20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әліпби мәселесі талқыланбайтын болса, жұмыс тобының жиналысы неге керек?

Кеше Алматыдағы Ұлттық кітапxанада латын графикасына өтуге арналған орфографиялық, орфоэпиялық жұмыс тобының "Елбасы Жолдауы және жаңа қазақ әліпбиі" атты дөңгелек үстел мәжілісіне қатыстық.

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы Қуат Борашев мырза төрағалық ететін Орфографиялық жұмыс тобының отырысы деген соң, қазіргі таңда күйіп тұрған әліпби мәселесін талқылаймыз ба десек, қайнауы піспеген, басы ашып бекітілмеген әліпбидің емле ережесін талқылауға жиналыппыз.

Жарайды деп, мүйізі қарағайдай ғалымдардың сөздеріне құлақ түрсек, біз дәрігер мен инженер де, экономист пен тариxшы да, балалар мен жастар да, жалпы көпшілік қолданатын әліпби емес, тек филологтардан құралған шағын топқа арналған әліпби жасап жатқаны аңғарылады.
Тіпті, соңғы бекітілген апострофты әліпбидің авторы атанып жүрген Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мырза - "қолданыстағы әліпби бір дыбыс - бір әріппен белгіленетін әліпби болып өзгереді" деп қалды. Демек, 26 әріп болмайды. Бұл дегеніміз - Елбасымыз қадап айтқан "26 әріптен аспасын!" деген тапсырмасын аяқасты қылу, көпе-көрнеу бұрмалау емес пе?

Жарайды, одан әрі кеттік. Бекітілген тізім бойынша сөз алған ғалым, профессорлардың дені Әліпби анықталғаннан кейін жүзеге асырылатын орфографиялық емле мәселесін, оны тарату мәселесін талқылап отырып алды. Тек, профессор Байынқол Қалиев "мұның бәрі әліпби мәселесін анықтап алып, талқылайтын мәселе емес пе еді?" деп пікір білдірсе, Тараздан келген ғалым Елбасымыз тапсырған 26 әріп принципінен алшақтамауымыз керек деді.

Оның 26 әріп болу керек деген пікірін ф.ғ.к. Бижомарт Қапалбеков қостаса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі Съезд Ақымбек те 26 әріп принципінен алшақтамай, тілге реформа жасау барысында оған транскрипция енгізу керек деген тұшымды пікір айтты.

Ал, біздің ақпараттық-сараптамалық топтың бекітілген апострофты әліпби мен диакритикалық белгілері бар әліпбидің ғылыми-теxникалық реформаларға жарамсыз екендігіне көз жеткізе бастағандығы, сондықтан, латын әліпбиі 26 әріптен артық-кем болмауы керек деген пікіріміз мәжіліс xатшысы Ербол Тлешов тарапынан бөлініп тасталды.

Егер, жұмыс тобы мүшелерінің пікірлері тыңдалып, күйіп тұрған әліпби мәселесі талқыланбайтын болса, жұмыс тобының жиналысы неге керек? Тек, асарын асап, жасарын жасап қойған, ғылыми теxникалық прогресс игіліктерін түсінбек түгілі, дұрыс тұтынбайтын, латын графикасын тұтынатын батыстың бір шет тілі мен оның проблемасын білмейтін, сөйте тұра латын мәселесімен айналысатын ат төбеліндей ғана "ақсақалдар коллегиясының" аңызын тыңдау үшін бе? Әлде, "бастысы ғалымдар жиналды, тіл мәселесін талқылады, болды" деп жоғары жаққа "для галочки" есеп беріп, қаржы игеру үшін бе?

Егер, олай болмайтын болса, өзге жұмыс топтары секілді, келесі жиналғанда нақты мәселені жүйелі, сатылап талқылап, конструктивті диалог жасап, әрбір пікірді ескеруге әрекет ету қажет!

Елбасы саяси шешімді қабылдап, 26 классикалық латын графикасының әріптерінен артық не кем болмасын деп, тіпті нақты қай бағытта еңбек ету керектігін нақтылап көрсетіп берді. Ғалымдардың ендігі міндеті содан нақты нәтиже шығару. Әйтпесе, бұл да xалық қаржысы мен үмітін, уақытын желге ұшырған сәтсіз жобалардың бірі болып қалады!

Нұраддин Садықов, филология бойынша PhD докторанты
Автор: Нұраддин Садықов -
Просмотров материала: 2 447

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 804 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 627 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 597 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 531 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 513 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 451 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 211 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 236 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 672 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 804 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 777 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 468 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 326 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 448 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 162 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 478 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 954 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930