29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ислам дінінде жемқорларды қалай жазалайды?

03 март 2018, 17:37
Cыбайлас жемқорлық - кез-келген қоғамның індеті. Адамдық тұрғысынан да, діни тұрғыда да оны ақтап алу мүмкін емес. Дегенмен, ислам дінінде бұл кесел жайлы нақты не айтылады? Оның үкімі қандай? Біз бұл сауалдарды дінтанушы Серік Тәжібаевқа қойған едік.

- Сіздің ұғымыңызда, сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

- Жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкердің өзіне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке басының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеті. Оған қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа дәнекер болу, қызметке жақындарын тағайындау, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену және ысырап ету, сарапшылардың жалған қорытындысы, жалған сөз жеткізу, қарапайым азаматтардың ақысын жеп, елдің дамуына үлес қосуға мүмкіншілік бермеу және т.б. қылмыстарды жатқызуға болады.

- Жемқорлықтың ислам дініндегі үкімі қандай?

- Әлемдік деңгейдегі көне заманнан келе жатқан мерез - жемқорлық мәселесі мұсылман елдерінде де белең алып отыр. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады.

Жалпы, Ислам шариғатында кез-келген мәселенің үкімі - Құран аяттары мен хадиснама деректеріне жүгіне отырып шығарылады. Бұл жөнінде Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде (Мәида сүресі, 42-аят): «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүзіңді бұр.

Егер олардан жүз бұрсаң, олар саған ешбір зиянын тигізе алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашылдарды сүйеді»,-деген. Аяттағы «арам жеушілер» дегені - өзгенің мал-мүлкін иемденіп, ақысын жегендер. Ал тәпсірнама деректеріндегі Сағид Бин Жубайр: «Мұнда жемқорлық турасында айтылған»,-деп түсінік берген.

Енді бір аят жолында Алла Тағала (Бақара сүресі,188-аят): «Араларыңдағы малдарыңды арам жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар»,-делінген. Мұндағы аят жолында мағынасы ашық келген. Мінеки, Алла Тағаланың сыбайлас жемқорлыққа тыйым салғанына бірден-бір дәйек - осы аяттар болмақ.

Сол сияқты парақордың тапқан табысы - арам екендігін пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына бір хадисінен анық көруге болады. Әбу Хумайда әл-Сағидия (р.а) жеткізген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Лауазымдық қызметтегі тұлғаға берілген сыйлық - арам жолмен табылған жалақысы», - деген екен. Ибн Бурайда (р.а) әкесінен жеткізген келесі бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үш түрлі қазы болады, олардың екеуі тозақта, ал біреуі жұмақта. Өз дегенін орындаймын деп үкім шығарған және білімсіз бола тұра үкім шығарған қазылар - тозақта. Ал, әрдайым шындыққа жүгінген қазы - жұмақта», - деген.

- Ислам дінінде пара беру де күнә санала ма?

- Тәпсір дереккөздерінде Абдулла Ибн Омар (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) пара берушіні де, пара алушыны да лағнеттеген»,-деп тұжырымдайды (Ат-Тирмизи). Сондай-ақ, параны талап етіп, оны қабыл алып, сондай-ақ қолдау көрсеткен пара алушы мен беруші арасындағы тасымалдаушы дәнекердің ісі де қарғысқа ұшырағандардың әрекетіне жатады.

Демек, сыбайлас жемқорлық барысында пара беруші мен алушы арасында делдал болуға да тыйым салынған. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде мынадай жағдай айтылады. «Аллаға серік қосу, адам өлтіру және ата-анаңның алдындағы борышты орындамау сияқты ауыр күнәлардың санатына жататын тағы бір үлкен күнәні айтайын. Ол - жалған мәлімдеме жасау және жалған куәлік беру», - деген екен расулалла (с.ғ.с.).

- Халқымыз парақорлыққа қатысты қандай ұстанымды ұстанған? Қазақтай текті де турашыл халықта осынау жаман қылықтан тыятын, әділдікке шақыратын адамдар болды ма?


-Әлбетте, болған! Мұны дана халқымыздың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұлағатты сөздерінен-ақ байқауға болады. Олардың әділдік пен туралықты ту еткендігіне қазақтың үш тұғыры - Төле, Қазыбек және Әйтеке бидің, одан басқа да би-шешендердің өнегеге толы өмір-ұстанымдары бірден-бір дәйек болмақ. Осы орайда қазақ даласының ақыны Шортанбай Қанайұлының өз заманындағы би-болыстарды жемқорлықтан сақтандырған мына бір өлең жолдарын келтіре кетейін:
Билер, пара жемеңдер,
Жанға бейнет кезбеңдер.
Кісі халқын алмаңдар,
Аузыңа пара салмаңдар.
Дүние жинап өткен жоқ,
Біздің бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын,үлкендер,
Құдайдан ғапіл өтпеңдер.
Әлің келсе Мекке бар,
Артық дәулет біткендер!
Біле білсеңіздер, парақордың халі о дүние ғана емес, осы дүниеде де қиынға соқпақ. Көп жағдайда пара алуға құныққан жанның арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады. Оны ел аузында жүрген мысалдар мен жемқорлыққа қарсы әзірленген бейнероликтерден жиі байқауға болады.

Қай мысалды алып қарасаңыз да, жемқорлықтың түбі - қорлықпен аяқталып жатады. Сондықтан да Ислам діні сыбайлас жемқорлық пен пара берудің қандай да бір түріне Құран мен сүннет дәйектеріне сай қатаң тыйым салып, тіпті, ауыр күнәлар санатына жатқызған. Шариғат шеңберіндегі тыйымдардың барлығы адам мен қоғамның дамуына негізделген.

Аллаға шынайы құлшылық-ғибадат жасап, айтқандарын бұлжытпай орындауға ден қойған жанның үйіне құт-береке ұялайды. Кез-келген жан сыбайлас жемқорлық сынағына ұшыраған сәтте лезде Алланы еске алып, қиямет күніндегі халін ескерсе, отбасындағы Алланың берген берекесін ұмытпай, әрдайым шүкіршілік қылса, оған да Алланың төгер мейірімі шексіз.

Жанат ҚАПАЛБАЕВА

ДЕРЕККӨЗ: inform.kz
Просмотров материала: 3 001

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 585 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 425 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 413 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 350 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 304 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 629 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 285 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 439 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031