26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектептегі ақша жинау, пара алу қашан жойылады?

Оңтүстікте мектеп директорларын конкурспен тағайындауда талап күшейтіледі. Директорлық лауазымға тағайындалғысы келген азаматтың біліктілігі мен білімін былай қойғанда ұжыммен тіл табыса алатын, заңды да сыйлайтын, әдептен де аттамайтын адал азамат болуы керек. Кеше мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында осындай мәләметтер айтылды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, білім беру ұйымдарының басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Арнайы мониторингтік топ мүшелері, кәсіподақ және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстың аудан,қала әкімдері мен білім бөлімдері, мектеп директорлары қосылды. Кездесу барысында заңсыз ақша жинау, сондай-ақ мектептерде жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелері талқыланды.

Жиында жасалған баяндамаға жүгінсек бұған дейін аудан, қалаларда директорлық бос орынға жарияланған конкурсқа қатысу үшін үміткерден облыстық білім басқармасы тарапынан ұсыным талап етілген. Алайда білім басқармасында бұл ұсынымды берудің тәртібі айқындалмаған. Оны басқармадағы бір қызметкер беріп келген.

Былтыр Ордабасы ауданында бір әдіскер облыстық білім басқармасының ұсынымымен конкурсқа қатысып, мектеп директоры болып тағайындалып кеткен. Кейіннен тексеру барысында оның директор болуға еңбек өтілінің жетпейтіні анықталып, қайтадан қызметінен алынған. «Рейтинг» газетінде біз осы тәртіптік істің әдеп кеңесінде қаралып, облыстық білім басқармасының басшыларының жауапкершілікке тартылғанын жазған болатынбыз. Осындай оқиғалардан кейін білім басқармасы ұсыным берудің тәртібін белгілеп, директорлыққа үміткерлерге қойылатын талапты күшейтіпті.

Үміткерлер арнайы комиссияның әңгімелесуінен өтеді, тест тапсырады. Департаменттің ұсыныстары ескеріле отырып, Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасы жаңа редакцияда бекітіліп, 2018 жылдың 2 ақпанында күшіне енген. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасында білім беру мекемелерінің басшыларына кандидатураларды келісу жөніндегі арнайы комиссия құрылған.

Оңтүстікте былтырдың өзінде пара алу үстінде бірнеше директор қолға түссе, жыл басынан бергі екі айда 2 директор ұсталған. Беріліп жатқан пара жұмысқа қабылдауға, мектептің асханасын жалға алуға қатысты. Тіпті бала асырап алумен де байланысты оқиғалар бар көрінеді. Осы жуырда ғана Мақтаралда мектеп директоры орынбасарымен бірге жаңадан салынған қосымша ғимараттан кабинет алып беру үшін бопсалау жолымен пара алған көрінеді. Бірақ Ұлттық Бюро өкілдері директор мен «завучтың» нақты кімді бопсалағанын ашып айтпады.

Ал балабақшаларда «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыларды игеруге қатысты қылмыстық істер Оңтүстікте соңғы жылдары көбейе бастаған. Былтыр осы бойынша 9 ауыл әкімі қылмыстық жауапқа тартылған. Жыл басынан бері департаментке білім саласы бойынша 25 арыз түссе, солардың дені пара алуға қатысты. Ұлттық бюроның өкілдері «білім саласын парақорлықтан тазарту, мектептегі мәселелерді ақша арқылы шешуден арылту өте қиын шаруа» дегенді айтты.

Жиын барысында директорларды парамен ұстау сәтінен түсірілген оперативті видеолар көрсетілді. Ұлттық бюроның өкілдері «Мұны сіздерге қорқыту үшін көрсетіп жатқан жоқпыз» дегенді айтты. Дегенмен директор деген дардай аты бар ұстаздың қолына кісен салуды, ұсталғандардың кейбірінің «ағай, кешіріңізші» деп еңіреп жылағанын көру кім-кімге де оңай болмағаны анық.

Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, білім саласында қазір пара ҰБТ-ның кезінде және мектепке маман қабылдауда сұралады екен. Осы келеңсіздіктің алдын алу үшін білім басқармасы түлектерді тестке тегін дайындататын арнайы сайт ашыпты. Ал жұмысқа маман қабылдауда «бармақ басты, көзі қыстының» жолын кесу үшін мектептерді толығымен цифрландыру басталыпты. Мұның қандай нәтиже беретіні уақыттың еншісінде.

Айтқандай, жиында Ұлттық бюроның өкілдері білім мекемелерінің басшыларына сыйлық алудан сақ болуды ескертті.

-Мектептің директоры лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген. Сондықтан ондай қызметкерлерге мереке күндері ата-аналардан, оқушылардан, әріптестерінен сыйлық алуына тыйым салынған. Егер сыйлық белгісіз біреуден келіп түскен болса, онда оны дереу Мүлікті жекешелендіру комитетінің ОҚО бойынша департаментіне жеті күннің ішінде апарып өткізуі тиіс. Сондай-ақ, ата-аналардан ақша жинауға да болмайды. Білім бөлімінің басшылары осының алдын алудың қажетті шараларының бәрін жасауы керек. Егер ата-аналардан ақша жинау орын алса, онда білім бөлімінің басшысының мәселесі әдеп кеңесінде қаралады,-деді Ұлттық бюроның өкілдері.

Құзырлы орган өкілдерінің директорларға мұндай ескертуді 8 Наурыз бен Ұлыстың Ұлы күнінің алдында жасауы да бекер емес сияқты.

«Рейтинг» газеті, 1 наурыз, 2018 ж
Просмотров материала: 4 780

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 086 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 012 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930