағынаны білдіреді.

Ескі түркі тілінде Созақ "Халық тұратын мекен", "Манзилгох" деген мағынаны білдіреді. Бірақ, Созақ атауының қалай шыққандығы туралы нақты деректер жоқ. Созақ шаһарының атауының шығуы жайлы жергілікті тұрғындар арасында мынадай аңыз таралған.

Ертеректе Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы саздың бетінде көлшік болып су жатқан. Қарт-қариялар ХХ ғасырдың орта тұсында бұл су біршама азайғанымен оның сақталғандығын, ол суға көктем айларында құстар ұшып келетінін айтады.

Сондай-ақ бұлақ көздері де көп әрі мол сулы болған. Жергілікті халық саз бетіндегі суды «Зәк суы» - дейді. Осыдан «суызәк» деген сөз пайда болып, ол «Созақ» атауына айналған болуы мүмкін деп топшылайды.

Осындай тарихы терең, табиғаты көркем Созақ ауылында Қара Бура әулие кесенесі орналасқан. Түркі тектес халықтардың әулие тұлғасы Орта Азияға Ислам дінін уағыздауға елеулі ықпал еткен сахарадағы әскери ақсүйектерінің абызы Қара Бураның тарихымызда алатын орны ерекше.

Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура әулие "түйем шөккен жерде дүниеден өтіп, жерленемін" деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден өткен деседі.

Ол аса кейін көгеріп, үлкен ағашқа айналады. Дауласқан 2 жақ шындыққа жету үшін осы Қарабура ағашының шыбығын кесейік дейді екен. Өйткені Қарабура әулие ағашының шыбығын кескенде одан қан тамып, өтірік айтып, өміріне ант ішкен болса, ол адам кеміс болады немесе тіптен өліп те кетеді деседі.

Сондай-ақ Созақ ауданынан Б.Батырбекова, Е.Өмірбеков, Л.Омарова сияқты прозашылармен қатар, Я.Амандықов, Ж. Мейманов, М.Омаров сияқты сазгерлер және С.Тәбірізұлы, Р.Жаппарқұлов сияқты зерттеушілер, Шәді Төре сияқты тұлғалар шыққан.

Шәді Жәнгірұлы 1855 жылы Созақ жерінде дүниеге келген. Оның шығармалары Тәшкент, Қазан, Орынбор қаларында басылып шыққан. Шәдінің «Назым Гаухар дәруіш», «Хикаят Халифо һарун – ар Рашид», тағы басқа шығармалары ел арасында кеңінен таралған. Ақын 1933 жылы дүниеден қайтты.

Міне, Созақ ауданынан осындай тұлғалар шыққан. Халқымыз «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекер айтпаған. Менің туып өскен жерім – Созақ ауылы. Созақ ауылы мен үшін қашанда ыстық, қымбат, өте керемет, табиғаты тамаша ауыл, мұнда еңбекқор адамдар тұрады. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің туып-өскен, доп қуалап, балалық шақтарын өткізген туған жерін, елін құрметтеп, қастерлей білсе дейміңн. Созақтың тарихы терең.

Мұқағали Мақаев атамыз:
«Қарасаз менің алтын бесігімдей,
Бір күндік өмірімнің бесініндей.
Сенен татқан алғашқы бие емшегім
Өмірімнің тұңғыш берген несібіндей»
деп өзінің туған жерін жырлағандай, мен де өзімнің туған жерім Созақ ауылын:
«Киелі менің Созағым
Тарихың терең, құнды екен
Бір өзіңсің жыр әнім
Туған жерім Созағым»
деп, өзім жазған өлең сөзбен жырлағым келеді.

Созақ ауылында менің алтын ұям – Науайы мектебі орналасқан. Мен қазір осы №3 Науайы мектебінде оқып, білім алып жатырмын. Мен туған жерімді жақсы көремін және қастерлеймін.

Созағым
Туған жерім Созағым, аты әйгілі
Еңбекпенен гүлденген әр бір жері
Созағым, киелі жер, құтты мекен
Жырлап өтем, өлгенше жырымменен
Созағым, киелі жер, қымбаттымсың
Өзіңді жырлап өтем, сүйемін шын.



Динара МҰРАТБЕК
7-сынып оқушысы
Науайы атындағы жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы
Созақ ауылы
Жетекшісі: Манзура Абдырахманова
Просмотров материала: 12 366

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 422 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 240 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 213 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 157 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 139 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 112 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 626 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 775 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930