12 ноября 2019 г.

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Бұдан былай төрт балаға жәрдемақы төленбейді

09 февраль 2018, 17:23
Жәрдемақы төлеуге қатысты жаңа өзгеріс бойынша қазынаның балаға төлейтін төлемі қанша пайызға өсті? 2018 жылдан бастап төрт балалы отбасы көп балалы деп есептеле ме? Осы және өзге де сұрақтарға elorda.info сайты жауап іздеп көрген екен.

Жөргекпұл – 91390 теңге

Иә, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы жаңа жылдың басынан бастап азаматтарға жаңа мөлшерлеме тағайындады. Елімізде әлеуметтік жәрдемақы, әсіресе, әйелдерге көп төленеді. Бір бала туса да, бірнеше бала туса да, белгіленген тәртіппен тағайындалады.

Биыл бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 91390 теңге жөргекпұл беріледі. Төртінші және одан көп туғанға 151 515 теңге тағайындалған. Сала мамандарының айтуынша, егіз немесе үшем дүниеге келген жағдайда, бір реттік жәрдемақы әр балаға жеке төленеді. Әрине, оның мөлшері туу кезектігіне байланысты жүзеге асырылады.

Аналар үшін бала 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдем¬ақының көмегі көп. Ол екі жолмен тағайындалады. Жұмыс істей жүріп, декреттік демалысқа шыққан әйелдер ай сайын айлығының 40 пайызын алып отырады.

Оны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді. Мөлшеріне келсек, бала туу алдындағы соңғы 24 айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген, орташа айлық кірісінің 40 пайызын құрайды. Ал жұмыссыз әйелдерге жәрдемақы республикалық бюджет есебінен төленеді.

Төрт бала – көп бала ма?
Елімізде осы уақытқа дейін төрт бала туған аналарға ай сайын 9500 теңге көлемінде жәрдемақы беріліп келді. Ал биылдан бастап төртінші баласын босанған әйелдерге бұл тағайындалмайтын болды. Көпшілікті алаңдатқан мәселе – осы. Өйткені көптің көкейінде төрт бала енді көп балалы отбасы емес деген түсінік қалыптасты.

Бұл ретте "Биыл төртінші баласын туғандар "көп балалы отбасы" санатына жата ма?" деген сауалымызға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Асқар Ниязов жауап берді. Оның айтуынша, көп балалы отбасы түсінігі қолданыстан алынған жоқ.

Төрт және одан да көп баласы барлар көп балалы отбасына жатады. Енгізілген өзгеріс бойынша 2018 жылдан бастап бұған дейін ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді тағайындалмайды. Өйткені осы санаттағы аз қамтылған отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа форматы шықты.

"Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған отбасыларға ұсынылатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасылар үшін сақталады" дейді ол.

Бұл ретте, көп балалы отбасы¬ларды мемлекеттік қолдау аясында жергілікті органдардың шешімімен айқындалатын қосымша қолдау шаралары, яғни қоғамдық көлікте жеңілдікпен тегін жүру, тұрғын үй алуға кезекке тұру секілді мүмкіндіктер сақталатынын айтуымыз керек.

Жаңа форматтың жаңалығы не?

Сонымен, биыл атаулы әлеуметтік көмек табысы төмен отбасылар үшін жаңа форматқа көшті. Осылайша, аталмыш бірыңғай жәрдемақының құрамында қолданыста болған көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек біріктірілді. Енді шамамен 350 мың отбасы жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек алады.

Айта кетейік, берілетін үш жәрдемақының жалпы сомасы әлеуметтік әлжуаз отбасылардың әрбір мүшесіне ай сайын 6396 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 10 пайызға көтерілуіне байланысты, әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы шамамен 2500 мың теңге болмақ. Бір маңыздысы, мұндай қомақты қаражат тұрмысы төмен отбасыларға шартты түрде беріледі.

"Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микрокредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалынады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар мұндай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал жұмысқа тарту шараларына қатысуды өз бетінше тоқтататын болса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылатын болады", — дейді министр Тамара Дүйсенова.

Есесіне, отбасындағы кәмелетке толмаған балаларға, бала күтімімен отырған аналарға, объективті себептерге байланысты еңбек ете алмайтын жұмыс жасындағы азаматтарға әлеуметтік көмек ешбір шартсыз тағайындалмақ екен.

Дегенмен жаңа форматтың жаңалығы жалпақ жұртты онша қуандыра қоймады. Бір үйде бір адам ғана жұмыс жасап, оның жалақысы жүз мың ғана болса, төрт балалы отбасы бұл көмекті ала алмайды. Өйткені енгізілген өзгеріске сәйкес, әр адамға 14 мың теңгеден есептегенде бір үйдің алты қаралы жанына осы жүз мың жетеді-міс.

"Жақында ғана төртінші баламды босандым. Әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығына барсам "Сіздің күйеуіңіздің жалақысы жеткілікті" деп шығарып салды мамандар. Шынын айтқанда, 105 мың теңгемізді пәтеріміздің арендасына ғана беріп отырмыз. Әрі қарай бізге мүлдем әлеуметтік көмек жоқ", — дейді Айжан Қыстаубаева есімді оқырман.
Просмотров материала: 12 902

Поделиться материалом


16:56 8 лучших фильмов о моде во всемирный день шоппинга... 92 Просмотров

16:55 Школьник погиб в ходе драки в Актобе, еще двое ранены... 45 Просмотров

16:40 В Туркестане мужчина выкрал для свадьбы школьницу,... 62 Просмотров

16:25 Современные средства кибербезопасности платформ IoT... 103 Просмотров

16:10 Как в Алматы будут решать проблему нехватки общественных... 93 Просмотров

15:57 Узнай своего депутата: Павел Казанцев... 107 Просмотров

15:48 Н.Назарбаев прервал свое выступление из-за непонятного шума... 148 Просмотров

15:19 Баян Алагузова возмутилась "нарядами ажеки" в Казахстане... 134 Просмотров

15:07 Как алматинцы будут платить за переделку балконов... 104 Просмотров

14:39 Насколько Евразийский экономический Союз оправдал надежды,... 107 Просмотров

14:23 Знаю, что мой уход с огорчением был воспринят населением -... 327 Просмотров

13:42 Нанес ущерб Казахстану на 2 млрд тенге: подозреваемый... 121 Просмотров

13:17 Министр предложил наказывать чиновников за неосвоение... 108 Просмотров

13:03 За год количество безработных в городах Казахстана... 128 Просмотров

11:57 Аэропорт Алматы могут продать турецкой компании... 170 Просмотров

11:45 Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады... 196 Просмотров

11:19 Азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады... 154 Просмотров

10:58 1,3 тыс. человек погибли в ДТП с начала года в Казахстане... 152 Просмотров

10:44 Серик Ахметов подал апелляцию об отмене постановления суда... 161 Просмотров

10:26 В 2020 году старые банкноты перестанут принимать - Нацбанк... 140 Просмотров

10:08 Қазақ халқы туған күнді неге тойламаған? (ВИДЕО)... 192 Просмотров

09:49 Центральный госпиталь МВД остался без воды в столице... 143 Просмотров

09:32 Курс валют на 12 ноября... 156 Просмотров

09:23 Прогноз погоды на 12 ноября: на северо-западе и востоке... 137 Просмотров

21:19 Елбасыдан араша сұраған 7 оқушыны колледжден шығарып жіберді... 295 Просмотров

20:38 Суд признал форс-мажором задержку поставки автобусов из-за... 271 Просмотров

20:11 Президент поручил МОН без спешки организовать переход на... 266 Просмотров

17:37 Кто из казахстанских полицейских не прошел аттестацию... 365 Просмотров

17:24 Отключение света в Нур-Султане. Полиция возбудила уголовное... 265 Просмотров

16:22 Новую казахскую школу открыли в Костанае... 250 Просмотров

16:18 26 бывших полицейских осудили в Шымкенте... 320 Просмотров

15:46 Солнечную электростанцию планируют построить в течение трех... 275 Просмотров

15:38 Прием документов на жилье для молодежи продлили в... 303 Просмотров

15:18 В Казахстане скопилось до 200 млн кубометров радиоактивных... 318 Просмотров

14:47 С 2020 года трасса Атырау-Уральск будет платной... 246 Просмотров

14:42 За 9 месяцев в Казахстане обанкротилось 761 предприятие... 301 Просмотров

13:42 К.Токаев поручил найти виновных в аварии, из-за которой... 307 Просмотров

13:38 Государство практически не инвестирует в науку... 285 Просмотров

13:32 Қазақстанда ғылым саласына тартылған инвестиция көлемі артты... 281 Просмотров

13:21 В Алматы ожидается сход снежных лавин... 196 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930