19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқмәдидің інісі ағасының 2003 жылы Әблязовпен кездескенін айтты

20 февраль 2018, 15:13
Таразда БТА Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасуда. Бүгiн куәгерлерден жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Сот отырысында Мұратхан Тоқмәдидiң iнiсi Бекен Иманқалиевтен жауап алынды. Ол Тоқмәдидiң 2000 жылдардың басында «Депутаттық корпус» ұйымдасқан қылмыстық тобын басқарғанын айтты. Иманқалиев 2002-2007 жылдар аралығында Мұратхан Тоқмәдидiң үйiнде тұрып, әртүрлi жұмыс атқарған.

«2000 жылдары Мұратхан Тоқмәди аңға шыққанды ұнататын. Оны барлығы танитын, құрметтейтiн. Ол «Депутаттық корпус» көшбасшысы болатын, сол топты басқаратын. Оның өз жiгiттерi, өз спортшылары болатын. Олар Тоқмәдидiң үйiнде жиi жиналып, төбелестерге шығатын. Бiреулердi қорғап, бiреулерден қарызын ұрып-соғып алатын. Мен өзiм бұған қатысқан жоқпын. Бiрақ, Тоқмәдимен бiрге болғандар солай айтатын. Бiр жерде жекпе-жек боларда, олар көлiкпен келiп оны күтетiн. Олардың броньдалған «Мерседес» көлiгi болған. Барлығы сол көлiкпен шығатын», - дедi Иманқалиев.

Бекен Иманқалиев Мұратхан Тоқмәдидiң үйiнде 2007 жылға дейiн жұмыс iстегенiн айтты. Одан кейiн туыстар арасында ақшаға байланысты кикiлжiң туындағаннан кейiн жұмысын тоқтатқан екен. Дегенмен, куәгер Тоқмәдимен бұрынғыдай болмаса да, ара-тұра араласып тұрғанын жеткiздi. Иманқалиев Тоқмәди мен Мұхтар Әбләзовты бiр рет бiрге көргенiн айтты.

«Мұхтар Әбләзовке келетiн болсақ... Қателеспесем, олар 2003 жылы күзде сквер не саябақта кездестi. Сол кезде мен Әбләзовті тiрiдей бiр-ақ рет көрген едiм. Одан кейiн оны тек теледидар арқылы көрдiм», - дедi Бекен Иманқалиев.

Атап өтсек, Таразда Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр. Осылайша, 14 жыл бұрынғы қылмыс қайта тексерiлуде. Ал, 11 жыл бұрын бизнесмен Тоқмәди дәл осы қылмысы үшiн жазадан сытылып кеткен болатын.

Сол кезде қылмыс абайсызда жасалды деп бекiтiлген едi. Ал жуырда Жамбыл облыстық сотында Тоқмәдиден жауап алынып, ол БТА банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады. Сондай-ақ, Мұратхан Тоқмәди банкирдi өлтiруге Мұхтар Әбләзов тапсырыс бергенiн айтты.

Осылайша, Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн БТА банкiн басқарған. Осы қылмысын Тоқмәди 2017 жылғы қазанда КТК арнасынан көрсетiлген фильмде де мойындаған болатын.

Қымбат Елтайқызы
Просмотров материала: 2 318

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 652 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 474 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 443 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 378 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 360 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 720 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 427 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930