25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйым болып танылды

13 март 2018, 12:32
ҚР Бас прокуратурасының өкілдері ОКҚ-да Мұхтар Әбіләзовқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бас прокруратурамен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты тіркелмеген қозғалыстың заңсыз қызметі анықталды. Оны Қазақстанда 20 жыл бас бостандығынан айырылуға сотталған Мұхтар Әбіләзов құрған. Әбіләзовты сот қылмыстық қоғамдастықты құрғаны, 7,5 млрд АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі деп таныған. Қылмыстық табыстарды заңдастыру фактілері бойынша бірқатар Еуропа елдерінде Әбіләзовқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ұлыбританияда Лондон қаласының Жоғарғы сотының шешімімен Әбіләзов пен оның сыбайластарынан 4 млрд АҚШ доллары өндірілген», - деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Мәлімдемеге сәйкес, шетелде сот жазасынан жасырынып, Әбіләзов ҚР Конституциясының талаптарын бұзып, Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастыруда.

«Интернет желілер мен месенджерлер, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы Әбіләзов белсенді түрде Қазақстанды қозғалысқа қосылуға шақырады. Қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күйлер қалыптастыруда. Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда. Наразылық акцияларының бейбітшілігі туралы айтса да, қозғалыс басшысы Мұхтар Әбіләзов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты - билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қимыл ретінде қудаланады», - деді ол.

Осыған байланысты Бас прокуратура «Прокуратура туралы» заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінді.

«Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық қанағаттандырылды. Сот пен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан аумағында тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл ұйымның әрекеттерін ақпараттық материалдар, бұқаралық құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілер, месенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салынады. Бұдан басқа әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алу туралы насихаттау және оған жариялы түрде шақыру бойынша Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде», - деді мәлімдемені оқыған Лоскутова.

«Құрметті азаматтар! Бас прокуратура сот шешімімен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қатысу әрекетіне, қозғалыстың идеясын насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын және пікірлерін, басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, қатысу болып қозғалысты және оның басшысы Әбіләзовты қолдауға митингтерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу саналады. Қаржыландыру ұғымына Әбіләзовпен қозғалысқа ақшаны, өзге мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырымдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтерді көрсету жатады. Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады», - делінді мәлімдеме.
Просмотров материала: 2 448

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 209 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 030 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 002 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 943 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 925 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 035 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 312 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 559 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 707 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930