27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарызын төлеуді "ұмытып кететіндер" бұл әдетті қалай жеңе алады?

14 февраль 2018, 15:38
Қарызды төлеу мерзімін тұрақты негізде сақтамайтын клиенттер арасында ақшаның жетіспеушілігі емес, атқарушылық тәртіптің болмауы кең етек жайған. MoneyMan.kz компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, істі соңғы сәтке дейін қалдыру, яғни қарапайым прокрастинация мерзімі өткен төлемдердің пайда болуына алып келеді екен.

Әдетте қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы сөз қозғағанда, аурухана бөлмесі бойынша орташа температура туралы айтуға болады. Алайда NPL 90+ проблемалық мерзімін өткізу фактісі айсбергтің ұшы болса, ал оның іргетасын 1-15 күн аралығындағы мерзімі өткен төлемдер құрайды.

Мұндай ситуацияға қарызды төлеуді кейінге қалдыру жатады. Адам уақытында төлеудің маңыздылығын түсінеді, бірақ болмашы себептерді тауып, төлеуді кейінге қалдыра береді. Егер қарыз алушы ағымдағы қаржылық міндеттемелерін кейінге қалдыруды әдетке айналдырса, оның кредиттік тарихының бұзылатындығы сөзсіз.

Қарызды уақытында төлеуді «ұмытуға» бейім клиенттердің саны Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарында жоғары екен.

Зерттеу барысында банк бөлімшелері мен терминалдардың саны жетіспейтін өңірлердегі қарыз алушылардың төлем тәртібі жоғары екендігі анықталды. Мысалы, Қостанай облысы бойынша мерзімі өткен төлемдердің үлесі нарықтың жалпы үлесінің 0,7%-н ғана құрайды екен.

Бұған қоса зерттеу нәтижелерінде қарызды төлемейтін клиенттердің әлеуметтік портреті барлық өңірлер үшін бірдей екендігі туралы ақпарат келтірілген. Біріншіден, әлеуметтік категориялар сан алуан, екіншіден, зерттеу кезінде белгілі бір заңдылық байқалған.

Мысалы, онлайн кредиттеу сервисін пайдаланатын клиенттердің арасында ерлер басым болып шықты. 2017 жылы және 2016 жылдары олардың үлесі 41% және 53%-ды тиісінше құрады.

Алайда MoneyMan.kz компаниясының статистикасына сәйкес әйелдер арасында қарызды төлемеу көрсеткіші 59% болса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 41%-ға тең болған.

NPL 1 бастап NPL 50 дейінгі мерзімі өткен қарыз алушылар арасындағы гендерлік өзгерістер




Қарыз алушылардың отбасылық статусының рөлін де атап көрсеткен жөн. Мәселен, зерттеу барысында 63,6% «проблемалық» қарыз алушылар отбасылық қарым-қатынаста емес екендігі анықталды. Алайда 2017 жылғы статистикаға назар аударсақ, ресми немесе азаматтық некедегі клиенттер 2,4%-ға жиі қарыз ала бастаған. Нәтижесінде олардың жалпы үлесі берілген қарыздың жалпы санының 37,4%-н құраған.

NPL 1 бастап NPL 15 дейінгі мерзімі өткен қарыз алушылардың отбасылық статусы




Қарызды төлеуді кейінге қалдыратын қарыз алушылардың жас аралығы туралы айтатын болсақ, MoneyMan.kz компаниясының деректері бойынша онлайн қарыз алушылардың жасы 18-30 аралығындаекендігі белгілі болды. Егер 2016 жылы мұндай жас аралығындағы клиенттердің арасындағы шарттардың үлесі 52,4% болса, 2017 жылы осы сегменттегі клиенттер шамамен 56,6% қарызды ресімдеген.

NPL 1 бастап NPL 15 дейінгі мерзімі өткен қарыз алушының жас категориясы, 2016 ж., 2017 ж., 18-30 жас




«Менің жұмысым жақсы. Жеке өмір сүруге мүмкіндігім бар, алайда соған қарамастан тұрақты негізде қарызға кіремін. Шынымды айтсам, қарыз немесе кішігірім сомаға кредит алуды жөн санаймын, себебі туыстарыма немесе достарыма маған неге үнемі ақша қажет екендігін түсіндірген ыңғайсыз. Ұзақ мерзімге үлкен соманы кредитке алғанша қысқа мерзімге қарыз алғанды дұрыс деп есептеймін және менің төлем тәртібім өте жақсы. Мен 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеймін, жақын жерде банктердің бөлімшелері жоқ, ал үйге қайтқанда тағы бір жерге бару мүмкіндігі әрқашан бола бермейді, тіпті кейбір жағдайларда өтеу ыңғайсыз болады. Иә, менің сөзім кейбір адамдар үшін ақылға қонымсыз болуы ықтимал екендігін түсінемін. Алайда мен үшін қысқа мерзімге жалақыға дейін шағын қарыз алған жақсы шешім болып табылады» - деді өз пікірімен бөліскен Алматы қаласының тұрғыны Алена.

Бұл ретте қарыз алушылардың жасы мен қаржылық тәртіп арасындағы байланысты байқау оңай. Ересек адамдар өз міндеттемелеріне жауапты қарап, төлемдерді уақытында енгізеді.

Осы факттің дәлелі ретінде зейнеткерлерді қарастырайық. Олар тұрғын үй қызметтерін төлейді және шағын кредитті ресімдейді. Зейнеткерлер бірден барлық қажетті төлемдерді төлеп, «ертеңгі күнге» қалдырмайды, ал жастар болса, төлемдерді кейінге қалдыруға қарсы емес.

Тағы бір айта кететін жайт, табысы шағын азаматтардың ақшалай міндеттемелеріне деген жауапкершілігі өте жоғары. Табысы 25 000 – 50 000 теңге аралығындағы адамдар - қарызгерлердің 6%-ын ғана құрайды.

Бір жағынан, табысы орташа қарыз алушылар кейбір жағдайларда кредитті уақытында төлеу мүмкіндігінің болуына қарамастан, қарызды уақытында төлеуді жөн көрмейтін жағдайлар болады және сол себептен мұндай тұлғаларда кез келген сәтте төлем мерзімін өткізіп алу мүмкіндігі жоғары болады.

Сонымен қатар, қарыз алушылардың тағы бір категориясы, яғни төлемдерді уақытында төлемеу себебінен ситуацияны одан әрі шиеленістіріп, қарызды төлеуден мүлдем бас тартады. .

Мұндай категориядағы борышкерлерден берешекті қайтару мүлдем қиынға соғады, себебі олар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, қарызды алып, оны төлемейді. Мысалы, олар қарыз берушіден ескерту алмас үшін телефон нөмірлерін, сауалнамада көрсеткен жұмыс орындарын, тіпті тұрғылықты мекенжайын өзгертеді.

MoneyMan.kz компаниясының деректері бойынша мұндай қарыз алушылар клиенттердің жалпы пулында бірнешу ғана. Төлем мерзімін өткізген тұлғалардың басым бөлігі мұндай ситуацияға өздерінің зейінсіздік деңгейінің төмен болуынан тап болады, ал кейбір қарыз алушылар материалдық жағдайы қалпына келгенде және сұрақ оң шешілгенде қарыздарын төлеуге дайын.

MoneyMan.kz онлайн кредиттеу сервисінің бас директоры Андрей Игнатенко қазіргі сәтте адамдар кредит өнімдерін жете түсіне бастағандығы туралы айтты.

«Ақшалай қарыз – өте пайдалы құрал және оның тиімділігі адамға ғана байланысты. Егер қарыз алушының нақты мақсаты болса және ол қарызды уақытында өтесе, болашақта оның кредиттік тарихы дұрыс болады және тиісінше қаржыға қол жеткізу оңай, ал өмірі айтарлықтай ыңғайлы болады» - деді өз сөзінде Игнатенко мырза.
Просмотров материала: 2 496

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 449 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 268 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 240 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 166 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 121 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 635 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 783 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930