24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстауда Амал мерекесі кең көлемде тойланды

14 март 2018, 19:50
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ынтымақ пен Бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам – Амал мерекесі тұңғыш рет республикалық деңгейде аталып өтілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мәшһүр-Жүсіп (Павлодар), Абай-Шәкәрім (ШҚО), Қорқыт ата (Қызылорда), Қожа-Ахмет Иассауи (ОҚО), Ақмешіт (ОҚО), Сарайшық (Атырау), Бекет ата (Маңғыстау) кесенелерінің және Ұлытау кешені (Қарағанды) шырақшыларының қатысуымен, еліміздің әр аймағынан келген 3 жүздің ұрпақтары мен ресми делегация Отпан таудың бауырында бас қосып, Бірлік отын жақты.

Ынтымақ пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу тарихи сәтінде Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, халықты Амал мерекесімен құттықтады.

«Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деген. Қазаны оттан, азаматы аттан түспеген қазақ елінің өркениеті мен тарихы Маңғыстауда әр жусанның түбі мен бетегесінің биігінде сайрап жатыр. Бұл қасиеті сүт бетіндегі қаймақтай бұзылмаған киелі Маңғыстаудың шырайы. Қазақстанның ешбір өңірінде тойланбайтын бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мерекеде кең құшақтар айқара ашылып, төс тоғыстырып, алыс-жақын көрісіп, бар өкпе-наз кешіріледі. Тегін ұмытпау тектіліктің белгісі. 2 күнге жалғасатын осынау игі іс-шараның басы-қасында жүрген барша азаматтарға, Құнанорыс ұрпақтарына алғыс айтамын. Амалдан амалға аман-есен жете берейік, ағайын!» - деді өңір басшысы.


2008 жылдан бері Амал мерекесін барлық сән-салтанатпен Отпан таудың басында тойлау үрдіске айналды. «Амал -2018» мәдени көпшілік шарасының мақсаты – халық бірлігін және тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

2 күнге жалғасқан бағдарламада «Амал мерекесі – рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Армысың, Амал!» атты облыс жыршыларының қатысуымен жыр кеші өтті. Қатысушылар Аударыспақ, Құнан жарыс және Аламан бәйге сынды қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасты.

60-тан астам киіз үй тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсетті. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, жүлделерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы берілді.


Мерекелік шарада «Шашу боп жырым шашылсын» Республикалық жыр мектептері өкілдері (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай мектептері) мен «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлерінің қала, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасы ұсынды. «Амал-2018» аясында «Аялы ағаш – саялы» тал отырғызу акциясы өтті.

Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада Қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысты бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, қолөнер және түрлі тақырыптағы көрмелер жұртшылыққа таныстырылды.
Просмотров материала: 2 472

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 095 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 918 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 888 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 828 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 809 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 722 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 851 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 993 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 519 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 670 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930