26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Несие алатын кезде нені ескеру керек?

28 март 2018, 15:48
Қарызға алынған қаражат кез келген мәселені тез шешуге көмектеседі. Бірақ алған қарызымыз бас ауруына айналмас үшін оны дұрыс рәсімдеу керек. Әдетте қазақстандықтар ақша жинауға уақыт тығыз, ал ақша шұғыл керек болғанда ғана қарыз алады. Мысалы үйлену тойы, медициналық қызмет, автокөлікті, тұрмыстық техниканы немесе үйді жөндету дегендей.

Туыстарыңнан немесе таныстарыңнан пайызсыз қарыз алу өте тиімді амал, алайда кейде ол мүмкін емес. Мұндай қарыздардың мерзімі көбінде бірнеше айдан аспайды, бірақ сол аралықта туыстарыңмен арақатынасыңды суытып алуың мүмкін.

Сондықтан көп адам банкке немесе баламалы кредит түрлерін ұсынатын сервистерге жүгінгенді дұрыс көреді, бұл жағдайда қарыз туралы көп адам біле бермейді, сондықтан қарыз алған адам да ыңғайсызданбайды.

Жалпы, банк барлық адамға бірдей несие тарата бермейді, барлық банктік рәсімдеу шараларынан өту де соншалықты ыңғайлы емес. Тұрақты жұмыстың жоқтығы, зейнетақы қорына аударып жатқан ақшаң болмаса, банктің басқа да талаптарына сәйкес келмесе немесе жай ғана уақыт табылмаса, осының өзі кей қазақстандықтардың банктен несие алуына мүмкіндік бермей, жолын жауып тастайды.

Сұраныс пайда болғанда оған нарық та өзінше тиісті жауап береді. Яғни онлайн-сервис түрінде. Мұндай несиені бірнеше минутта рәсімдейсің. Мұндай тұтынушылық серпіліс бір жағынан экономикалық тұрғыда тиімді болса, екінші жағынан — өзіңді бүкіл әлем халқының басына төнетін ағат іс-әрекеттерден қорғамасаң, бармақ тістеп қалуың мүмкін.

Қарызға ақша алатындардың ең жиі жол беретін қателіктері мыналар:

- Несиені басқа адамның өтінішімен соның атына рәсімдеу.

Онлайн-несие беретін қаржылық-технологиялық компаниялар бүкіл трансакцияларды техникалық қорғауды қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік сертификаты, скоринг жүйесі және қорғаныс антифроды адал тұтынушыларға көмектеседі. Дегенмен, адамның өзі ұтылуы мүмкін.

Жеке куәлік нөмірі, жарамдылық мерзімі, ЖСН, ақша аударылатын банк карточкасына қатысты құпия ақпараттар (ПИН-код, CVV-код, интернет-банкингтің паролі, картаның жарамдылық мерзімі) сияқты мәліметтерді ешқашан ешкімге айтуға болмайды.

Тіпті, өз жақындарыңызға толығымен сенген күннің өзінде де жеке мәліметтеріңізді басқа адамның білетіні келешектегі алаяқтық қаупін өсіріп жібереді.

- Несие алуға өтініш беретін кезде жіберілетін қателіктер

Өтініштегі қателіктер, мысалы фамилия немесе жеке куәлік нөмірі, ЖСН дұрыс жазылмаса, ұйым несие беруден бас тартуы мүмкін. Қолданушы қалдырған барлық ақпарат қайта тексеріледі, сондықтан кез келген қателік бірден көзге түседі.

Тек қана сенімді ақпараттарды жазған дұрыс. Баламалы несие беру сервистері әдетте табыс туралы анықтама сұрамайды, дегенмен түрлі саладағы жалақы көлемін анықтау қиын емес, егер қолданушы өзінің табысын әдейі жоғарылатып көрсетсе, оны компаниялар лезде тауып, оп-оңай біліп қояды. Скоринг жүргізу кезінде бұл өтірік қарыз алушының рейтингіне кері әсер етеді.

Естеріңізде болсын, табыс және шығын туралы мәліметтер клиентке берілетін несиенің сомасын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді, сонда клиенттің де кредит төлейтін кезде қалтасы қағылып, қиналмайды.

- Ақша алатын кезде клиентітң өз шама-шарқына қарамауы

Онлайн-несиеге де банк несиесіне қарағандай өте үлкен мән беріп, қарау керек. Егер тұтынушы ол ақшаны не істейтінін нақты білсе және сервис қызметтеріне дайын болса, ол онлайн-сервистердің жылдамдығы мен ыңғайлылылығына риза болса керек.

«Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген сөз бар, сондықтан несие рәсімдеудің алдында өз қаржылық мүмкіндіктеріңді саралап, салмақтап алу керек. Сол кезде қиын болмайды. Мысалы жалақыңыз уақтылы қолыңызға тимесе, кешіктіретін болса, ай сайын төленетін жарнаны соңғы сәтке дейін созып жүрудің қажеті жоқ.

Одан да қажетті соманы алдын ала дайындап қойыңыз. Сондай-ақ несиені төлеуге шамаңыз жетпейтінін, қалта көтермейтінін білсеңіз, қарыз алмаңыз. Несиенің біз ұсынатын көлемі ай сайынғы табысыңыздың 35%-ынан аспауы керек.
 
- Несиенің қажет екеніне сенімді болмау

Қазақстанда несиеге алынатын дүние-мүліктер жеткілікті, мысалы жаңа мәшинені де, ескісін де несиеге алуға болады, сонымен бірге ұялы техника, әшекей бұйымдар, тіпті киімді де қазір несиеге беретін болған. Яғни, халықтың барлық топтары тұрақты түрде несиеге зат сатып алады. Сұраныс бар.

Дегенмен, жай ғана сәнді гаджетке қызығып, мойныңа қарыз жүктеу қауіпті болуы мүмкін. Арманыңдағы құрылғыны қолға түсіруге деген құлшыныс парасатты шешім қабылдауға кедергі жасасаса, ол дұрыс емес. Бұл жерде «Жеті рет ойлап, бір рет кес» деген нақыл дәл келіп тұр.

Solva.kz басқарушы директоры Алина Дзоекаеваның сөзіне құлақ салсақ, халық онлайн-сервистердің көмегіне жүгінгенде түрлі мақсатты көздейді.

Біреулер, мысалы, басқа банктегі несиесін қайда қаржыландырғысы келеді, тағы біреулер жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алсам немесе жөндетсем дейді, енді біреулер медициналық немесе білім қызметтерінің ақысын төлемек, түрлі іс-шара ұйымдастыру үшін несие алатындар да бар.

Алайда онлайн-несие мен банк кредитінің арасындағы айырмашылықты түсіне білу керек. Кей мақсаттар мен онлайн-несиенің форматы бір-біріне сәйкес келмейді. Сарапшының пікірінше, көп жағдайда несие алушылар қателік жасайды — олар өз мүмкіндіктерін мұқият саралап алмай, тағы қандай қызметтер бар екенін нақты түсініп алмай, асығыстық жасайды.

«Мәселен кір жуатын мәшинені жөндететін кезде немесе тісіңді емдеткің келгенде, болмаса жедел түрде тиімді бағамен бірдеңе сатып алатын ойың болса, бұл жағдайда қысқа мерзімді несие алған жөн», - дейді А. Дзоекаева.

Ол сонымен бірге, автокөлік сатып алатын кезде қаржылық-технологиялық компаниядан онлайн-несие алған тиімді еместігін алға тартады. Мүмкін, көліктің құнына аздаған сома жетпей тұрса, несие алуға болатын шығар. Бірақ көліктің ақшасын тұтасымен онлайн-несие арқылы алудың қажеті шамалы.

Яғни, ұзақ уақытқа және көп ақша керек болса, банкке жүгінген дұрыс. Дегенмен, өтінішті қарауға біраз уақыт кетеді, одан бөлек құжаттар жинайсың, тіпті қосалқы қарыз алушы керек болуы да ғажап емес.

Ал енді шағын ғана сома қажет болған кезде және құжат жинауға уақыт аз болса, қаржылық-технологиялық компаниялардың қызметін пайдаланған жөн.
Просмотров материала: 6 010

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 389 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 208 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 179 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 123 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 107 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 877 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 099 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 615 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 763 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930