20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сексеннен асқан қария ешкі бағып, отбасын табиғи өніммен қамтып отыр

19 март 2018, 11:11
Сексен жастағы қостанайлық Сәулима Ахметова мал бағып, бала-шағасын ет-сүтпен қамтамасыз етіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнеткер Сәулима Ахметова ала жаздай сүт, айран, құрт-ірімшік іздеп, дүкен аралап көрген емес. Самайын әлдеқашан аққырау шалған қария әлі тың, қимылы ширақ. Ешкі бағып, сүтін сауады. Ауласында шағын қорасы бар. Ата кәсіппен шұғылданып келе жатқан ол былтыр сексен жасқа толды.

«Қолымдағы он-он бес шақты ешкім жыл он екі ай ермек. Жазда қаймақ-май үзілген емес. Қыста жылы қорада ұстап, жем-суын уақытылы беріп отырамын. Бір жағынан, қимыл-қозғалыссыз отыра алмаймын. Қаланың шет жағында тұрғандықтан, көк шыға сала ешкілерді бір мезгіл сыртқа бағып келемін. Мал жайып жүріп, көршілерімді көремін. Әңгімелесіп, уақыттың қалай өткенін білмей қаласың», - дейді кейуана.

Бұл кісі әр ешкінің жайын жақсы біледі. Біріне тәтті ұсынып, енді біріне өз қолымен нан беруі -күндегі әдеті. Ауылдан көшер кезде ешкілерін өзімен кірге ала келіпті. Қазір түліктер түгел лақтады.

«Осы жасқа келіп, ширақ жүруім тынымсыз еңбек, таза тағамның арқасы. Жұмыстың жаманы жоқ. Адам кез келген жұмысты бастарда бар ынтасымен кірісуі керек. Қалада тұрып та мал ұстауға болады. Бір жағынан, ешкі малы өсімтал, тез көбейеді. Күніне екі рет сауып аламын. Олардың әрқайсысы 1,5-2 литрден сүт бергеннің өзінде күніне 1 шелек шығады. Ешкі сүті жеңсік ас, оның емдік қасиеті де мол», - дейді Сәулима әжей.

Мамандардың сөзінше, ешкі сүті - А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микроэлементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім.

«Бұл үй жануарының сүтін сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сынығы бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. Ешкі сүтінде аллергиялық реакциялар тудыратын ақуыз жоқ. Сондықтан аллергиясы бар балаларға ешкі сүті таптырмас ем. Әсіресе, асқазан ауруларына, анемияға, көздің нашар көруіне, диатезге пайдасы мол», - дейді облысқа танымал ардагер-дәрігер Мұхтар Бөрібаев.

Сексеннен асқан Сәулима Ахметова кейінгі буын ата кәсіптен қол үзіп қалмаса екен деп тілейді. Сол үшін де балалары қалаға көшіріп әкелу жайлы айтқанда: «Мал ұстайтын қора-жай болса ғана барамын», - деп талап қойыпты.

Қазір ол бір өзі үш отбасын құнарлы, табиғи тағаммен қамтиды. Артылғаны - көрші-қолаңның несібесі. Сәулима әжей адал еңбек түпкі мақсатқа жеткізетіндігін кейінгі ұрпақтарына ұдайы айтып отырады.
Просмотров материала: 2 976

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 694 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 517 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 486 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 421 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 404 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 734 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 289 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 439 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930