20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ және ауру (хана)

26 февраль 2018, 16:44
Өзімізге дауа жоқ. Біз неге ауырамыз? Неге ауыра береміз? Өйткені дұрыс тамақтанбаймыз, көп қозғалмаймыз, яғни дене шынықтыру деген түсінік мүлде жоқ. Оның үстіне ауыз су да дұрыс емес, жүйкеміз тез сыр береді!

Құнарлы, пайдалы тамаққа ақша жоқ дейміз. Бірақ бала-шағаны KFC-ге апарып, қымбат және зиянды қуырылған тауықты алып береміз. Өзіміз де опырып жеп аламыз. Ақшаны болмашы нәрсеге шашамыз. Түсінем, баланың көңілі үшін ғой, сонда да бұның бір шегі болуы керек шығар. Оның орнына доп, кроссовка, түрлі-түсті қарындаш, бояу алсақ болады ғой. Өзім де сондаймын, кейде асырып жіберем.

Дене шынықтыруға тағы ақша жоқ дейміз. Шіріп жатқан темірден штанга, дуалдың түбінде жатқан ескі құбырдан турник жасауға болады (енді жасаймын).

Таңертең шығып (шықпаса да болады), жарты сағат жүріп, жаттығу жасауға болады. Дене қимылдап, бойға қан жүгіреді.
Жақында ғана Серік Абас-шах мырза бір видеоны салған екен – остеохондрозға қарсы керемет жаттығу көрсетілген. Орныңнан қозғалмай, отырған күйіңше жасай бересің – әсіресе жалқауларға таптырмас нәрсе екен.

Кешке тамақты ішіп алып, жата кетеміз. Қолымызда смартфон – фэйсбуктағы өсекті оқимыз. Жатып алып, теледидардан «дешевый» әзіл қарап, арзан попсаны тыңдаймыз ия болмаса шетелдің сериалын қараймыз...

Сонымен бір-екі сағат уақыт кетеді. Тамақ қорытылмайды, ішімізде шіріп неше түрлі канцерогендерге айналып, ағзаны іштен жей бастайды. Оның орнына кешке тағы бір жарты сағат таза ауада серуендеп келу деген бізде жоқ.

Ал енді біздің тойлар ше? Біріншіден, ақшаны шашу (аяғында сол ақша тамаққа және дене шынықтыруға жетпейді), екіншіден, бір дегенде көп тамақ желінеді, үшіншіден және ең бастысы – бір бірімізді араққа тойғызу. «Ты меня не уважаешь» деген әңгімелер кетеді! Құда құдашаны, құдағи құда баланы ішкізеді! Масқара ғой!

Ертеңіне ауырып жатқанымыз! Ал қазақта той көп, демек, ішу де көп деген сөз. Оның зияны ұйқы безіне, асқазанға, бауырға келіп тиеді. Оның үстіне қан қысымы, жүрек т.б. аурулар бар.

Айтпақшы сол тойға кредит аламыз да, соны қайтару жолында жүйке ауруының клиенті боламыз!

Аяғында ауруханадан бір-ақ шығамыз! Жүргеніміз кабинет аралап, ақшаң болса ақылы емханаға барып, қымбат дәрілер сатып алып, ол аз болса, жүйкені тоздыратын доқтырлар мен медбикелер тағы бар. Және де жалғыз жүрмейсің – қасыңда міндетті түрде сен үшін бар жұмысын тастап, еріп жүретін туысқаның, інің, ағаң, сол сияқты біреу болады.

Сонда біздің күнделікті өміріміз өзіміздің және өзгенің уақыты мен денсаулығын ұрлауға құрылған ба?

Мен де сондаймын, аспаннан салбырап түскен жоқпын! Бірақ осы кемшіліктерді қысқарту үшін әрекет, іс-қимыл жасап жатырмын!

Ауырмаңыздар! Көп қимылдаңыздар!

Серік Мәмбетов, ауыл ауруханасының "клиенті"
Просмотров материала: 2 541

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 749 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 572 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 541 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 474 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 458 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 447 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 208 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 668 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 756 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 466 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 308 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 446 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 459 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930