29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Таразда бір топ тасымалдаушы ереуілге шықты (видео)

Таразда қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығы ереуілге жалғасты. Соның кесірінен қала ішінде қатынас тоқтады. Бас көтеруге күндік жоспардың көбеюі себеп. Базынамызға басшылық бас ауыртпаған соң амалсыз билік назарын осылай бұруға тырыстық дейді. Ашулы топты тарқатуға тәртіп сақшылары араласты. Ол жайында 31 арна хабарлады.

Таң сәріден топтаса бастаған ереуілшілердің қатары түс әлетіне дейін елуге жетті. Барлығы 32 және 33-ші бағыттың жүргізушілері. Айтуларынша айлығы шайлығына жетпейді. Онсыз да табысы төмен жүргізушілерге күндік жоспарды қымбаттату тостағандағы судың төгілуіне жетпей тұрған соңғы тамшы болыпты.

Ашулы топ автопарк ішінен бірде-бір автобусты қарыс қадам жасатпай қарсыласты. Талаптары көтерілген күндік жоспар 19 мың теңгені төмендету. Өйткені бұдан бөлек жанармайды да жүргізушілер өз қалтасынан төлейді. Соңында соқыр тиын қалмайды, қалса да ас - судан арылмайды дейді. Бұл күні жүргізуші мойнына қарыз болып жүктеле береді. Ал компания басшысы жағдайын айтқан жұрттан бетер жыларман.

АЙНҰР ВАЛИЕВА, «Сапар-Транс» ЖШС бас директоры:

– Білесіз бе, сіздерде қанша қарыз? Миллиондаған қарыз. Ашыңызшы қарыздарды. Планды дұрыс тапсырмайсыңдар. Машинаның бәрі кредитке алынған әлі жабылған жоқ. Білесіңдер ме? Бөлшек, машина бәрі кредитке алынған.

Осылайша шу шыққан мәселенің арты ушыға бастады. Ашуға булыққа топтан басшылық сескенгені анық. Басу айта алмаған соң полиция көмегіне жүгінді. Наразы топты тарқатуға келген тәртіп сақшылары жиылған жұртты біртіндеп бөлімшеге алып кетті. Ал қала билігі бұл мәселеге араласа алмайтынын айтады.

ҒАБИТ АЛТАЕВ, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Біз бұл жерде ештеңе айта алмаймыз. Жеке компания болған соң өзара ішіндегі мәселелерін өздері шешу керек.

Талабын айтып тулаған тұрғындардың әрекетінен ақыры түк шықпады. Жағдайын айтып жиылған жұрт керісінше заңсыз наразылыққа қатысқаны үшін айыпты болыпты. Әлі нүктесі қойылмаған шетін мәселе тағы көтерілуі бек мүмкін.

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов

Просмотров материала: 2 202

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 542 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 381 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 369 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 307 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 262 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031