29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отанымның қадірін шетелге шыққанда түсіндім

05 март 2018, 2:59
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге туың тік!» деген сөз маған ерекше әсер етті. Неге десеңіз, менің жүрегіме ең жақын, мені қатты ойландыратын терең тақырып - Отаныма деген махаббатымды бағдар етіп қойғаны мені қатты қуантты және толқытты. Біреу сенер, біреу сенбес, бірақ бұл шындық...

Менің анам жалпы қазақ тілі маманы болғандықтан ба, әлде шын мәнінде елінің патриоты ма, білмеймін, бірақ ол кісі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйретеді.

Мен кішкентай кезімнен анамның сабақтарына қатысып, (әрине көп емес) тілді үйреткенін, дайындалғанын, содан соң жазған мақалаларын оқып, сөздерін, әңгімелерін естіп, тілге байланысты хабарлар көргенде үнемі әрбір сөзінде «қазақ тілімізді жоғалтсақ, онда қазақ атты ұлт та, ел де болмайды, демек біз жоқпыз деген сөз, сондықтан да жоғалтпауға өз үлесімізді қосуымыз керек» деген сөздері санамда жатталып қалыпты. Сондықтан бала кезден «тіліміз жоғалса, ел де құриды, сонда біз қайда тұрамыз» деген қорқыныш билейтін бойымды.

Сондықтан болуы керек, мен де тіліміздің жойылып кетпеуіне өз үлесімді қосуым керек деген оймен жүремін. Бірақ өзге тілде сөйлесіп тұрғандарды (қазақтар) көрсем, қатты қорқамын, дәл қазір елсіз қалып кететіндей, жүрегім зулап сала береді...

Кей кезде "неге менің санама осы ойды құйды екен" деп анама ренжимін, ал қазір елбасының мақаласынан кейін менің анам дұрыс істегенін түсініп, қуандым.

Менің аты-жөнім - Әлия Түгелбай. Кіндік қаным тамып, дүниенің есігін ашқан туған жерім, алтын бесігім - Шымкент қаласы. Сондықтан осы мекенімді қадір тұтамын. Әркімге өзінің туған жері ыстық. Шымкент қаласында дүниеге келгенімді мақтан тұтпасам, еш өкінген емеспін.
Туған жерім, шырайлы Шымқалам туралы жан-жүрегімді жарып шыққан ой-сезімімді ақ қағазға түсірерде, бала жүрегім лүпілдеп, үлкен бір сезімге бөленгендей болдым.

Менің отаным – Қазақстан. Отан деген сөздің өзі керемет ұғым. Осы бір сөз жаныңа жақын, жүрегіңе ыстық. Мына бір көрініске көз жіберіп қараңызшы. Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, әппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар, алып шыңдар, тау төсін тауысша түрлендірген, сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан бұлақтар, әсем әнімен жаныңды тербететін самал жел менің туған жерім, алтын бесік отаным. Осындай сұлу да көркем ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келген мен бақыттымын!

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп ата-бабаларымыз қандай көрегендікпен айтып кеткен десеңізші. Үйімізде, отанымызда жүргенде оның қадірін түсіне бермейді екенбіз. Осындай нақыл сөздердің,мақал-мәтелдердің астарына тереңірек үңілуіме бірден-бір себепкер – апам мен атамның дүниеден өтуі. Қымбат адамдарды жоғалту мен үшін оңай болған жоқ.

Сол сияқты, «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген сөздің мағынасын жақында шет елге барғанда қатты ұғындым. Әсіресе Отан ана деген сөздің түпкі мағынасы мен қадірін айтыңызшы, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес тәрізді. Отанды анаға теңеген бабаларымыз өте дұрыс айтқан екен-ау, ана қандай жақын, қандай керек болса, отаным да сол ана тәрізді қымбат екен...

Ресей, Беларусь елдерінің қалаларына жарысқа барғанмын. Ресей еліне барғанда жетекші ағайым үнемі мені қадағалап, шақырса барма, қарама, абайла деп қорғаштай берген соң ба, менде де қорқыныш сезімі басым болып, туған жеріме, еліме қайтқанша асық болдым, ал Беларусь еліне келгенде керісінше оны өз елім Қазақстанға ұқсаттым. Адамдары да, табиғаты да кеңпейіл екен.

Бірақ туған жерімнен алыста болған сол аз ғана уақыт ішінде елімді, бауырмал қандастарымды, ата-ана, бауырларым мен достарымды, бәрін де сағынып үлгердім. Кейде маған адам туған жерінен алыстағанда ғана отанының қадірін түсінетіндей болып көрінеді. Тап бір өзге елде жүргенде патриоттық сезім оянатындай.

Тіпті сол қатысқан бәсекеден озып шығуыма отаным шабыт пен сенімділік бергендей болды. Қазақ халқының, маған сенген ата-ана, ұстаздарымның үмітін ақтау, елімнің атын таныту бірден-бір себеп болғандай. Мен сол елдің азаматтарымен сөйлесе келе беларустар "Қазақстанды білеміз, күшті ел" деген сайын қатты қуандым.

Бірақ ол кісілер әңгіме барысында "біздің тіліміз жойылуға шақ қалып тұр, біздің тілімізді қолданушылар аз" дегенде анамның үнемі айтатын сөзі есіме сап ете қалды да, жүрегім дір етті. Сол беларус азаматы "біздің қорқынышымыз – елімізді жоғалтып алу" дегенде, менің отанға, тілге, еліме, жеріме деген сағынышым еселене берді...

Отаным жайлы толғана жазуыма да басты себеп – осы. Еліме оралғанда оның әрбір бұрышын, жұтып жүрген ауасын, мөлдір тұнық суын, бәрін-бәрін қатты сағынғанымды сездім...

Бұрын өз қаламның көрікті, жаймашуақ табиғатын байқамаппын. Ал, енді отанға деген махаббатым бұрынғыдан да арта түсті. Мен өзімнің кіндік қаным тамған жерімді, қаншама бақытты күндер өткізген елімді сүйемін, қадір тұтамын!

Мен үшін ең киелі жер – біз өмір сүріп жүрген жер жәннаты – егеменді Қазақстаным! Ол – менің кіндік қаным тамған шырайлы Шымкентім. Туған жеріме туымды тігем...

Қазақ елі гүлдей берсін, дамысын,
Жылдан-жылға көтерілсін табысың.
Қазақстан, көтерілсін көк туың
Біз жастар да, тырысамыз сен үшін!


Әлия ТҮГЕЛБАЙ
№ 19 Өзбекәлі Жәнібеков
атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы
Шымкент қаласы
Жетекшісі: Кульшахар Абдуғаппарова
Просмотров материала: 3 229

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 552 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 390 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 378 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 316 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 271 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 222 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031