25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аружан Саин өтірік айтады, қызымның дені сау - денесінен ине табылған қыздың әкесі

31 март 2018, 9:58
Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар қыздың денесіне ине шаншылған деген ақпаратты бүгін ата-анасы жоққа шығарды. Түркістан қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен тұрғындар әлеуметтік желіде тараған жағымсыз ақпаратқа қатысты мән-жайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Мейірім» еріктілер қоғамы» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында ОҚО-да 2011 жылы туған Айна есімді қыз туралы жазба жариялаған болатын. Онда ол жеткіншектің үйінде үнемі қорлық көретінін айтып, 2016 жылдың қаңтарында «ДОМ» қорына қыздың әкесі баланың күйіп қалған ас қорыту жолдарын емдеу үшін шетелге жіберу туралы өтінішпен жүгінгенін жеткізген.

Оның айтуынша, қор қызметкерлері шетелдік клиникаларға хабарласқан. Бірақ ұсынылған қорытындылар медцина қызметкерлерінің төбе шашын тік тұрғызған. Бүлдіршіннің денсаулығына үнемі зақым келіп отырған. Бала бір жасында бас-ми жарақатын алған.

Бір жарым жасында тамағына ине тұрып қалып, кейін ас қорыту жолы, аузы мен мұрны күйіп қалған. Оған қауіпті сұйықтықты күштеп ішкізген. Бала содан бері зонд көмегімен тек сұйық тамақ қана ішеді. 5 жасында оның салмағы 8 келіден сәл ғана асқан.

2 жас сегіз айлығында бүлдіршіннің арқасы мен кеудесіне ине тыққан. Олардың бірнешеуін алу мүмкін болмаған. Эзофагит, пневмония, гепатомегалияға шалдыққан. Қор бас прокуратураға арыз жазып, кейін емделуге Үндістанға жіберу үшін Алматыдағы ҒЗИ республикалық клиникасына жатқызуды талап еткен.

Алайда Айнаның әкесі шетелдегі емді қабылдаудан бас тартып, Қазақстанға оралған. Қыздың әкесі қордың прокуратураға жүгінгеніне ашуланып, хатты қайтарып алуды талап еткен. Қоғам белсендісі осы мәселеге орай құзырлы органдарға хабар бергенімен нәтиже шықпағанын айтқан болатын.

Кеше осы мәселеге орай қыздың ата-анасы мүлдем басқаша уәж айтты. Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген жеткіншектің әкесі тіпті Аружан Саин таратқан ақпардың 90-пайызын теріске шығарды.

«Менің нөмірім ауысқан емес және ешкім бұл тақырыпқа хабарласқан жоқ. Аружанға өзіміз хабарлассақ телефонын әрдайым көмекшілері көтереді, оған шығу мүмкін емес және қызымның салмағы мен жағдайына қатысты ақпараты да жалған»,- деді әкесі.

Өз сөзінде ол қызының басынан ине алынып, өңеші күйгенін растады. Алайда бүгінде 7 жастан асқан қызының салмағы 16 кг 800 граммды құрайтынын, дәрігерлік тексеруде болғанын атап өтті. Тіпті белсенді билеп, есеп шығарып, жақсы жүргенін хабарлады. Ал, қор басшысының айтқанын жала деп отыр.

«Қордың көмегі қатты тиді деп айта алмаймын. Ол кісінің «әкесі де хабарсыз, қыздан хабары жоқ. Қыз өліп қалуы мүмкін» деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді. Қордың бірнеше қызметкерімен әлі күнге дейін байланысып отырамын. Бұл маған жабылып жатқан жала сияқты.

Ол кісінің айтып жатқан нәрсесі дұрыс емес. Мен өмірде бармын, өмір сүріп жүрмін. Қызға 2016 жылы Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы институтында ота жасалды. Қыздың дені сау, Құдайға шүкір.

Қордан өңеші күйген қызыма көмек сұрап, емдетуін сұрап отырсақ, бізге проблема жасап берді. Бір жарым жыл тергеуде жүрдік. Өткен жылдың наурыз-сәуір айында ата-ана құқығынан айырылмасын деген сот шешімі шықты»,-деді бүлдіршіннің әкесі.
Просмотров материала: 3 165

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 197 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 018 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 989 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 930 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 911 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 031 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 555 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 703 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930