24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаратау баурайындағы Қатын қамал үңгірі жайлы не білеміз?

02 март 2018, 2:33
Алып Тянь-шань тауының батыс бөлігінің жалғасы – қарт Қаратау. Қалың қатпарлы Қаратаудың соңғы сілемдері Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына жетіп жығылады. Бұл тауды ел арасында «қазыналы Қаратау», «қарт Қаратау», «әулиелі Қаратау» деп те атайды.

Қарт Қаратау әбден қартайған, жасы келген адам секілді. Шөгіп, мүжіліп, аласарып бара жатқан тау. Ғалымдар Қаратаудың пайда болғанына миллиондаған жылдар өткенін айтады. Бұл жерден талай рет су ағып, ағаштар бүршік жарып, қаншама ұрпақ алмасса да, құпиясы мен тарихы әлі де тереңде жатыр.

Ежелгі адамдар осы таудың қойнауында мекен еткен деген деректер бар. Оған дәлел – тасқа қашалып салынған таңбалы суреттер. Бұндай тарихи орындар өте көп. Ғалымдар қола дәуірі мен орта ғасыр аралығында таңбалар салынған деп жорамал жасап жүр. Сол замандағы көшпелі тайпалар өздерінің дәстүрлері мен діни түсініктерін, аңшылық өнерлерін сурет арқылы жеткізгісі келген сияқты.

Бұл мәдени ескерткіштер біздің халқымыздың тамыры тереңде жатқанын, біздің де өзге жұрт секілді тарихымыздың өте кең, ауқымды екенін көрсетеді.

Таудың орташа биіктігі – 1800 м, ұзындығы – 400 км. Ең биік нүктесі Мыңжылқы жотасындағы – Бессаз. Биіктігі – 2176 м. Қаратау қойнауында қазба байлықтың мол қоры бар. Полиметалл,фосфорит,гипс,цемент және т.б.

Қаратаудың солтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыс жоталарын тау аралық ойыс бөліп тұрады.Тау протерозой мен палеозойдың жыныстарынан құралған және бұл жерде мезозой мен кайназойдың әктас, құмтастары, сазды шөгінділері де кең тараған. Жер бедері құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты ағып жатқан ірі өзендері жоқ. Тау жотасының беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімденген. Тастары қара қошқыл көк түсті болып келеді.

Көктем шыға тау баурайы гүлдерге толып кетеді. Қызғалдақтар мен сарғалдақтар жайнап, кілемдей төселіп өседі. Көктем кезінде мектеп оқушылары тауға саяхат жасап, табиғатын тамашалайды. Қызыл кітапқа кірген қызғалдақтардың түрлерін де көруге болады. Әрине, оларды жаппай теріп алуға болмайды.

Атақты итальяндық саяхатшы Плано Карпини 1246 жылдары шығысқа саяхат жасаған. Сапар барысында Қаратау өңіріне келіп, сұлу табиғатына тәнті болған. Тау етегіндегі қызғалдақтарға таң қалып, оның тұқымын өзімен бірге ала кеткен деседі. Әлемді тамсандырған сұлу қызғалдақтардың ерте кезде Қаратаудың баурайынан жеткізілгені жөнінде жорамал жасауға негіз бар. Голландиялықтар әлемге экспорттайтын қызғалдақтарының отаны Қазақстан екенін жоққа шығармайды .

Тауға бара қалсаңыз, оның тастарына, табиғатына қарап, өткен тарих көз алдыңа келеді. Сырғып жылдар, ғасырлар өтсе де, Қаратаудың құпиясы мен сыры ашылмаған қойнаулары әлі де бар. Тарихи өлке әлі талай сыр шертері сөзсіз. Бұл аймақ өткен заманды көзімен көрді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қиян-кескі соғыстар болған. Қазақта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген сөз содан қалған. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген өлең жолдары да бар емес пе?

Жаңақорған ауданының тұсындағы Қаратауда «қатын қамал» деп аталатын үлкен үңгір бар. Үңгір туралы ел арасында тарихи оқиғалар таралған. Бұл жер қалың қазақ еліне жаугершілік заманда қорған болған. Қазақ халқының басына күн туған жаугершілік заманда, осы Қаратау аңғарлары Сыр халқына үлкен пана болған деседі.Жоңғарлардың толассыз шабуылы халықты әбден қалжыратып, қажытты.

Жаудың қанды шеңгелінен қашқан халық тау басындағы үңгірлерге тығылды. «Қатын қамал» үңгіріне бала-шағасы бар қырық шақты қыз-келіншекті апарып паналатады. Үңгір биік шыңның басында. Жерден тұрып қарасаң, көрінбейді. Қия жерде орналасқан. Үңгір табиғи жағдайда пайда болған.

Іші он екі қанат киіз үйдің ішіндей кең, әрі жарық. Салқын үңгірдің табанына үгілу арқылы пайда болған, майда ұлпа тозаңдар төселген. Үңгірдің ішкі жағында саңылау бар. Саңылаудан өтсең қырық кісілік бөлме тәрізді орын бар. Одан ары тау ішілік дәлізге жалғасады. Бұл жердің «қатын қамал» аталып, зұлмат заманда қаншама аналар мен аруларға қорған болуы – ұрпақ үшін ұмытылмас тарихи оқиға.

Қарт Қаратаудың тарихы өте тереңде. Қатпарлы тас қабаттары таусылмайтын сыр шертеді. Болашақта бұл өңірде үлкен зерттеу жұмыстары боларына кәміл сенемін.

Туған еліміздің әрбір өлкесі мен аймағының табиғаты өте керемет-ақ. Менің елім – қазақ елінің тарихы мәңгі жасай берсін!

Айдана БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
№173 мектеп-лицейдің
8 сынып оқушысы
Алматы қаласы
Жетекшісі: Динара Ахметова
Просмотров материала: 7 789

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 993 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 816 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 787 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 725 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 706 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 716 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 843 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 956 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 486 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 636 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930