29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Депутат аудан әкімін Дональд Трампқа теңеді

20 февраль 2018, 11:11
Оңтүстікте АҚШ-тың атышулы президенті Дональд Трамппен салыстыратын, соныменен иық теңестіретін әкімдер бар болып шықты. Мәселен Мақтаралдың әкімі Ғалым Исмаилов. Қайбір күні аудан әкімінің Жетісайда өткен қорытынды есебінде сөз сөйлеген мәслихат депутаты Ибадулла Үмбетаев әкімнің АҚШ-тың президенті Дональд Трамппен ұқсастығының барын айтыпты.

Депутат, осындағы мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетаевтың айтуынша, Дональд Трамп жұмысына алғаш келгенде оның рейтингісі 13 пайыздың төңірегінде болыпты. Қазір ақпарат құралдарының таратуынша бұл көрсеткіш 40 пайызға көтерілген.

Себебі Дональд Трамп АҚШ-тың экономикасын дамытып жатқан көрінеді. Мақтаралдың әкімі Ғалым Исмаилов та Трамп сияқты қызметіне алғаш тағайындалған кезде жұртшылықтың көкейінде үміттен гөрі күдік басымырақ болыпты. «Жергілікті жағдайды жақсы білмейді, жұмыс істей алмайды» деп болжаған екен.

Бірақ былтыр Ғ.Исмаилов өзінің іскер әкім екендігін көрсетіпті. Ауыл шаруашылығы саласында көп тер төккен, әсіресе қыстың көзі қырауда мақта зиянкестерімен күресте көп жұмыс атқарыпты. Нәтижесінде рейтингісі көтеріліпті.

Алайда дәл қазіргі уақытта Ғалым Исмаиловтың рейтингісі өсіп жатыр дегенге сену қиындау сияқты. Рейтингісі өсіп жатқан әкім туралы соңына жүздеген адам қол қойған арыздар арысы Ақораданың, берісі облыс әкімдігінің табалдырығын «тоздырар» ма еді?! …Бәрін рет-ретімен баяндасақ.

Жалпы дәл қазір Мақтаралдағы қоғамдық саяси аураның күн санап ауырлап бара жатқаны байқалады. АҚШ-тың президенті Трампті халық сайлаған. Ал мақтаралдың әкімін халық сайлаған жоқ. Ғалым Исмаиловты мақтаралдықтар Аллаға мінәжат етіп, сұрап алмағаны да бесенеден белгілі. Ол бір жарым жыл бұрын сол кездегі облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тұсында тағайындалған.

Мақтаралдың әкімінің АҚШ президентімен қаншалықты ұқсастығының барын қайдам, бірақ ең басты өзгешелігі осында, яғни сайлаған мен тағайындағанда жатқан сияқты. Түсінген адамға осының өзінде көп мән бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, бәрі Ғалым Исмаиловтың сырттан келген кадр екендігінде, жергілікті жердің менталитетін жақсы білмейтіндігінде жатқан сияқты.

Ал әкімнің кадр тағайындауда жөнсіздіктерге жол бергені бергі жақтағы әңгіме. Былтыр аудандағы халықтың негізгі күнкөрісі- мақтаның нашар өнім бергенін де қара халық әкімдіктегі ұйымдастыру жұмыстарының шабандығымен байланыстырады. Аудан әкімінің қорытынды есебінде дәл осы мәселе ащылау айтылған.

Естеріңізде болса, былтыр жазда «Рейтинг» газетінде біз мақтаралдық ақсақал Елемес Сабыровтың мақта шаруашылығына қатысты пікірін жариялаған болатынбыз. Осы саланың білгір маманы сол кезде мақтаның шығымының нашар екендігін, мұның себебін агротехникалық шаралардың жүргізілмегенімен байланыстырған еді.

Қарияның айтқаны ақыр аяғында рас болып шықты. Мақтарал аудандық әкімдігінің таратқан ресми мәліметіне қарағанда, былтыр ауданда негізгі дақыл мақта 94,8 мың гектарға егіліп, 219,3 мың тонна өнім жиналған. Әр гектардың өнімділігі 23 центнерді құраған. Өткен жылдармен салыстырғанда өнім 3 центнерге кеміген.

Басты себеп- 52 мың гектар мақталыққа қоза зиянкестері түскен. Оның ішінде 7 мың гектар алқапқа үлкен зардап әкелген.

-Қазіргі уақытта әр мақташы бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ол деген сөз агротехникалық шараларды жүргізіп, өнімнің түсімін арттыру қажет. Мақталықты жүйектеп суару керек. Осы жұмыстарды ұйымдастыратын аудан әкімдігі тірліктің қиюын келтіре алмай келеді. Аудан әкімінің алдына кіріп, мақта шаруашылығындағы біраз мәселелерді айттым. Әкім құран мен хадисті алға тартып, «мен тазамын» дейді. Әкімінің таза болғанынан қара халыққа не пайда? Әркімнің арқалаған міндеті бар емес пе? Болмаса, Исмаилов мешітке барып имам болсын,-деген қария былтыр ауданда 219 мың тонна мақта жиналды деген ақпаратқа күмәнмен қарайтынын, қазіргі уақытта өзі мақташылардың мәселесімен Астанада жүргенін жеткізді.

Есеп беру жиынында мақта туралы мәселе көтерген ақсақалдардың бірі Мекенбай Атабайұлымен де сөйлескен болатынбыз.

-Бауыржан Момышұлының «Шындықты ақын-жазушы айтады, не болмаса өлімге басын тіккен айтады» деген сөзі бар. 171 адам қол қойған арыз Президентке, Сенатқа, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс әкіміне жолданып қойылды. Хат мәтінінің тоқтетерін айтар болса- аудан әкімі қызметінен кетсін деген талап қойып отырмыз,-деді М.Атабайұлы.

Оның айтуынша, қызметіне келгеніне бір жарым жыл өткен Ғалым Исмаиловтың жергілікті жердің жағдайынан біршама бейхабар адам екендігі келген кезде-ақ байқалған. Соңынан екі-үш кадрын алып келген. Олардың да өз салаларынан іскер екендігі байқалған жоқ. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында өзекті мәселе көп.

Көктемде жанар май жетпей қалады. Шаруалар тыңайтқыштан да таршылық көреді. Техниканың ескілігі, қосалқы бөлшектің жоқтығы өз алдына. Улы химикаттардың сапасы күмән туғызады. Қаншама ақшаға сатып алынған дәрінің зиянкестерді құртуға қауқары жетпейді.

— Биыл 23 центенерден өнім алдық дегенге де сену қиын. Өйткені 52 мың гектар жерді зиянкестер отап тастаған кезде мұншама өнім алу мүмкін емес. Сенбесеңіздер, мақта зауыттарына барып салыстырып көрейік. Бұл әкімдер де ертең кетеді, ал өтіріктен түбі халық зардап шегеді. Неге десеңіз, Астанадағылар шаруаның әр гектардан қанша пайда тауып отырғанын осылардың берген ақпараты арқылы есептейді. Онсыз да субсидияны қысқартамыз деп жатқан тұста талай шаруа несібесінен қағылып қалуы мүмкін,-деді М.Атабайұлы.

Мекенбай Атабайұлы айтқандай жоғарыға өтірік ақпарат берудің басы ауданның бұрынғы әкімі Серік Тұрбековтың кезінде басталғаны ма? Баяғыда жұрт гектарына 17 центнерден мақта алған кезде әр отбасы бір-бір мәшинеден мініп, ауылдарда апта сайын той істеген екен.

Тұрбековтың кезінде түсімді 30 центнерге дейін көтеріп жібереді. Алайда қағаздағы құрғақ цифр шынайы өмірмен үйлеспей тұр дегендері зерттеуді қажет ететін дүние.

Біз Мақтаралдың әкімін Трампқа теңеген аудандық мәслихаттың депутаты, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетаевпен де хабарласқан болатынбыз. Ол былтыр мақта зиянкестерінің көбеюін агротехникалық шаралардың сапасыз жүргізілгенімен байланыстырды.

-52 мың гектар егістікті құрт жеді. Мақтаның түсімі 5-6 центнерге төмендеді,-деді ғалым. Оның айтуынша, мақта зиянкестерімен күресте көзбояу тірлік көп. И.Үмбетаев «Шаруалар 23 центнерден өнім алды» деген ақпараттың рас-өтірігіне қатысты нақты пікір білдірген жоқ.

Қанша өнімнің алынғаны туралы ақпаратты алдымен ауыл әкімдері береді. Әкімдер мұндай мәліметті зауытқа мақта өткізген шаруалардан құжат жүзінде алады ма, жоқ әлде ойша шамалап ала ма, осы жағын қадағалау қажет.

-Бұған мониторинг жүргізу біздің міндетімізге кірмейді,-деді ғалым.

Жалпы былтыр күздегі нашар өнімнен кейін аудан атқамінерлері арасында «Ғалым Исмаилов Мақтаралға құт әкім болған жоқ» деген сөз айтыла бастаған көрінеді. Қараңыз, Ғалым Исмаилов ауданға әкім болып 2016 жылдың тамызында тағайындалыпты. Арада бір-екі ай өтпей жатып, Мақтаралда балабақшалардағы былық-шылықты жабу үшін пара бермек болған алты бірдей ауылдың әкімі ұсталды.

Мақтаралдың білім саласындағы берекесіздікті реттейді деген, аудан ұстаздары көп үміт күткен Лесхан Қойлыбаев қызметінен кетті. Қазіргі уақытта аудандағы білім ұяларындағы ақша жинау, жөнсіз тірліктер қайтадан үдей түскен деген ақпаратттың ақ-қарасын анықтау құзырлы органдардың еншісінде.

Соңғы апталарда мектеп директорларының парамен ұсталғаны туралы жайсыз хабарлар шыға бастады. Ең соңғы «свежий» бейресми мәліметтерге қарағанда сейсенбі күні Мақтаралдағы үлкен бір қаланың әкімі парамен ұсталған. Бұл нені білдіреді? Аудан әкімінің «жемісті» жұмысын ба?

P.S. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, жақын күндері Мақтарал ауданын үшке бөлу мәселесі жүзеге асырылады. Осы аптадан бастап аудандағы ауылдық округтер осы жөнінде жиналыс өткізіп, хаттамалар түзе бастады. Наурызға қарай арнайы қаулы шығып, аудан-Мақтарал, Жетісай, Асық ата болып үшке бөлінуі мүмкін. Бөлінген үш аудан әкімдерінің креслосы кімдерге бұйырар екен? Ғалым Исмаиловқа қандай қызметтің құлағын ұстайды?

Трамптың биліктегі тағдырының қалай боларын кім білсін, ал Ғалым Исмаиловтың қызметтік тағдырын облыс әкімі Түймебаевтың шешетіні анық.

Б.ЕРНАЗАР,
ДЕРЕККӨЗ: rgmedia.kz
ФОТО: rgmedia.kz
Просмотров материала: 1 929

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 619 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 444 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 381 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 337 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 450 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031