20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкім есебінде сұрақтар "сценарий" бойынша қойыла ма?

08 февраль 2018, 15:35
Тұрғындар саны жөнінен кей облыстардың халқына жетеқабыл Сайрам ауданында атқарылған жұмыстарды жоққа шығаруға болмас, десе де түйіні тарқамай, бірнеше жылдан бері қордаланып жатқан мәселе көп екен. Бұған біз аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың қорытынды есеп беру кездесуінде көз жеткіздік. Қалай дейсіздер ғой? Ендеше, 1,5 сағатқа созылған кездесуге мән беріп көрелік.

Әдеттегідей, аудан әкімі атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндаманы ширек сағаттай оқыды. Одан кейін сұрақ-жауап бөлімі басталды. Осы тұста залда тыныштық орнады. Халық сұрақ қоюға бата алмай отырған секілді көрінді. Бұны сезген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев көпшілікті өздерін еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмай көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойғандарын қалады. Облыс әкімінің осы бір сөзі әсер етті ме, ортаға бір кісі суырылып шықты.

– Айтқым келген бір мәселе бар. Бұл мәселе 2015 жылдан басталған. Яғни, 3 жыл болды. Ешқандай шешімін таппай жатыр, — деп сөзін жұмбақтап бастаған ақбастаулық Бердібек Айтқұлов ел назарын өзіне аударған. Оның айтуынша, Сайрамда бір мектеп директоры 3 дипломмен қызмет істеп келеді екен. Бір қызығы, үшеуі де жалған диплом көрінеді. Бұны олар әлдеқашан дәлелдеп берсе де, нәтиже шықпай жатыр дейді. Аудан тұрғыны осы мәселеге қатысты нақты саладағы нақты кісі есімдерін де атады. Осы сәтте зал күбірлеп кетті. Көпшілік есеп беру кездесуінен мұндайды күтпесе керек. Аздап ойланып қалған Бақтияр Мамаев бұл сұраққа арнайы құқық қорғау саласының қызметкерлерімен бірлесіп, жазбаша түрде жауап беретінін хабарлады. Біз «неге осы уақытқа дейін бұл мәселені бір жақты қылмаған» деп ойлауымыз сол еді, осыны сезгендей аудан әкімі бұл мәселеден хабары жоқ екенін, енді алдағы уақытта заңға сай хабар берілетінін айтты.

Осыдан кейін ортаға ардагер шықты. Барша аудан ардагерлерінің атынан сөйлеген ол кісі аудан әкімінің есебін тыңдап отырғанда марқайып қалғанын қуана жеткізді. Сонымен қатар, ол аудан әкімінің ауылдық округтерде өткізген кездесулерінен мысалдар келтірді.

– Кімдер сұрақ бар десе, «ойбай, қоятын сұрағымыз жоқ. Себебі, біздің ауылда, біздің елді мекенде, біздің округте барлық мәселе шешілген. Сондықтан, тек қана рахметтен басқа айтарымыз жоқ» деп аудан әкімінің жұмысына оң баға бергенінің куәсі болдық. Шындығында да солай, — деген ардагер Сайрамда жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатқанынына ризашылық білдірді. Содан кейін өз ұсынысын айтты. Яғни, алда келе жатқан 90 жылдық мерейтойға орай, аудан жетістіктерін бейнелейтін мұражай ашу қажет екен. Осы сәтте облыс әкімі әлденені сезді ме:

– Көп жағдайда кейде баспасөзде айтылып жатады, сценарий бойынша сұрақтар беріледі деп. Мәселені айтыңыздар. Өйткені, бұл жерде айтылған мәселе ертең облысқа келеді. Бәрібір түбінде естиміз. Сондықтан да, осы жерде ашық айтқандарыңыз дұрыс, — деп аудан тұрғындарынан шынайылықты күтетінін аңғартты. Яғни, сценарий бойынша сұрақтар қойылғанын қаламады. Оның орнына мәселені қорықпай көтеру керектігін жеткізді.

Бірақ, келесі сұрақ та бізге сценарий бойынша қойылғандай көрінді. Себебі, ардагерден кейін сөз тізгінін алған сайрамдық ауданда «Шатқал» бағдарламасының іске асуы жөнінде сөз қозғап, әкім есебіне бағасын бере кетуді де ұмытпады. Бұл сұраққа Бақтияр Сапарәліұлы іркілмей ылдым-жылдым жауап берді. Қысқасы, Сайрамда облыс әкімінің тапсырмасына сай жұмыс жоспарлы түрде атқарылып жатқанын хабарлады. Бұдан кейін де тұрғындар тарапынан бірді-екілі «кезекші» сұрақтар қойылды. Оларға да берілетін нақты жауап дайын болды.

Міне, осыдан кейін барып тұрғындар шынай мәселелерді көтере бастады. Өзін М.Абдуллаева деп таныстырған көзін мұң торлаған әйел 2013 жылдан бері әділдікке жете алмай келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қызы сыныптастарынан таяқ жеп, мүгедек болып қалыпты. Сыныптастары Астанада оқып келген қызды «қазақша мектеп бітіргенсің» деген сыңайда ұрып-соғыпты.

Осыған байланысты, мектеп басшылығы жәбірленуші жаққа «арыз жазбаңызшы, ауыл абыройына кір келтірмеңізші» деп жалынып-жалпайыпты. Бірақ, ана бәрібір арыз жазуға бел буады. Бірақ, содан бері байқұс ананың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Бірақ, одан нәтиже жоқ. Аудандық ішкі істер бөлімінен, прокуратурадан күдерін үзген екен.

Себебі, ондағылар ананың жанайқайына құлақ аспапты. Ақыры, мүгедек қызы үй жағдайында білім алып жатыр екен. Жылай-жылай көзінен суы тартылған ана қос әкімге осыған назар аударуын сұрады. 5 жылдан бері нүкте қойылмай келе жатқан бұл жайт Жансейіт Қансейітұлына әсер еткен болуы керек, ол дереу аудандық Ішкі істер бөлімінен келген өкілді орнынан тұрғызды. Ол қысқа әрі нұсқа «қашпа» жауаппен құтылып кеткісі келіп еді, облыс әкімі бөлім басшысын қыспаққа алды.

Ақыры, болмағасын «қылмыстық құрамы болмағасын бұл іс қысқартылды» деп жауап беріп еді, облыс әкімі «мүгедек болып қалды дейді. Ол қалай?» деп тығырыққа тіреді. Иә, бұл жерде түсініксіз жайт көп. Облыс әкімі бас инспекторға аталған істі соңына дейін қарауды тапсырып, толықтай өз бақылауына алатынын айтты. Үміті қайта оянған ана әкімге қайта-қайта алғыс айтып, орнына барып жайғасты.

Ал, Ақсукент ауылының тұрғыны газ тақырыбын көтерді. Оның айтуынша, газға жауапты мамандар халықты қанап жатыр екен. 5000 теңге төлейтін нәрсеге 10 мың теңге жазып әкеледі. «Төлемесең қырқып кетеміз, қырып кетеміз» деп қорқытып-үркітетін көрінеді. «Айта берсеңіз, біздің Ақсукентте мұндай мәселе көп. Әшейін жауып қоя саламыз» деп ақсукенттік әйел ренішін білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі «ҚазТрансГаз» өкілдерін арнайы шақырып, осы мәселені шам алып қарағанын айтты. Олар артық ақша алғандарын мойындап, бәрін 10 күнде реттейтіндерін айтып ақталыпты. «Мойындады» дейміз-ау, сонда халықты алдап алған ақшаның есебі жоқ па?

Осы тұста аудан әкімі кездесуді аяқтауға ниетті болып еді, жиын бойы үнсіз отырған «Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Төлеметов есімді азамат «есін жиды». Облыс әкімі «сұрақ қойсын» деп қоғам белсендісіне мүмкіндік берілді. Сол-ақ екен, бірлестік төрағасы аудандағы айтылмай келе жатқан бар шындықты жайып салды.

– Бізде жер мәселесі өте күрделі. Ауданда Ж. есімді азаматта бір басында 90 жері бар. Әрқайсысын 10-20 мың доллардан сатып жатыр. Ал, халықта 8 сотық жер де жоқ, — деп ауданда жер мәселесі жанып тұрғанын айтты.

Халықта жер алатын мүмкіндік жоқ. 30-40 мың жалақы алатындар қалай жер алып, үй салмақ? Және ауданда мал жаятын жер жоқ екен. Бірақ, ат төбеліндей азаматтарда 1000 гектарлап жер бар екен. Міне, бұнда да түсініксіз жайт көп. Жерге қатысты аудан әкімдігінің шығарып жатқан қаулылалары да жалған болып жатыр.

Сонымен қатар, тазалық мәселесі оңбай тұр екен. Шымкент пен Сайрамдағы көгалдандыру жұмыстарын салыстыруға мүлдем келмейді. Ал, осы көгалдандыруға миллиондаған қаржы бөлінеді. Сол қаржы қайда кетіп жатыр? Халық сөзін сөйлейді деген депутаттар саусақ ұштарын қозғалтпай отыр.

Осы тақырыпты көтерген бірлестік төрағасы облыс басшысы аудан әкімін жер мен тазалық мәселесін шешу үшін тағайындағанын еске салып өтті. Дегенмен, аудан әкімі әлі де болса облыс әкімі тапсырмасын толыққанды орындай алмай отыр екен. Бұған қанша уақыт керек? Осы сәт залда отырған тұрғындар қол шапалақтап жіберді.

Аудан әкімі осы дауы бітпейтін жер жөнінде комиссия құрылғанын, әзірге нақты жұмыстар басталмағандығын, себебі, қолды болып кеткен жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Және сол топқа Қ.Төлеметовты қосатынын айтып уәде берді.

Жиын соңында бір қария аудандағы коррупция жөнінде айтып өтті. Сол коррупцияға қатысы бар-ау деген азаматтарды атын атап, түсін түстеп берді. Әрине, бұл жағын әлі нақтылау керек. Жалпы, айта берсек ауданда мәселе көп екен. Облыс әкімі келгенін пайдаланған аудан тұрғындары әбден ағынан жарылды.

Әйтсе де, уақыт тапшы болып көптеген жайттар айтылмай қалып кеткендей. Бақтияр Мамаевқа әкім болғанына 5 айдан енді асыпты. Жансейіт Қансейітұлы осыны айтып аудан әкімін наразы халықтан арашалап алғандай болды. Енді Мамаев облыс әкімінің арашасына лайық па, әлде керісінше ме, мұны уақыт көрсетеді.

Абылай ЕСІМБАЙ
ДЕРЕККӨЗ: rgmedia.kz
Просмотров материала: 3 408

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 718 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 541 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 509 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 443 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 427 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 745 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 448 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930