29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жемқорды неге ақтаймыз?

13 февраль 2018, 13:11
Өткен аптада Алматының Алмалы аудандық соты Ерлан Біләлді Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-тармағы және 366-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танып, 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салды. Сондай-ақ сот оны мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасына кесті. Егер ол бір ай ішінде аталған қаржыны төлемесе, үш жылдан жеті жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Бір қызығы, соттың осы үкіміне байланысты қоғамның пікірі екіге жарылды. Көпшілік қауым белгілі әртіске салынған айыппұлды тым ауыр десе, екінші тарап соттың әділ шешім шығарғанын тілге тиек етуде. Әйтсе де, бізді таңғалдырған дүние – сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматты қоғамның ақтап алуы болып отыр. Егер көпшілік қылмысын ашық мойындаған азаматты ақтап алса, онда елімізде жемқорлық жойылуы мүмкін бе?

Жемқорды ақтап алу ақылға сыймайды


Белгілі журналист Қуандық Шамахайдың айтуынша, қоғамда жемқорлыққа төзбейтін ахуал қалыптасуы керек. Өкінішке қарай, қазіргі біздің қоғам жемқорлыққа қатысы бар адамға шаң жуытпайтын жағдайға душар болған.

– Әу баста бір топ қайраткер шығып, қылмысын өзі мойындап тұрғанына қарамастан, Ерлан Біләлді «сүттен ақ, судан таза» деп, «дарынды адам пара алмайды» деді. Бірақ та дарындылығына қарамастан ақша көрсе, актер де жолдан таяды екен. Обалы нешік, Ерланның ерлігі қателігін ашық мойындауы болды. Бір қызығы сот үкімі оқылғанда, әлгі атақтарынан ат үркетін қайраткерлер ат-тондарын ала қашты. Оларға азаматтан гөрі оның лауазымы қымбат болған шығар. Мәнсабынан айырылғаны анық болған соң «аш пәледен қаш пәле» деп кетті. Ал, актеріміз өткен іске өкінген де шығар, бірақ, атағы мен сыйлықтарына жармасып, зар илегені жарамады. Ар-ұяттан гөрі атақ пен сыйлық қымбат болып кетті, – дейді ол.

Құқық қорғаушы Абзал Құспанның айтуынша, соттың Ерлан Біләлға 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салуы тым ауыр шешім емес. Керісінше ол қылмыстық кодекстің 55 бабына сәйкес жаза жеңілдетілгенін ескертеді.

– Елімізде сыбайлас жемқорлықтың тиылмай тұрғанына биліктен бөлек, қоғамның өзі айыпты. Өйткені қарапайым халық «ел жұрттың қошеметіне бөленген адамға тым қатал жаза кесілмеуі керек еді» деп айтып жатыр. Бұл деген сөз қараша халықтың өзі сыбайлас жемқорлықпен күресуге құлықты емес дегенді білдіреді. Шын мәнісінде заң бұзған адамды атақ дәрежесі мен танымалдығына байланысты ақтап алуға болмайды. Әрине елдің қошеметіне бөленген азаматтың шалыс басқаны бәрімізге ауыр тиді. Әйтсе де, Ерлан Біләл соттың айыбымен келіспей, өзінің наразылығын білдіріп жатқан жоқ қой. Ендеше сот неге айыпты азаматқа тиісті жаза қолданбауы керек. Өз басым бұл іске байланысты көпшіліктің ығына жығылып, әділетсіздікке бара алмайды екенмін. Қарапайым халықты айтпағанда атағынан ат үркетін азаматтарды өзі жемқорлықпен ұсталған адамды ақтап алып жатыр. Бір қызығы Астана көшелеріндегі билбордта Асанәлі Әшімовтың «сыбайлас жемқорлық қоғамың жауы» деген сөзі жазылып тұр. Ал өзі бармақ басты, көз қысты әрекетке жол берген әріптесін қорғап, екіжүзділік танытып отыр, – дейді адвокат.

Қарапайым халықтың тұрмысы тұралап, кедейшілікте өмір сүріп жатқанына сыбайлас жемқорлық бірден бір себепкер. Алайда қоғамның бетке ұстар тұлғаларынан бастап, қараша халқына дейін қылмыс жасаған адамды ақтап алуы түсініксіз.

Ахметов айыпты болмаса, айыппұлды неге төледі?

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа душар болған азаматты ақтап алудың бірнеше себебі бар. Оның ең басты себебі – біздің елімізде соттың жұмысы әділетті емес. Сондай-ақ, соңғы кездері жемқорлық дауы есеп айырысудың ең оңтайлы тәсіліне айналды. Оған экс-премер-министр Серік Ахметовты ісі бірден бір дәлел бола алады.

Ең бірінші Серік Нығыметұлын мемлекеттік телеарналар айыптап, «Үкімет қайда қарап отыр?» деген акция ұйымдастырған болатын. Сонан соң аса ірі мөлшерде пара алды деген шешіммен Ахметов он жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда ол мемлекетке келтірген 2,2 млрд теңге шығынды төлеп, бостандыққа шықты. Әрине бұл арада Серік Ахметовтың «сүттен ақ, судан таза» деп айта алмаймыз. Десек те ол істі болған кезде әлеуметтік желіде оны ақтап, әртүрлі пікірлер айтылды.

Бірақ Ахметов айыпты болмаса айыппұлды төлеп бостандыққа шықпас еді ғой. Соған қарамастан көпшілік ол айыпты болғанда өкініш білдіріп, бостандыққа шыққанда қуанды. Осы ретте сарапшылардың «экс-премер-министр кланаралық тартыстың құрбаны болды» деген сөзін назарға алған жөн секілді.

Жәкішев Елбасынан неге кешірім сұрамады?


Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталғандар туралы айтқанда Мұхтар Жәкішев еске түседі. Ол 2010 жылы қылмыстық кодекстің 176 (оған сеніп тапсырылған біреудің мүлкін талан-таражға салу) және 311 («пара алу») баптары бойынша айыпты деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-президенті Серік Ахметов және де өзгеде саясаткер сияқты Елбасынан кешірім сұрап, қылмысын мойындаған жоқ. Сондықтан боса керек ол 8 жылдан бері түрмеде отыр.

Сарапшылар оның ұзақ мерізімде түрмеде отыруын Ресеймен байланыстырады. Өйткені ол «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарып тұста Жапония сынды дамыған мемлекеттермен әріптестік орнатуға тырысқан. Ал бұл қадам сарапшылардың айтуынша Ресейдің мүддесіне қайшы. Бұл бір.

Екіншіден оның түрмеде отыруына Мұхтар Әблязовпен достық қарым-қатынасы себеп болғанға ұқсайды. Себебі Әблязов түрмеде жатқанда Жәкішев оның бұдан былай «тәртіпті» болатынына кепілдік берген көрінеді.

Алайда кейін Мұхтар Әблязов ойын ережесін бұзып, билікке қарсы шықты. Әйтеуір Мұхтар Жәкішевтің жемқорлық айыбымен түрмеде отыруына байланысты қоғамда осындай болжамдар айтылады. Сондықтан болса керек қоғам өкілдері ол істі болғанда айыптамай, ақтап алуға тырысады. Тіпті кейбір азаматтар Мұхтар Жәкішевті мемлекетке пайда келтіретін мықты менеджер ретінде сипаттайды.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа тұтылған азаматтарды ақтап алудың астарында әділ ойын ережелерінің сақталмауы түркі болуда. Сол себепті 1 млн доллар пара алып бостандыққа шыққан Василий Нидің жанында Ерлан Біләл періште болып отыр. Егер елімізде жемқорлықпен күрес әділетті түрде жүзеге аспаса жағдай бұдан да қатты ушыға түспек.

Серік ҚОЖАГЕЛДІ
Астана
Просмотров материала: 3 390

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 597 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 436 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 423 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 360 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 315 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 633 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 289 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 443 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031