25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дін медицинаға қарсы болмаса, әйелдер неге үйінде босанып жатыр? (видео)

02 февраль 2018, 15:54
Атырау облысында 100-ге жуық әйелдің шариғатқа қарсы деп перзентханаға бармай, үйінде босанғаны рас па? Дінді желеу етіп, вакцинадан бас тартатындар қоғамға несімен қауіпті? Ал, шариғаттың медицинаға қарсы пәтуасы бар ма? Бұл мәселе 31 арнадағы Сөздің шыны керек бағдарламасында талқыға түсті.

Осы аптада Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ел естімеген сұмдық мәлімдеме жасады. Мәншүк АЙМЫРЗАЕВАның сөзіне сенсек, шариғатқа қайшы деп перзентханаға бармай үйде босанатындардың саны артқан және былтыр жүз әйел өз үйлерінде сәбилі болған. Олар медициналық қызметке діни көзқарастары үшін жүгінбейді екен. Жаға ұстатар жаңалықты нақтылау үшін, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқанымызда, бұл көрсеткіш өзгеріп сала берді.

ГҮЛНАФИС ТАНБАЕВА, Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы КМҚ кәсіпорнының бас дәрігері:

– Жедел жәрдем келгенге дейін үйде босану жағдайлары кездесіп отыр. Былтыр 40, биыл 52 жағдай тіркеліп отыр.

Бұл кісінің былтыр деп отырғаны - 2016, биыл дегені 2017. Яғни, өткен жылы перзентханаға бармай, үйінде-ақ, дәрігердің көмегінсіз 52 әйел босанған. Және оның бесеуі жүкті әйел ретінде ешқандай медициналық есепке де тұрмапты. ХХІ ғасырда отырып, үйінен шықпай, босана салғандар тіпті, толғақты түсінбей қалады дейтіндей, баланы бірінші рет босанған әйелдер де емес екен.

ГҮЛНАФИС ТАНБАЕВА, Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы КМҚ кәсіпорнының бас дәрігері:

– Алғашқы босанып, түсінбей қалып емес, бірінші, екінші, үшінші босанудың реті болса да, емханалары бар болса да.

Нақтылайық. Сонда бұл кісілердің үйде отырып босануына, ай-күні жетсе де, перзентханаға бармай қалуына не себеп болды екен?

ГҮЛНАФИС ТАНБАЕВА, Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы КМҚ кәсіпорнының бас дәрігері:

– Мұсылман жолындамыз деп, орамал тартып алып, үйден босандырған жағдайда, фельдшерлердің, бізге дейін босанып қойған.

Ал, діни ұстанымын алға тартып, медицинаға жүгінбей қойғандардың санын жедел жәрдем бекетінің басшысы нақтылап айта алмады. Басшысының шариғатқа қарсы деп, перзентханаға бармай, үйінде босанған жүз әйел деген санды да қайдан алғанын түсіндіріп бере алмады.

Айналып келгенде, мәселе санда ғана емес. Біздің қоғамда дінді желеу етіп, үйде босану тенденциясы бар деген сөз. Мұндай қараңғылық қайдан шықты? Шариғатта медицинаға жүгінуге тыйым салатын пәтуа бар ма?

РУСЛАН ҚАЙЫРГЕЛДІ, Алматы орталық мешітінің ұстазы:

– Шариғатымыз әйел адам әйел адамға, ер адам ер адамға көріну керек деген талабы бар. Ал енді мүлдем барып, ауруханаға босанбаймын, ешкімге көрінбеймін деген нәрсе қателік.

Яғни, дін - медицинаға қарсы емес! Бірақ діни ұстанымын алға тартып, вакцинадан бас тартып жатқандардың саны да артып келеді.

САЯТ КӘУМЕТБАЕВ, Алматы қаласы бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларды қадағалау эпидемиологиялық бөлімінің жетекшісі:

– Тағы бір бала діни ұстаныммен бас тартып, негізі ата-анасы үйінде туберкулезбен ауырған. Ауру балаға жұғып, туберкулезбен ауырды.

Ал, шала туылуына байланысты екпе алмаған екінші нәрестеге туберкулез ауруы жұғып, шетінеп кетіпті. Өткен жылы бір ғана Алматы қаласында дүниеге келген 50 мыңға жуық сәбидің 1083-іне ата-анасының қарсылық білдіруіне байланысты туберкулезге қарсы вакцина салынбаған. Ал, республика бойынша, ата-анасы екпе салуға рұқсат бермеген балалардың саны бұдан да көп.

ҚАҒАЗ СЕРІКБАЕВА, балалар мен жасөспірімдер туберкулезін емдеу бөлімінің жетекшісі:

– Жалпы туған балалардың ішінде 1-2 пайызы немесе 5000-ға жуық бала егілмеген. Себебі ата аналарының келісім бермеуіне байланысты.

Таратып айтайық. Ата-анасының қарсылығымен екпе алмаған балалар саны:

2014 ж - 3486

2015 ж - 4481

2016 ж - 2490

2017 ж - 4689

2017 ж - 15 бала туберкулезбен ауырды (яғни, ата-анасының қарсы болуына байланысты екпе алмаған 15 бала туберкулезбен ауырып үлгерген).

Бұл сан - перзентханада туберкулезге қарсы екпеден ата-анасының қарсылығына байланысты вакцина алмаған балалардың саны. Олардың басым бөлігі мұндай шешім қабылдауға не себеп болғанын былай түсіндіріпті.

ҚАҒАЗ СЕРІКБАЕВА,балалар мен жасөспірімдер туберкулезін емдеу бөлімінің жетекшісі:

– Екпеймін, балама егуге қарсымын деп айтатындардың көбі діни ұстанымыма қатысты егуге қарсымын дейді.

Баласына вакцина салуға қарсылық білдірген ата-аналармен перзентханадан шыққаннан кейін емхана дәрігерлері де түсіндіру жұмыстарын жүргізеді екен. Кейде тіпті, діннің тыйым салмайтынын түсіндіру үшін, арнайы дін өкілдерін де шақырамыз дейді.

ЖАНАТ ҚЫЗАЕВА,қалалық №13 емхананың дәрігері:

– Діни ұстанымыз келіспейді дейді. Кейде вакцинаның последствиясынан қорқамыз дейді. Барынша түсіндіріп айтамыз. Егер қажет болған жағдайда, иммунолог, молданы да, шіркеуден де шақырдық.

Осы аптаның басында діни бірлестіктер туралы заң жобасына енгізілетін бірқатар өзгерістер тағы да талқыға түскен-тін. Сол заң жобасында екпеге қатысты өзгеріс енгізілді ме деп дінтанушы Досай Кенжетайдан сұраған едік.

ДОСАН КЕНЖЕТАЙ, дінтанушы:

– Дін істер министрлігінің вакцинаны діни заң жобасынан алып тастағаны дұрыс болған. Себебі вакцина ол ғылыми танымның өнімі. Ол ғылым, дін жауап бере алмайды.

Айта кету керек, елімізде дәл қазір орамал дауы да ушығып тұр. Бірақ бұл дауды басуға мүдделі болуы тиіс еліміздегі дін істері және азаматтық қоғам министрі, әркім өз құзыретіндегі мәселемен айналыссын деген сыңайдағы жауап берді.

НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Мектепте хиджаб және орамал тағып жүру, ол негізі Білім және ғылым министрлігінің құзыретіндегі нәрсе. Бұл мәселе білім беру туралы заңында, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығында өте анық жазылған.

Әркім өз бұйрығына бағынсын деп жүргенде, діни ахуалдың ушығып кетпесіне кім кепіл? «Діни басқарма, орамал тағу – парыз» дейді, білім министрлігі «рұқсат етпейміз» десе, Дін істері және азаматтық қоғам министрі басқаның құзыреті, бұйрығы», - деп қарап отыр. О баста бұл министрліктің не үшін құрылғанын ұмытып кеттік пе?

Вакцинаны да, ұстаздардың орамалға өздері ғана қарсылық білдіріп жүргені секілді, ол да - дәрігерлердің бас ауруы болсын дейміз бе?! Жаман айтпай, жақсы жоқ. Қауіпті дерттің - індетке айналып кетпесіне кепіліңіз бар ма?

Орамал дауының ушыққаны сонша, мектептің есігінің алдына келіп, ата-ананың намаз оқып, қарсылық білдіруі - түсінген адамға, қатардағы қарсылық емес! Шынтуайттап келгенде, бүгінгі айтылған мәселелер - бірлі-екілі министрліктің ғана емес, қоғамның, оның ішінде біздің, журналистердің, прокуратураның, дін өкілдерінің, ата-ананың, бәріміздің ортақ мәселеміз болуға тиіс! Тек, түсініп болғанша, кеш болып кетпесін дейік. Бүгінге айтпағым осы.

Ирина Советжанқызы

Просмотров материала: 3 904

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 174 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 995 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 966 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 906 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 887 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 023 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 548 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 696 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930