28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



27 мың теңге айлыққа қалай күн көруге болады? - депутат

07 февраль 2018, 15:19
Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы қызметкерлердің жалақысын ұлғайту жөнінде шара қабылдауды талап етті, деп хабарлайды sputniknews.kz. Қарағұсова мұғалімдер мен дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлер жалақысының аздығына ашуланды.

Қарағұсова премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында 2016 жылдан бастап елімізде республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жаңа жүйеге көшу арқылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын 28%-ға, білім және ғылым қызметкерлерінің жалақысын 29%-ға дейін көтеру жоспарланған.

Дегенмен 2016 жылы білім қызметкерлерінің жалақысы одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,4%-ға, ал әлеуметтік қызметтер және денсаулық сақтау қызметкерлерінікі бар-жоғы 0,7%-ға көтерілген. 2017 жылы білім қызметкерлерінің нақты орташа жалақысы 4,4%-ға, ал әлеуметтік қызметтер және денсаулық сақтау қызметкерлерінікі 4,3%-ға азайған.

"Яғни іс жүзінде білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы қызметкерлердің жалақысы көбеюдің орнына азайған болып тұр", — деп жазылған депутаттық сауалда.

Қарағұсова елордадағы 18 жастан асқан мүгедектермен жұмыс істейтін "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жалақысын мысалға келтірді. Бұл ұйымда санитар қолына 30 924 теңге, тәрбиешінің көмекшісі 28 247 теңге, ас үй жұмысшысы 27 390 теңге алады екен. Өзге өңірлерде де жағдай мәз емес, әлеуметтік қызметкерлер 26 мыңнан 40 мың теңгеге дейін алатынын атап өтті депутат.

"Коммуналдық төлемдердің өзі орташа 15-20 мың теңге болып жатқанда мұндай жалақыға қалай өмір сүруге болады? Оған қоса азық-түлік сатып алу қажет, жолақысы бар, балаңды балабақшаға беруің керек. Қызметкерлердің көбісінің басында баспана жоқ, аядай ғана бөлмені жалдап отыр", — деп қынжылды Қарағұсова.

Депутат мұндай жалақымен қызметкерлердің көбісі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына да қатыса алмайтынын ашына айтты.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтық қызметкерлер жалақысының осыншалық аз болуына лауазымдық жалақыны есептеу кезінде қолданылатын базалық лауазымдық жалақы деңгейінің төмендігі басты себептердің бірі болып отыр. 17 697 теңге көлеміндегі базалық лауазымдық жалақы 2011 жылы бекітілген. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40%-дай аз және жеті жыл бойы өзгермеген.

Осыған байланысты Қарағұсова базалық лауазымдық жалақыны заңмен бекітілген айлық жалақының ең төменгі көлемімен алмастыруды ұсынды.
Просмотров материала: 7 123

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 495 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 334 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 322 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 260 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 215 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 613 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 270 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 422 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031