25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Мен оны ұрған да, тепкен де жоқпын, өзі құлап қалды" - ауыл әкімі осылай ақталып жатыр

28 февраль 2018, 10:02
Жұдырығы жуан әкім қызметінен кетті. Ақмола облысында баланы соққыға жыққан Жанат Омаровты тәртіптік кеңес мемлекеттік қызметтен қуу туралы ұсыныс айтқан. Ал Қорғалжын ауданының әкімі іле-шала түн ішінде бұйрық шығарып, қоластындағы қызметкерді орнынан кетірді. Атқамінер жасөспірім орындықтан өзі құлады, мен бастан тепкен жоқпын деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жарты жыл бұрын аудан депутаттары бір ауыздан сайлаған ауыл әкімі ұрда-жық, қызуқанды болып шықты. Бойы 190 сантиметр, салмағы 130 келі Жанат Омаровтың 14 жасар жұдырықтай баланы тепкілеуі естіген елді шошытты. Әкім осылайша өз баласын қорғамақ болыпты. Қорғалжындағы мектеп-интернатқа рұқсатсыз кіріп келіп, оқушыға ұмтылғанда қаным басына шауып, өзімді ұстай алмай қалғанын айтады ол. Бірақ басынан тепкілеген жоқпын дейді.

Жанат Омаров, Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі:

-Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп, осылай өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз.

Жағасынан алмақ болғанда құлап қалды деген оқушы Диас Мұқан бөлмесінде ес-түссіз жатқан. Жұдырығы жуан әкімнің айтуынша, жанында мұғалімдер болыпты. Бала соққы алғаннан кейін мейірбике келіп көмек көрсеткен. Бірақ бұл оқиғаны көзімен көргендер ешкімге тіс жармауға бекініпті. Тіпті аудан әкімдігі аппаратының, білім бөлімінің басшылары да 2 күн өткен өткен соң естідік деп тұр.

-Соққыға жығылған Диас Мұқанның ата-анасы дабыл қақпағанда, бұл жағдай жабулы қазан күйінде қалар ма еді. Оқиға болғаннан кейін 4 күннен соң өткен облыстық Тәртіптік кеңесте олардың барлығына Қорғалжын ауданы әкімі орынбасарының дымдарың іштеріңде болсын дегені туралы айтылды.

Диасты ата-анасы алдымен аудандық ауруханаға апарған. Баланың халі мүшкіл болғанын бас дәрігер енді айтып тұр.

Марал Ақылбаева, Қорғалжын аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Баланы көтеріп әкелді. Ес-түзсіз, тілі күрмеліп жатты. Жағдайы ауыр болды. Денесі тартылып қала берді. Орындықтан құлап түсіп, осындай жағдайға жетуі мүмкін емес қой. Біз бір ауданда жұмыс істейміз, нақты кімнің қорқытқанын айта алмаймын.

Мектеп-интернатта екі баланың төбелесінен басталып, соңы осындай үлкен дауға ұласқан оқиға бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдайдан кейін бір әкім ғана емес, жауапты біраз шенеунік қызметімен қоштасатын сияқты.
Просмотров материала: 18 171

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 174 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 995 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 966 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 906 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 887 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 023 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 548 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 696 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930