29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауған соғысынан аман оралған жауынгер

05 март 2018, 3:18
Мен бұл әңгімені бастамас бұрын Ауған соғысы туралы мағлұмат іздедім. Себебі, менің кейіпкерім - осы соғыстың ардагері. Ол үшін «Ауғанстан қандай мемлекет, бұл елде қандай соғыс болды? Кімдер соғысты, не себепті бұл соғыс көпшілік үшін белгісіз болды?» деген сауалдарға жауап іздедім.

Бұл соғыстың талай адамның жан жүрегін жылатып, баласынан, жарынан, әкесінен, бауырынан айырғанын білдім. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Ия, өлгендер қайтып келмейді, бірақ соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз.

Ауғанстан – Оңтүстік Азиядағы аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Бұл елдің астанасы ең көне қалалардың бірі – Кабул. Жерінің төрттен үш бөлігі - таулар. Халқы өзен аңғарларын, шатқалдар мен шалғынды жерлерді мекендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм-ден аспайды. Климаты - құрғақ субтропиктік. Халқы 20-дан астам әр түрлі этникалық топтардан құралған. Олар: пуштундар, тәжіктер, хазарлықтар, өзбектер, түрікмендер және басқа ұлттар.

1978 жылдың 30 сәуірінде елдің Революциялық кеңесі елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады. Ауғанстанға американдық көмек аяқ асты тыйылды. Бұл елден АҚШ барлық қызметшілерін және мамандарын шақырып алды. 1979 жылдың 15 наурызында Герат қаласының 20 мыңдай тұрғыны үкіметке қарсы бүлікті бұрқ еткізді.

Ауған жетекшілері Кеңес Одағынан тікелей әскери көмек беруі туралы өтініш жасады. Мәскеу уақыты бойынша 1979 жылы желтоқсан айының 25 жұлдызында сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды. Соғыс 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылды.

Осы соғысқа қатысқан ағалардың бірі – Талғат Білісбекұлы Төлепбергенов. Ардагер аға 1987 жылы 25 наурызда әскер қатарына алынып, Мәскеу қаласынан бір-ақ шығады. Сол жерде борышын өтеп жүріп, сол жылы 13 қарашада Ауған жеріне аттанды. Өзінің қойын дәптеріне «Қош бол, Кеңес Одағы, сәлем бердік алыстағы бөтен де белгісіз ел – Ауғанстан» деп жазып қойды.

Жат елде талай достарынан айрылып қалатынын ол кезде сезген де жоқ. Талғат аға Хост, Лагар, Жалалабад, Баграм, Файзабад, Пули-Хумри және т.б. жерлердегі ұрыста болып, өзінің азаматтық борышын өтеп келді. Анасы үнемі баласын сағынышпен еске алып, әрбір хатын асыға күтті.


Отырып түскен суреттерінен қатты секем алып, уайымға салынушы еді. Себебі, соғыс бар жерде зардап бар. Көптеген азаматтар із-түзсіз жоғалып кетті, қайсыбір аналар жалғызынан айрылды. Ауған соғысының еліміз үшін әкелген адам шығыны мен зардабы аз болмады.

"Соғыста жауынгерлердің оққа ұшқанын көру қандай ауыр еді… Әр шабуылға шыққанда «қайтып ораламыз ба, жоқ па?» деген ауыр ой еңсені басатын. Алайда, ұрысқа кіргенде санада әскери тапсырманы орындаудан басқа ой қалмайды. Соғыс ешқашан шығынсыз болмаған. Ал ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді ұмытпау – кейінгі ұрпақтың парызы", – дейді Ауған соғысының ардагері. Талғат аға 1989 жылы қаңтардың 22-сі күні жат елден аман-есен елге оралды.

Қазіргі танда Талғат Білісбекұлы отбасылы, үш баланың әкесі. Балаларына адал еңбек етіп, бір-біріне қамқор болуды, туған елін құрметтеуді үнемі айтып отырады. Бірнеше жыл ішкі істер органдарында адал қызмет етіп, әр түрлі дәрежедегі бірнеше медальдардың иегері атанды.

Ауғанстанға аттанған әрбір азаматтың ойы да, мақсаты да - өзінің борышын адал атқару болса, ал біз - өскелең ұрпақ, ардагер ағаларды мақтан етіп, құрмет тұтамыз.

Диляра САҒИТ
№173 мектеп-лицейдің
9 сынып оқушысы
Алматы қаласы
Жетекшісі: Динара Ахметова
Просмотров материала: 4 766

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 450 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 436 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 373 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 329 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031