28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Орамалын шешпеген оқушылар келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін

Ақтөбе облыстық білім басқармасы орамал дауына орай мектепке келмей отырған оқушыларды келесі сыныпқа көшірмеуі мүмкін, дейді azattyq.org. 13 наурыз күні облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, басқарма қазір бұл мәселеге орай білім министрлігімен кеңесіп жатыр.

Ләззат Оразбаеваның дерегінше, қазір облыста "мектеп формасын сақтамағандықтан" сабаққа қатыса алмай отырған 72 бала бар. Оның басым бөлігі Ақтөбе қаласындағы орта мектептердің оқушылары. Ақтөбе облыстық білім басқарамасы басшысы бұл мәселе әсіресе Алға және Мұғалжар аудандарында өзекті екенін айтты.

- 2018 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша, облыс мектептеріне орамал тартып келетін 340 оқушы бар болатын. Бүгінге дейін 268 оқушы орамалдарын шешті. Орамалын шешкісі келмеген 32 қыз бала қоныс ауыстырып, қазір Алматы мен Шымкентте оқып жүр, - дейді Ләззат Оразбаева.

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов мектеп формасын сақтамай отырған 72 оқушының 16-сы ғана бәлиғат жасына толған қыз бала екенін айтады.

- Осыдан екі тәулік бұрын Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына орамал дауына қатысты 200-ге жуық ата-ана қол қойған үндеу түсті. Осыған дейін бұл үндеу интернетте жарияланған болатын. Онда Ақтөбеде дін ұстанушыларға қысым жасалып жатқаны туралы айтылады. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін! Тәуелсіздік алған жылдары облыста екі мешіт бар болатын. Қазір олардың саны 67-ге жетті. Біз ешкімнің діни наным-сеніміне қол сұққан емеспіз. Бірақ зайырлы мемлекеттің оқушысы мектеп қабырғасында мектеп формасын сақтауға міндетті, - дейді ол.

Ақтөбе облысы бойынша білім саласын бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанат Мұхамбеталинаның айтуынша, осыған дейін баласы мектеп формасын сақтамаған 18 ата-анаға 5 айлық есептік көрсеткішке тең (12025 теңге) айыппұл салынған.

Айыппұлдарын төлегеннен кейін бес ата-ана балаларын мектепке орамалсыз жібере бастаған. Департамент баласы мектеп формасын сақтамайтын тағы үш адамның құжаттарын тексеріп жатыр. Оларға да айыппұл салынуы мүмкін.

Ислам діни көзқарасын ұстанатын ондаған ақтөбелік ата-ана оқушы қыздарының мектепке орамал тағып барғанын қалайды. Олар діни сенімге сәйкес киіну хақылары бар екенін, Қазақстан конституциясының діни наным-сенім бостандығына кепіл беретінін айтады.

Білім беру мекемелерінің басшылары мен билік өкілдері оқушылардың мектеп ішінде бірыңғай форма киюі керек екеніне, мектеп формасы туралы Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы мен ережесі бекітілгеніне нұсқайды. Жергілікті билік дін ұстанатын оқушылардың мектептен тыс жерде қалай киінсе де, өз еркілері екенін ескертіп келеді.
Просмотров материала: 2 320

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 454 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 294 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 281 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 175 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 318 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 602 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 394 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 310 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 259 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 377 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 411 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031