19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аягөз бен Үржардағы су тасқынына не себеп болды? (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысында орын алған тасқынның себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді мекендерде арық жүйесінің жоқтығы, бар болған күннің өзінде тозып, істен шығуы жаңбыр суының жайылуына себеп болған», - делінген комитет мәліметінде. Комитеттің баспасөз қызметі елді мекендердің аумағы ретсіз кеңейіп, қосымша құрылыстардың бөгет-арықтар шеңберінен сыртқа түсуі, жаңадан бой көтерген аудандарға арық жүйесінің тартылмауы судың дендеп жайылуына қосымша себеп болғанын айтады.

Облыста жұртты су жайылуы мүмкін аймақтардан қауіпсіз жерге көшіру шаралары дер кезінде қолға алынған. Жаңбыр аралас қар облыс аумағында 3 күн қатарынан тоқтаусыз жауғаны белгілі. Қазір Өскеменде ауа температурасы минусқа түскен.


Ал Үржар ауданында температура плюсті көрсетіп, қардың күрт еруіне түрткі болуда. 10 наурыздан бері өңірдің көптеген аудандарда ауа температурасы -5 және +10 градусты көрсеткен болатын.

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметі бойынша 1-11 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан бойынша 53,2 мм жауын-шашын түскен. Бұл қалыпты мөлшерден 2 есе артық (28 мм). Тек 10 наурыздың өзінде 11 мм, 11 наурызда 20,7 мм жауын-шашын түсіп, бір айдың мөлшерінен асып кеткен.

«Төтенше жағдайлар комитеті мен облыстық департамент жедел штаб құрып, 1032 адам, 286 техника, 56 жүзу құралы мен 58 моторлы сорғыдан жасақталған апаттық құтқару тобын күреске жұмылдырды. Табиғат жағдайының салдарынан 70 үйді, 150 аула мен 11 саяжай нысанын су алды» делінген Комитет ақпаратында.


Су кірген үйлерден жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың бір бөлігі Аягөз қаласындағы №6 мектеп-интернатқа орналастырылса, қалғандары туысқандарының үйіне жайғастырылған. Ал Өскеменде «Үлбі» халыққа қызмет көрсету әлеуметтік орталығы апаттан зардап шеккендерді қабылдауға дайын тұр.

Қызметтердің бірлескен әрекеті арқасында су алған орындарға 1440 құмқап төселіп, инертті материалдар көмегімен Өскемендегі 3 үй су басудан аман қалды. 13000 текше метр су сорылған.

Осы және өзге де апаттық құтқару жұмыстарына 536 адам, 137 техника және 27 су сорғыш құрал қарастырылған. Апаттың салдарымен күрес әлі де жалғасуда.
Просмотров материала: 2 922

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 574 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 396 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 301 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 281 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 252 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 403 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930