29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда үй арзандай ма?

19 февраль 2018, 18:17
Қазақстанда баспана - басты мәселенің бірі болғандықтан, үй жайын талқыламайтындар сирек. Аталған мәселеге қатысты ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «ҚазАқпарат» тілшісіне өз пайымымен бөлісті.

- Талғат Файзоллаұлы, Қазақстанның құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайға қалай баға берер едіңіз?

- Адамдарда қаржы болмағандықтан Қазақстанның құрылыс нарығында сатып алу мүмкіндігі төмендегені байқалады. Соңғы 6-8 айда жағдай осындай. Ақшалары бар адамдар баяғыда-ақ үйлерді сатып алды да, енді қайта сатып алуға қызығушылық танытып отырған жоқ. Біз тіпті кейбір құрылыс компанияларының жарнамасынан-ақ жағдайға баға бере аламыз. Олар алғашқы жарнаны 15 пайызға дейін төмендетіп жатыр.

- Қалай ойлайсыз, осы үрдіс жалғасып кете бере ме?

- Нарықта тұрғын үйлер жетіп артылады, сәйкесінше, егер жағдай осы күйінде сақталса, 1-ші және 2-ші кластағы тұрғын үйлердің бағасы төмендеуі ықтимал. Нақтырақ айтқанда, шаршы метрі 300-400 мың теңгелік үйлердің бағасы шаршы метріне 260-300 мың теңгеге, пайызбен есептегенде 15%-20% дейін түсуі мүмкін.

Бұның арты құрылыс компанияларының нарығымыздан азайып, жаңа ғимараттарды салуды тоқтатуына әкеліп соғуы да ықтимал. Олай болса, әр адамды 30 шаршы метрлік үймен қамту бағдарламасын орындау оңайға түспейді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттің бөліп жатқан 105 миллиард теңгесі жеткіліксіз.

Бұл қаржы банктердің ипотека ретінде беретін пайыздарының өтемақысын жабу үшін беріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда 450 мыңға жуық отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрса, жалпы 2 миллионға жуық адам тұрғын үйге зәру. Осы қажеттіліктердің бәрін жабу үшін шамамен 2 триллион теңгедей қаржы керек.

- Қазақстанда аса ауқымды емес пәтерлердің сұранысқа ие болатынын, ал құрылыс компаниялары дәл сондай үйлерді салуға басымдық беретінін алдын ала қалай болжадыңыз? 2018 жылға жасаған болжамыңыз орындала бастады ма?

- Жоғарыда айтқанымдай, шоттарында 7-ден 15 миллион теңгеге дейін ақшасы болған халықтың белгілі бір пайызы тұрғын үйге қол жеткізіп алды. Ал халықтың басым көпшілігіне мұндай соманы жинау өте қиын. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Пәтерлердің шаршы метрін азайту амалы ғана бар. Әлбетте, бұл аса жайлы демесеңіз де, осындай бір жолды бастау керек болды. Көптеген адамдар өзінің жеке өмірін 6-9 шаршы метрден бастап, ары қарай дамып кетті ғой. Мұнда да осындай жағдай.

Егер 5 миллион теңгеге үй алуға мүмкіндік болса - демек, осыған жол ашу керек. Ең алдымен, жалға алынған үйлерде, саяжайларда тұрып жатқан адамдар баспанамен қамтылуы тиіс. Бүгінгі таңда Тұрғын үй жинақ банкінің бағдарламасы сатып алуға немесе кепілге мүлкін қоя алатын адамдарға арналған.

Егер сіз банкке «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша барсаңыз, сізге 10 пайыздық соманы беруге әзір, бірақ сіз ол үшін өзіңізде бар пәтерді кепілге қоюыңыз керек. Тұрғызылып жатқан үйлерде де жағдай осы, сіз үй сомасының 30 пайызын салуыңыз керек. Демек, бағдарлама бүгінгі таңда үйі бар адамдарға арналған. Алайда жоғарыда айтқанымдай, кепілге қоятын үй көпшілікте бар ма? Демек, бұл бір шығу оңайға түспейтін шеңбер секілді. Сондықтан, осы мәселені шешу керек.

- Енді бұл түйткілдің шешімін қайдан табуға болады?


- Нұсқалардың бірі - пәтерлердің бағасын төмендетіп, сәйкесінше аумағын да кішірейту. Бірақ, бұл жұмысқа әлі бірде-бір құрылыс компаниясы кіріскен жоқ. Неліктен? Себебі, аумағы шағын пәтерлерді салу әлдеқайда қымбатқа түседі.

Мәселен, жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйдің орнына 3-4 пәтер салынса, инженерлік желілердің - су құбыры, жылу үшін тағы жұмсалу керек болады. Сонымен бірге, қабаттағы сатылмайтын дәліздердің аумағы кеңейіп кетеді. Сол себепті, үй салушылардың бұл қадамға бара қоюы екіталай. Десе де, басқа шешім жоқ. Қазақстанның нарығында өміршеңдікті сақтап қалу үшін бұл қадамға бару керек.

- Тұрғын үйлердің бағасы бүгінгі күні әділетті деп ойлайсыз ба? Көптеген отандастарымыз үйдің бағасы ушығып тұрғанын айтады...

- Элиталы класты үйлердің өзіндік құны эконом-кластағы үйлердің бағасынан ерекшеленеді. Сондықтан, бизнес кластың үйлерін сататындар үстеме бағаны 20 пайызға арттыруға жол бере алады. Ал қолжетімді тұрғын үй нарығында жүргендер 7-8 пайызға көтеруге мүмкіндік ала алмай отыр. Егер, олар уақтылы үйлерін өткізіп үлгермесе, бір сөзбен «өз өздерін жұтып» тынады.

Түсінесіз бе, бір үйдің құрылысы 1,5 жылға созылады делік. Егер осы аралықта үй құрылысын бітірмесеңіз, ары қарай сіз өз шығыныңыз үшін жұмыс атқарасыз. Қолжетімді тұрғын үй - бұл халыққа арналған жоба. Мұндай баспаналардың бағасы көптеген факторларға байланысты - участоктың өзіндік құны, сыртқы желілер мен өзге де факторлар бар деген секілді.

Бірақ, мен сіздерге қолжетімді тұрғын үйдің бағасы - бұл шынайы, қолдан қымбаттатылмаған құн екенін нақты айта аламын. Мәселен, элиталы үй мен эконом класты тұрғын үйлерді салу кезіндегі шығындардың айырмашылығы көп емес. Егер есік алдындағы көк шалғын, кіре беріс немесе үй төбесінің биіктігін есептемесеңіз...

Бірақ, бұл да асып бара жатқан айырманың барын білдірмейді, себебі негізгі құрылымдар - арматура, бетон, кірпіш - екі үйде де бірдей қолданылады. Ең бастысы, кіре беріс пен көк шалғындарды жайған кездегі шығындарда 10-15 пайыздық айырмашылық болуы мүмкін.

- Демек, салушылар үйлерді өзіндік құны бойынша саудалайтын болды ғой?..

- Солай деуге болады. Сондықтан, қолжетімді тұрғын үйлерді салу аса табыс әкелмейді. Элиталы үйлерді салушылар баспаналардың құнын төмендете алады, Ал эконом-кластың үйлерін ары қарай арзандата алмайсыз. Себебі, ары қарай арзандату мүмкін емес. Егер біреу эконом-класс үйлерін тым төмендетіп жатса, демек ол үйді салып бітіріп, біржолата құтылу үшін ғана қадам жасап жатқанын түсіну керек.

- Өзіндік құнының осылайша жоғары болуының себебі неде? Мысалы, Түркия мен Болгария елдеріндегі үйлер Астанадан гөрі арзан болып отырғаны шындық емес пе?


- Елде екі рет девальвация болды. Бірде-бір құрылыс материалдары қымбаттаған жоқ. Салушылардың өзі де аса көп демейтіндей айналыммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оның есесіне Ресей мен өзге мемлекеттерден тасымалданатын құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап кетті.

Мәселен, бұрын 95 теңге тұратын арматура қазір 185 теңгеге жетті. Персоналдың айлығында да осындай жағдай. Егер бұрын бір адамға 150 мың теңге төленіп жүрсе, қазір 300 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді. Мен арматура байлап, бетон құятын адамдар туралы айтып отырмын.

Егер ол жұмысына нақты сондай ақшаны алмаса, өмір сүруден қалады. Шынын айтқанда, бұлармен қоса біздің құрылысшылардың еңбек өнімділігі деп төмендеп кетті. - Неліктен деп ойлайсыз?

- Бұл фактор біздің ғана адамдарға байланысты емес, Еуропада да осындай үрдіс байқалады. Аталмыш құбылыстың нақты себебін атау мүмкін емес. - Алданған салымшылардың мәселесі бүгінгі күні өте өзекті күйінде қалып отыр. Оны шешудің қандай шешімін ұсына алар едіңіз?

- Салым бойынша құрылыс мәселесі көбінде посткеңестік елдерде туындап жатады. Америка мен Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, құрылыс компанияларының тәуекелдері үшін ол жақта сақтандырушылар жауап береді. Олар барлық шығынды жабуға әзір.

Бізде сақтандыру нарығы болмағандықтан, біз бұл бағытта жұмыс жүргізе алмаймыз. Елімізде нарықтық механизмдердің бірі жұмыс істесе, екіншісі жоқ. Нарықтық механизм толыққанды жұмыс істеп тұрған мемлекеттерде клиентке дейін өзінің тәуекелі бар. Біз қазір нарыққа толық енген жоқпыз.

Сіз атаған жағдайларға жауап бере отырып, жауапкершілікті өзімізге аламыз. Дұрыс істеп жатқанымызға сенімдімін. Мен атқарушы билікке жерді берген кезде бұрыннан үй салып келе жатқан компанияларға беру керек деп кеңес берер едім. Демек, тексерілген компанияларға берген абзал. Біз мұндай ұсыныспен шыққанымызда бұл сұраққа «неліктен бір компанияға басымдық беріледі?» деген уәжбен бірден прокуратура кірісетінін айтып ескертті.

- Бірақ, бұл бағытта кейбір құрылыс компаниялары басшыларының клиенттерді таза алдап кететін, сыбайлас жемқорлық жағдайлары да кездесіп жатады ғой...

- Әрбір кәсіпорынның өз тәртібі болуы керек. Сондай-ақ, заңда салымшы салған ақшасын қайтара алмайтындай қарастырылуы керек. Дәл осы мәселе құрылысты тоқтатады. Құрылыс біткеннен кейін ғана ақшасын ала алатындай жағдай жасаған абзал.

- Салымшыларға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз? Ақшаны қалай және қайда салған тиімді?


- Ең басты кеңес - нарықты өзін әлдеқашан мойындатқан компаниялармен жұмыс жүргізіңіз. Егер белгілі бір компания 15-20 жыл бойы үй салумен айналысып келе жатса, қауіп аз деген сөз. Салынып жатқан үйлердің арзан нұсқасына алданып, қиялға сенудің қажеті шамалы - ол үй өміріңіздегі ең қымбатына айналуы мүмкін.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Аян Бекенұлы
Просмотров материала: 2 675

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 516 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 355 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 343 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 281 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 236 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 619 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 428 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031