23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



30 әріп, 2 диграфтан тұратын қойыртпақ, шалажансар әліпбиге келіп тірелдік пе?

Түнде жай жатқандықтан, кеш оянсам, ел у-шу. Сөйтсек, біздегі басымен емес, "басқа жерімен" ойлайтын "ғалымдар" мен дилетант "мамандар" Елбасымызды тағы "подставить" етіп, бұрынғыдан да қойыртпақ нұсқаны ұсынып, Жарлыққа қол қойдырып жібертіпті. Оны апострофтан азар да безер болған жалпы жұрт (тобыр деуге аузым бармай отыр) "алдыңғыдан тәуір екен!" деп сүйінші сұрап әлек!

Айналайындар-оу, жоғарыда бөлек тұрған "апостроф" атты таңбаны әріптің үстіне қарай жылжытып, «акут» (экуит) деп ат қойып айдар таққанда бүкіл проблема шешіле ме?

Әлде Елбасымыз бекітіп берген 26 әріп принципі орындала ма? Қайдағы! Бұрын тізеден кешіп тұрған проблемге (бейнелі түрде боққа) енді белшеден кірдік. Егер, осы бағытта тағы сәл қозғалсақ, кеңірдектен мелдектейміз. Таратып жазайын.

1) Бағдарламалау тіліндегі проблемалар. Апострофты – акутқа ауыстыру бұл ешқандай да креативтілік емес, амалсыздықтан жүзеге асқан шара. Себебі, бұл «креативті» жобаны ұсынушы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі өткізген жұмыс тобының жиынында экуиттің Unicode кодтау жүйесіндегі нақты орны туралы анықтап түсіндіріп бере алмады.

Ал, білгілеріңіз келсе, айтайық, бұл акуттар Unicode кодтау жүйесінде 0-128 аралығындағы негізгі таңбалар орналасқан бірінші бөлікте емес, қосымша екіншісортты бөлікте тұр. Бұл, ІТ саласында айтарлықтай проблемалар тудырады.

2) Бірінші проблемге іле-шала екінші мәселенің басы қылтияды. Google, Yandex секілді іздеу жүйелерін бір ізге келтіру үшін қыруар шығынға батамыз.

3) Банктік жүйе. Бұл үлкен проблема тудырады. Себебі, ҰБ өзге банктермен жасалатын операциялар кезінде Халықаралық стандарттарға сәйкес, классикалық 26 әріптен тұратын латын әліпбиін басшылыққа алады. Қалған апострофты, диакритикалық, акуттік белгілерден тұратын субъект атауларын қабылдамайды.

Сонымен қатар, Бекітілген Халықаралық стандарттарға сәйкес, IBAN жүйесінде Қазақстан KZ таңбасымен таңбаланып кеткен. Оны QZ-ке өзгерту мүмкін емес. Яғни, қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, Кайман аралдарында немесе Қарағандыда ашылған есепшотында қомақты қаражаты бар Қазақстан азаматы, егер, алда-жалда IBAN жүйесінде Қазақстандық шоттар QZ болып таңбаланатын болып өзгере қалса, ол есепшотын пайдалана алмай, басқа шот ашуына тура келеді деген сөз.

Біздің жеке азаматтарды айтпағанда, Ұлттық Қордың қаржылары қайда сақталатынын ескерсек, қауіптің қаншалықты деңгейде терең екенін бағамдай беруге болады.

4) Әріп жетіспеу немесе қойыртпақталу проблемасы. Мына нұсқада да дәл алдыңғыдағыдай, классикалық 26 әріптен тұратын Сс, Хх, Ww әріптері әліпбиде мүлдем жоқ. Бұлай болғанда, Coca-Cola, Cadillac, Camry, Corolla секілді сауда маркаларын қалай таңбалап, дыбыстаймыз?..

Oxford, Lexus секілді бренд атаулары мен жалқы есімдерді жазып, атағанда, охуgen секілді химиялық элементтердің жартысынан көбінде кездесетін Хх әрпін қалай таңбалап, электр қуатының өлшемін білдіретін Watt (W) терминін қалай белгілейміз?..

Сосын кирилше Іі мен Ии әріптерінің жаңа нұсқадағы бас әріптері бірдей І болып таңбаланады. Олай болғанда, Инелік-Inelik, Ілгіш–Ilgish, Ине-Ine, Ит-It, Іскер-Isker, Ілім-Ilim, Ішу-Ish'у, Ін-In, т.б секілді сөздер бас әріппен жазылатын жағдайда қалай оқылады? Бұл – балаларымыз тұрмақ, ересектердің өзін шатастыруға әкелмей ме? Қандай заңдылықтарға негізделіп таңбаланды?

5) Терминология проблемасы. Жоғарыда біз сөз еткен төртінші мәселеден, терминдердің халықаралық стандарттарға сәйкес жазылмау проблемасы туындайды. Енді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қолданылатын computer, calculator, cyber, classic, сentre, certificate, cell, call, case, cabinet деп келетін 5 мыңнан аса терминдер мен web, web site, wash, Water Polo, What’s App деген секілді халықаралық терминдерді ұрпағымызға қалай оқытамыз?

Ал, Хerox, xerogram, секілді терминдер мен атауларды ше? «Балам, біздің тіл де, олар да латынша, бірақ біздікі басқаша, олардыкі өзгеше» деп ақталамыз ба? Ал, кейбордтағы бұл 3 әріпті не істейміз? «Баспаймыз!» деп наклейка жапсырып қоямыз ба? Бәрінен бұрын, Mirusқа қиын болды. «Цифровой Казахстан» деп шауып жүргенде, оның негізгі терминдерін таңбалайтын әріптердің жаңа графикада қолданылмауы – нонсенс!

6) Президент тапсырмасының аяқасты болуы. Бұған дейінгі бірнеше сұхбаттарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Дүниенің кез келген түкпірінен айналымда бар классикалық 26 әріпті қолданып жаза беретін, ғылыми техникалық прогрестің барлық талаптарына сай келетін, қаржылық-ақпараттық мәселеде ешқандай проблем тудырмайтын, халықаралық терминдерді еш қиындықсыз оқып түсіне алатын графика жасалсын!» деп нақты тапсырма берген болатын.

Нәтижесі қалай болды? Нәтижесі – 30 (!) әріп пен 2 диграфтан тұратын қойыртпақ, шалажансар әліпбиге келіп тірелді. Егер, бүкіл нұсқаларды саралап, бәрін негізге алып, тығырықтан шығар жол таппаған болса, мақұл дейсің ғой! Көрсе де, көпе көрнеу көрмегенсіп, естісе де естімегенсіп тек менікі ғана болсын деген менмендікпен, Президент тапсырмасын аяқасты етіп отыр.

7) «Двойной стандарт». Иә, біз жоғарыда көрсеткен мәселелер осыған алып келеді. Яғни, бізде банк, қаржы, ІТ, терминологияға арналған классикалық 26 әріпке, орыс тілінің транслитерациялық ережесіне негізделген бір әліпби, және жергілікті «абориген» халықты одан әрі сауатсыздандыруға, туған тілінен бездіруге арналған бүгін қабылданған тағы бір әліпби болады. Тек, бұл кімге керек?

Құрметті, субъективті пікірім бойынша, шешім қабылдауға ықпалды, Aida Ғалымқызы, Даурен Әскербекұлы, Куат Қаhарманұлы, Асет Нұрланұлы!

Сіздерді әзірге мұндай шешілмейтін проблемаларға түгелдей батпай тұрғанда, аздаған уақыт бөліп, біздің #Bailatyn тобының осы мәселелерді еш қиындықсыз, шығынсыз, Елбасы тапсырмасына сай шешудің нақты жолдарын ұсынатын презентациялық жобасын өздеріңіз (көмекші немесе қоластыңыздағы өкілдеріңіз емес) тыңдап көрулеріңізді сұраймыз. Өз жобамыз аясында кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге даярмыз!
Автор: Нұраддин Садықов -
Просмотров материала: 2 868

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 918 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 927 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 304 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 462 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 612 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 273 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930