16 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



Парламент пен Үкімет қазақ тілінде жұмыс істеуге тиіс

26 февраль 2018, 18:41
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді. Бұл жайлы akorda.kz хабарлады.


Елбасы инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылардың креативті әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

– Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Бұл ретте ілеспе аударма жасау мүмкіндігі бар, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы латын қарпіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын айтып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің телеарналарындағы сериялық өнімдердің сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, масс-медиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндап, оның басым бағыттарын түсіндіруге байланысты шаралар жөнінде мәлімет берді.

– Біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Жалпы, бағдарлама аясында 120 бірлескен іс-шара көзделген, оның жиырмасы биыл орындалатын болады, – деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сондай-ақ, Д.Абаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені инфрақұрылымының базасында құрылған «Astana Hub» халықаралық технопаркі жұмысының басталғанын мәлімдеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Просмотров материала: 1 826

Поделиться материалом


18:00 Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды... 243 Просмотров

17:56 В Нур-Султане запретили массовые купания в Крещение... 208 Просмотров

17:45 6 өңірде ескерту жарияланды... 227 Просмотров

17:38 Карантин продлили в ВКО... 210 Просмотров

17:32 ШҚО мен Түркістан облысында карантин ұзартылды... 247 Просмотров

17:20 Алматинцев попросили не купаться на Крещение... 244 Просмотров

17:19 Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты... 259 Просмотров

17:11 Бакытжан Темирболат назначен директором Библиотеки Первого... 208 Просмотров

17:07 Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады... 256 Просмотров

16:57 Загрязнение воздуха в Алматы показали с высоты птичьего... 251 Просмотров

16:49 Асқар Мамин Үкіметтің Парламентпен үйлесімді әрі нәтижелі... 260 Просмотров

16:40 В Казахстане зафиксирован рекорд рождаемости в 2020 году... 222 Просмотров

16:30 Қазақстанның премьер-министрі сайланды... 245 Просмотров

16:27 Аскар Мамин остается на посту премьер-министра... 196 Просмотров

16:26 ШҚО мектептерінде заң бұзушылықтар анықталды... 218 Просмотров

16:22 К.Токаев выдвинул А.Мамина на должность премьер-министра... 144 Просмотров

16:13 Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты – Тоқаев... 241 Просмотров

16:00 В Павлодарской области задержан иностранец, проживавший 13... 91 Просмотров

15:50 Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап, қармаққа іле... 116 Просмотров

15:45 Павлодарцу, устроившему стрельбу из ружья из-за долга в 1,5... 92 Просмотров

15:38 Елордалық екі тұрғын көлікті эвакуатормен ұрлаған(ВИДЕО)... 135 Просмотров

15:22 В акимате Алматинской области опровергли информацию... 156 Просмотров

15:20 Қоқиғаздар мен аққуды түсірген ролик авторы тағы бір... 163 Просмотров

15:02 Алматы облысы карантинге жабылады - әкімдік түсініктеме... 146 Просмотров

15:00 «Дәрігер шағымымды печенье жеп отырып тыңдады». Жүкті... 107 Просмотров

14:49 Елорда тұрғыны бір сауда үйінен 6 рет ұрлық жасаған... 145 Просмотров

14:34 Денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағдарлануы керек –... 122 Просмотров

14:21 Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар... 127 Просмотров

14:08 Демалыс күндері күн райы жылынады... 127 Просмотров

14:07 Депутат Дарига Назарбаева вошла в Комитет по экономическим... 144 Просмотров

14:05 Назначен глава Комитета по экономическим реформам и... 103 Просмотров

14:02 Избран председатель Комитета по вопросам экологии и... 101 Просмотров

13:39 Айгуль Куспан стала председателем Комитета по международным... 106 Просмотров

13:36 Канат Мусин стал председателем Комитета Мажилиса по... 113 Просмотров

13:28 Избран председатель Комитета по по финансам и бюджету... 106 Просмотров

13:17 Избран председатель Комитета Мажилиса по... 112 Просмотров

13:15 П.Казанцев и Б.Кесебаева избраны заместителями спикера... 109 Просмотров

13:04 Нурлан Нигматулин вновь избран спикером Мажилиса... 211 Просмотров

12:55 Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болды... 151 Просмотров

12:49 В Парламенте началось тайное голосование по кандидатуре... 160 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031