26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мен өз кумирімді таптым...

12 март 2018, 2:11
Мен өсіп келе жатқан жасөспіріммін. Менің жасым 13-те. Мені мұғалімімнің ұсынысы қатты ойландырды.. Неге десеңіз? Маған ұстазым «Мақала жазу үшін ең алдымен берілген тақырыптарды асықпай қарап шық. Табиғатыңа жақын немесе сені ойландыратын тақырыпты таңдауға тырыс. Және сол тақырып айналасында не айтуға болатынын қағазға түсіріп көр. Содан соң барып жұмысты бастауға болады» деген болатын.

Бізді не қызықтырады? Бізге, жастарға не қызық? Немесе жаңа бір нәрсе білу үшін нені, қалай, қайдан іздеуге болады? Тек пайдалы ғана емес, бізге нағыз қажетті нәрсені қайдан таба аламыз? Міне, осындай сұрақтар үнемі менің ойымда жүреді. Бұл сұрақтардың жауабы да түсінікті...

Бізге біз үшін бағалы ақпаратты қоршаған ортамыз береді. Сондықтан да біз айналамыздағы әлемнен өзімізді қызықтыратын сұрақтарға жауап іздейміз. Кез келген жағдайда өзімізге ақыл беретін адамды, досты іздейтініміз тағы бар. Ондай адамдар жастар үшін қажет, олар бізді несімен баурап алады?

Мені қызықтыратын адам, меніңше, ол мені өзінің ақыл кеңесімен, жүріс тұрысымен, тіпті сыртқы келбетімен де еліктіруі керек деп ойлаймын. Сонда ғана мен оған еліктеп, сол адамдай болуға тырысамын. Мені қызықтыратын адам жан жақты, білімді және өз талғамы бар адам болу керек. Ол мені ғана емес, өзгелерді де өзіне тартатын ерекшелігі болса деп ойлайтынмын. Мен өзіме сондай адамды таптым...

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында мені қызықтырған адам - Данель Садықова. Жан-жақты әрі табысты жастың бойындағы өмірге деген құштарлығы, ойлау қабілеті, тәртіптілігі оны басқа адамдардан даралап тұрды. Көптеген жазушылардың айтқан мына сөзі есіме түсе береді: «В человеке все должно быть прекрасно: и лицо, и одежда, и душа, и мысли...».

Адам әрқашан болған, бола да береді, бірақ өзгені қызықтыратындай болса, тіпті жақсы. Мен Данель Садықованы қайдан білдім? Бұл осыдан бір жыл бұрын болған еді. Мен сыныптасыммен олимпиадаға қатыстым. Бірінші кезеңнен кейін үлкен үзіліс болды. Сол уақытта өте мейірімді, барлығымен тілтабысқыш қызбен танысу бақыты маған да бұйырды. Құрбым әңгімесінде маған Д.Садықова жайлы әңгімелеп берді.

Айтқаны сол еді, мен сол уақыттан бастап ғаламтордан оны іздеп тауып, әлеуметтік желідегі әртүрлі сайттарын қарап шықтым. Ол мені одан бетер қызықтыра түсті... Ұнап барады... Ал бірақ менің құрбыма ол ұнаған да жоқ. Бұл мен үшін маңызды емес еді, себебі әр адамның өз пікірі болатынын мен білемін. Он екі жасармын, мүмкін Сіздерге күлкілі де көрінер, бірақ шындығында осылай басталған бәрі...

Данель Садықова - өте шығармашыл адам. Одан көптеген нәрсені үйренуге болады. Ол әртүрлі видеолар (күлкілі, әдемі, көңілсіз, креативті, т.т.) түсіреді. Менің білгенім - оның әрбір сайтына жүз он екі мың адамдай тіркелген. Ол ешқашан дандайсымайды, өзін өте мәдениетті ұстайды.


Бірде ол өз постында өміріндегі бір қызықты оқиғаны айтқан болатын. Ол кезде Данельдің жасы небәрі он екіде, ал сіңілісінің жасы онда болатын. Оларды ата анасы жасының кішкентайлығына қарамастан өз бетінше жұмыс істеп үйренсін деп Алматыға жіберіпті. Олар дәулетті отбасынан шыққан, үйінде үй қызметшісі болған, сондықтан да болар алғашқы кезде оларға үй шаруасындағы жұмысты істеу оңай болған жоқ.

Мысалы, күнделікті үй жинау, тамақ дайындау, ыдыс жуу, кір жуу, үтіктеу және төсек орнын жинау, т.с.с. Бірақ қаншалықты қиындық келтірсе де олар бұның бәрін жеңіп шықты. Бұл пост маған мынадай ой салды: «Барлық кезде өмірдің әртүрлі тосынсыйлары болатынына бейімделе білуіміз керек екен. Өзгерістер әрқашан болатынын ұмытпауымыз керек».

Данель бұндай қызықты әңгімелерін жазып қана қоймай, өз тәжірибесімен де бөлісіп отырады. Мүмкін танымайтын адамға қызық естілер.. Қайдағы тәжірибе? Ол мен үшін жан-жақты адам, ол өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды үнемі жазып, бөлісіп отырады.

Оның әр посты кез келген адамға кеңес беретіні, түрлі жағдайда тығырықтан қалай шығуға септігін тигізетіні анық. Сондай-ақ ол ән де шырқайды, күйсандықта да ойнайтынын білемін. Оның орындауында жүз шақты ән бар.

Табысты адамдар осындай басқаларды өз іс әрекетімен қызықтыра алатын адамдардан шығатынын естен шығармау керек. Сондықтан бір күні мен де Данель Садықова сияқты табысты тұлға боламын деп ойлаймын.


Менің бойым өте кішкентай, бұл маған ұнамайды. Кейбіреулер мені бойым үшін мазақтайды да, бірақ оған менің де, менің ата анамның да кінәлі еместігін түсіне бермейді. Мені Алла осылай жаратқан соң, осылай боламын да... Бұл да Данельдің сөзі екенін айта кетейін, себебі ол да мен сияқты аласа бойлы қыз. Менен он бес см биіктеу екен.

Оның сөзінше ол өзгелердің оны «кішкентайсың» деген сөзіне еш көңіл бөлмейтінін айтады. Бірде мен оны танымал топтың концертінде кездестірдім. Және оған өзімді қызықтыратын бірнеше сұрақтар қойып едім. Ол маған: «Ешқашан өзгелердің пікірімен жүрме, олар сен үшін бөтен адамдар екенін ұмытпа» деп кеңес берді.

Қорыта келе айтарым, менің қаламда жас та болса басқалардан ерекше Данель Садықова деген қыздың болғанына қатты қуанам. Мен үшін оның әрбір сөзі маған жол көрсететінін жасырмаймын. Сөзімнің соңында Данельдің мына сөзін айтқым келеді: «Адамдар әртүрлі болады.. мұның өзін адамдар түрліше түсінеді... ең бастысы осыны олар түсінсе ғой...».

Алуа БОСТАНОВА
Ораз Жандосов атындағы
№105 гимназияның
8-сынып оқушысы
Алматы қаласы
Жетекшісі: Раушан Тұрлыбекова
Просмотров материала: 2 707

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 293 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 113 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 085 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 027 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 011 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 734 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930