29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақшаны қай валютада ұстаған тиімді? - Ұлттық банк

01 февраль 2018, 10:56
Ұлттық Банк халық үшін түрлі қаржы құралдарының 2017 жылғы номиналды кірістілігі бойынша ұлттық валюта баламасындағы салыстырмалы түрдегі есебін жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, есеп қорытындысын шығару барысында жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі түрлі валютамен - теңгемен, Ресей рублімен (Қазақстан Республикасындағы банктердегі де, Ресей Федерациясындағы банктердегі де), АҚШ долларымен және еуромен банктік салымдары, қолма-қол доллардың, еуроның, Ресей рублінің және қолма-қол теңгенің сақталуы, сондай-ақ алтынға инвестициялау тәсілдері таңдап алынды.

Еуроға салынған салымдар

2017 жылы ең көп кірісті бағам айырмасына байланысты еуроға салынған салымдар әкелді. Еуроаймақтағы жағымды өзгерістер нәтижесінде (экономиканың өсу қарқынының жылдамдауы, инфляцияның төмен деңгейінің сақталуы, Еуроаймақтың бірқатар елдерінде саяси тәуекелдердің төмендеуі) 2017 жылы еуро долларға қатысты 12,3%-ға нығайды. Соның нәтижесінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген салымдар бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесін есептегенде еуромен мерзімді депозиттер бойынша кіріс 15,3%1 болды, ал қолма-қол еуромен жинақ ақшаны сақтау 13%-ға (2017 жылы еуроның теңге қатысты нығаюы) тең болатын кіріс әкелді.

Теңгемен депозиттерге салынған салымдар

Еуромен салынған депозиттермен салыстырғанда теңгемен салынған депозиттер де жыл ішінде 14,9% мөлшердегі кірісті қамтамасыз ете отырып, кіріс әкелді (есептеу кезінде жеке тұлғалардың ұлттық валютамен салынған депозиттері бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған ең жоғары мөлшерлеме пайдаланылды, ол 2016 жылғы 1 ақпанда 14% болды).

Ресей рублімен салынған салымдар

Кіріс бойынша келесі орында рубльмен салынған депозиттер болды. 2017 жылы Ресей рублі теңгемен салыстырғанда көбінесе Ресейдегі инфляция деңгейінің неғұрлым төмен болуы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесімен салыстырғанда Ресей Орталық банкінің негізгі пайыздық мөлшерлемесінің нақты көрсеткіш бойынша неғұрлым жоғары болуы нәтижесінде 6,3%-ға нығайды. Осылайша, ақшаны Ресейдің және Қазақстанның банктеріндегі рубльмен салынған салымдарға орналастырған кезде кірістілік Ресей банктеріндегі жылдық салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлеме және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген салымдар бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі негізінде тиісінше, 13,4% және 8,3% болды. Көрсетілген кезде жинақ ақшаны қолма- қол Ресей рублімен сақтаған кезде өткен жылы 6,3%-ға тең кіріс алуға болатын еді.

Алтынға салынған салымдар

Алтынға салынған салымдар алтын бағасының 13,1%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына 0,3%-ға нығаюы нәтижесінде 12,8% мөлшерінде кірістілік әкелді. 2017 жылы дүниежүзінде алтынның ірі сатып алушысы ретінде Қытай, алтынды санкциялардың теріс әсерінен қорғау құралы ретінде пайдаланатын Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдері және Латын Америкасының кейбір елдері тарапынан үдемелі сұраныс алтын бағасының өсуінің негізгі факторы болды.

АҚШ долларына салынған салымдар

2017 жылы теңгенің АҚШ долларына 0,3%-ға нығаюы аясында осы валютаға салынған салымдар инвестициялаудың ең нашар нұсқасы болды. Осы жерде және бұдан әрі номиналды кірістің теңгемен баламасы көрсетіледі, мерзімді доллар салымдары бойынша кіріс 1,7% болды, ал қолма-қол АҚШ долларын сақтау 0,3% мөлшерде теріс кіріс әкелді. Жылдық инфляцияның деңгейін ескере отырып, 2017 жылы 7,1% болатын қолма-қол теңгеге, Ресей рубліне, АҚШ долларына салынған салымдар нақты кірістілік бойынша теріс көрсеткіштер әкелді.
Просмотров материала: 3 414

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 607 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 446 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 433 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 369 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 325 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031