19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Абу-Даби Плазаның" қуылған жұмысшылары еңбек шартын оқымаған - вице-министр

07 февраль 2018, 14:43
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев "Абу-Даби Плаза" кешенінде шыққан дауға құқықтық сауатсыздық негіз болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлтаевтың айтуынша, құрылыс алаңындағы дау – құқықтық сауатсыздықтың айқын мысалы.

Вице-министрдің айтуынша, адамдардың көп жағдайда еңбек шартын оқымай қол қоя салуы түрлі түсініспеушілікке әкеп соғады. Әлтаев жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет екенін, министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Көп жағдайда қызметкерлер еңбек шартына оқымастан қол қоя салады. Бұл өте өзекті мәселе, біз бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Кешегі "Абу-Даби Плаза" кешенінде шыққан дау да осының айқын мысалы. Жеке еңбек шартына қол қойған адамдар құжатты оқымағаннан кейін, келісімшарт бұзылғанына таңғалып отыр. Ал шартта олардың белгілі бір жұмыс көлеміне алынатыны, аяқталатын мерзімі көрсетілген", — дейді ол.

Әлтаев қазір "Абу-Даби Плазада" жұмыс көлемі азайып жатқанын айтты. Қазіргі таңда ресми түрде 62 адаммен еңбек шарты бұзылса, таяуда тағы 200 адам жұмыстан босатылады.

"Біздің еңбек инспекторлары құрылыс алаңына барып, төрт компанияның өкілдерімен әңгімелесті. Наразылыққа шыққан жұмысшылардың уақытша алынғаны белгілі болды. Екінші мәселе, еңбек инспекторлары жұмыссыз қалған азаматтармен сөйлесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін ұсынды. Бүгінде Астанада 4500 бос орын бар. Біз сол жұмыс орындарын жаңағы құрылысшыларға ұсындық. 4500 бос орынның 200-і құрылыс саласына қарасты. Бірақ, азаматтар біз ұсынған орындарға онша қызығушылық таныта қоймады. Олардың басты мәселесі өтемақы алу болып отыр", — деді вице-министр.

Әлтаевтың айтуынша, Еңбек кодексі бойынша уақытша алынған азаматтарға ешқандай өтемақы қарастырылмаған. Ал "Абу-Даби Плазадағы" төрт компания жұмыссыз қалғандарға өз еркімен бір айлық көлемде өтемақы төлеп отыр.

"Біздің инспекция заңның бұзылған-бұзылмағанын тексеріп жатыр. Зерттеу нәтижесі бүгін-ертең белгілі болады", — деді Әлтаев.

Вице-министр жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі тек заң аясында ғана болмауы керектігін атап өтті.

"Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі тек заң аясында ғана болмауы керек, олар қол астындағыларына қолдау көрсетуі тиіс. Біз осы бағытта жұмыс жүргізуіміз керек. Мәселен, сол "Абу-Даби Плазаны" алайық, былай қарасақ бәрі заңды сияқты, бірақ ешкімге хабар берместен, есікті жауып, жұмыс орнына кіргізбей қоюға болмайды ғой?!", — деді ол.

Әлтаев құқықтық сауатсыздықты жою үшін әр апта сайын министрлікте салалық қауымдастықтар мен салалық кәсіподақтармен кездесу өтетінін айтты.
Просмотров материала: 1 903

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 591 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 413 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 383 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 318 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 298 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 699 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 259 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 410 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930