24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Олар қаланы көркейтіп, тазалығын күзетеді

29 март 2018, 3:34
Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды.

Өзінің төл туындысына балаған Астана қаласы туралы Елбасы Н.Назарбаев «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  - 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді" деп жазады.

Елбасының "1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын» деген сөздері тағы бар.

Уақыт бір орында тұрмайды. Қала күннен-күнге өркендеп, дами бастады. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атаққа лайық деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.

Табиғаты жағынан Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Жазы қоңырсалқын. Самал желі мен таза ауасының өзі қандай!

Жапан далада пайда болған көрікті қала - орасан зор еңбектің жемісі, ой мен білектің жеңісі. Қаламыз өзгеріп, құлпыра түсуде. Бұл іске үлес қоспаған мамандық иелері кемде–кем болар. Елбасының өзі бастап, басшы, ұйымдастырушы аға-апаларымыз, сәулетшілер, дизайнерлер, құрылысшылар - барлығы дерлік бірінен-бірі қалыспай, әсем қаламызды одан әрі дамытып, көркейтуге ұмтылуда.

Олар мақтауға, үлгі қылуға лайық ардақты адамдар. Тіпті егер мен мүсінші болсам, елбасына, архитекторларға, сәулетшілерге арнап түрлі мүсіндерімді қашап, қаланың әдемі жерлеріне, саябақтарға қояр едім. Алайда менің кейіпкерім де осал адамдар емес.

Олар - қаланы көркейтуші, қалаға әр беруші жандар. Олар - ауа-райының нөсер-жаңбырына, желі мен қолайсыздығына қарамастан қолына күрегін алып, көшеде ағаш, гүл отырғызып жүретін апай мен ағайлар. Еш шаршамастан, қабақтарын да шытпастан, өзара әңгімелерін айтып, күлісіп қойып, жұмыстарын жасап жүреді.

Сабаққа барар, келер жолымда батыр бабам Бауыржанның атындағы даңғыл бойын жыл бойы сәндеп, күстенген, ертерек әжімденген қолдарымен әрбір ағашты түптеп, түрлі-түсті гүлдерді отырғызып, жүреді. Өз істерінің маңыздылығын сезініп, шаршаған кезде бойларын тіктеп, шалқайып тұра қалады да, кішкенеден соң жұмыстарын қайта жалғастыра жөнеледі.

Әрине, олардың жұмыстары маңызды. Себебі таңертең жұмысқа, сабаққа карай бет алған әрбір адамның көңіл-күйі көшедегі әдемілікті көріп, көтерілері сөзсіз. Тіпті кешке қарай да жұмыстан шаршап келе жатқан адамдардың жол бойындағы орындықтарға отыра қалып, әдемі гүлдерді тамашалап отырғанын өзім де талай байқағам.

Қазіргі кезде мамандықтың түрі көп. Ғылым мен техника дамыған сайын кәсіптің түрі де көбеюде. Ежелден бері келе жатқан дәрігер, мұғалім, заңгер (бұрын олардың қызметін би, төрелер атқарған), наубайшы, бақташы дегендеріңізден өзге мыңдаған мамандық түрлері пайда болды.

Кейбірі атауларын ғана өзгертті. Мысалы бір сауданың айналасында ғана маркетолог, PR-менеджер, логистик т.т. мамандықтар пайда болды. Алайда біз кім болсақ та, қай мамандық иесі болсақ та, біз - әсем Астананың тұрғынымыз. Бір қаланың ауасын жұтып, әдемі саябақтарын тамашалаймыз.

Қуанышымызды да, сырларымызды да көшедегі әдемі орындықтарда отырып, әдемі гүлдерге қарап отырып бөлісеміз. Шаршағанымызды басып, мұңайған көңілімізді көтереміз. Ендеше бәріміз де осы әдемілік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жандарға қарыздармыз деп ойлаймын.

Тоғжан АМАНБАЕВА
10 Б сынып оқушысы
№70 мектеп-лицей
Астана қаласы
Жетекшісі: Жанар Айжарықова
Просмотров материала: 1 807

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 018 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 841 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 812 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 750 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 732 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 478 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 968 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 497 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 647 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930