27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қайраңдап қалған кемелеріңе қарап, жаным ауырады, қарт Каспий...

27 март 2018, 9:24
Туған өлкем... Туған ауылым... Не еткен киелі жер едің?! Кіндік қаным тамған жерім туралы ой толғағанда, жан-дүниеңнен балқып шығар ыстық сөздермен ой шертіскенде, қалай ғана толқымассың?! Жүрегім дүрс-дүрс соғады. Бұл жұдырықтай кішкене жүрегім елім, ауылым деп соғады. Бұл жүрек қайғы мен қорқыныштан емес, шаттық пен қуаныштан соғады.

Киесі мен құты бірдей дарыған мекенім – Түпқараған ауданы, Аташ кенті. Мен дүниеге іңгәлап келгеннен шұғылаға толы шуағын, жарық күні мен жұлдызын, толықсыған айы мен нұрлы сәулесін сыйлаған құт мекенім ғой ол менің. Алғаш басқан «тәй-тәйім», нұрлы күннен қуат алып, былдырлап шыққан бал тілім, алтын ұям - мектеп табалдырығын аттаған қуанышты сәттерім, бәрі-бәрі осы ауылымның киелі топырағанда өтті.

Аташ ауылы - тарихи деректерге толы Түпқараған ауданына қарасты елдімекен. Мен үшін ауылдың тыныс-тіршілігін, маңызды мәселесін толғау - зор мәртебе. Өйткені осы өңір сырға да, жырға да толы.

Табиғаттың өзі сыйға тартқан ауыл іргесінде тулаған қарт Каспийімнің де тіл бітірсе айтары көп. Ауылдың тау бөктерін қоршап, толқындары ышқынып жағаға ұрып жатқан кәрінің адамзатқа жеткізе алмай жатқан сырлары да мол-ау! Әйткенмен қолымнан келер шарам бар ма?

Ешкім түсінбес тіліңді мен жүрегіммен тыңдап отырмын, айта бер, айдыным! Қарт Каспий, байлығыңа көз салғандар тұнығыңды лайлады ма? Жадау тартатының содан ба? Құрғап барасың, әттең, бірақ сенің көз жасың құрғар емес. Сені азабыңнан құтқарар жандар бар ма? Пенделер бекірең мен сазаныңды дамылсыз ұрлағанына қынжыласың-ау?!


Сызыла ұшатын аққуың қайда? Айдыныңа олар келіп қонғанда тамашалаушы едік. Қайраңдап қалған кемелеріңе қарап, жаным ауырады. «Жағаны босатыңдар!» дегендей толқындарың ышқына келіп, соларды соғады. Қаспийім, жабырқамашы, жасқанбашы! Сенің көк айдының әлі-ақ тазаланар, әлі-ақ қалпына келер... Сенің жағаңда өмір сүретін балаңның бірі болсам, кесек тастарға, кесел әрекеттерге жол бермеуге сөз беремін.

Туған ауылымның төл перзенті ретінде мені ойландырып жүрген мына мәселеге де қоғам болып атсалыссақ деймін. Аташ пен аудан орталығының арасында үлкен сор бар. Үлкендердің айтуынша, әуелде ол жерде жыңғыл ағаштары өскен екен.

Кейін оны халық кесіп, соғыс жылдарында отынға пайдаланған. Жауын-шашын көбейгенде үлкен көлге айналады, ал жазда кепкен сордың орнында тұз жиналып, үйіліп жатады. Осы тұз біздің сорымыз ба деймін. Соңғы жылдары ауылымызда өт, бауыр, бүйрек ауруларының көбеюіне сордың тікелей әсері бар деген де болжам бар.

Ауылдың қымбат байлығы – адамдар ғой. Мен осы мәселенің ушықпай тұрғанда шешілуін қалаймын. Өмірді бүгінгімен өлшеп, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды ғана қанағат тұтсақ, ертеңгі ауыл болашағы қандай болмақ? Ж.Әбдірашев «Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» деген екен.Ауыл - әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темір қазығы. Себебі, қазақтың салт –дәстүрі, қазақтың қаны мен жаны сол ауылдан басталады.

Сен де кеттің, мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау,
Ұят болды-ау қауымнан! …
Момын жұрттың, арқа сүйер, азаматы біз едік
, – деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, шынымен де, болашағынан зор үміт күткен ауылдың арқа сүйер азаматтары қалаға жаппай көшіп жатса, жаның қалай қынжылмасын?!

Әрине, оларға да кінә тағуға болмайды. «Туған жерім - тал бесігім» деп іліп істер кәсібі жоқ жерде, құрдан-құр қол қусырып қалай отырсын? Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз - кең-байтақ, дархан даламыздың, ауыл-анамыздың перзенті.

Ауыл-ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан жоқ па? Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын арнаудан аянды ма?

Алайда уақыт өтіп, жылдар жылжи келе ауылдағы бұрынғы жалындаған жастардың қатары сиреп барады. Біреулер қалаға білім қуып кетсе, енді біреулер екі қолға бір күрек іздеп, жұмыс істеу үшін кетеді. Қайда барса қалмайтын, шешімін бір таппайтын осы жұмыссыздық мәселесі - жастардың ауылда тұрақтай алмауының басты себебі.

Саналы ғұмырын өзінің кіндік кескен ауылында өткізіп, еңбек еткен азаматтың өзі: «Мен бірінші ата-анама, екінші туып-өскен ауылыма қарыздармын» дейді. Мен де өскенде архитектор болғым келеді. Сөйтіп әсем және түрлі ғимараттардың сызбасын сызып, ауылымды көркейтем деген ойдамын. Сонда ғана туған жерімнің алдындағы қарызымды өтей алармын.

Дилнұр ТҰРҒАНБАЙ
8-сынып оқушысы
Жалау Мыңбаев атындағы
мектеп-гимназия
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Аташ ауылы
Жетекшісі: Анар Төлеуова
Просмотров материала: 2 626

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 448 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 267 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 239 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 184 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 165 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 120 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 634 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 782 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930