26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі шыншыл, талапшыл мамандарды жоюды мақсат етті" - экс-орынбасар

31 январь 2018, 18:26
Алматы облысы, Балтабай ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары Сәуле Алипова өзінің жұмыстан заңсыз қуылғанын айтады. Осыған байланысты ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке, Бас прокурор Қ.Қожамжаров пен МҚІСЖҚА төрағасы А.Шпекбаевқа шағымданып отыр. Шағымын ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.


АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы
К.Масимовке

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры Қ.Қожамжаровқа

Қазақстан Республикасы МҚІСЖҚА төрағасы А.Шпекбаевқа


Мен, Алипова Сауле Базарбайқызы 2005 жылдан бері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2009 жылдан бері әкімінің орынбасары лауазымында, жалпы мемлекеттік қызметте 13 жыл қалтқысыз қызмет еттім. Еңбек тәртібін бұзған емеспін. Ескертпелерім жоқ. Халық пен ұжым арасында беделім бар.

2013 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ тарапынан қысымға алынып, қудалауға ұшырадым. Оның тарапынан жасалған заңсыздықтарға ЖОҚ! дегенім үшін.

Балтабай ауылдық округінің әкімі Жұман Сембайұлы Мықыбаев 2017 жылдың 27 желтоқсан күні өзінің № 36 өкімімен Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.12.2017 жылғы хатын негізге ала отырып мені атқарып отырған қызметімнен негізсіз босатты. Осымен, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ қызметімнен екі жылдың ішінде екі рет заңсыз босатты.

Аудан әкімі Б.Ысқақ пен округтің бұрынғы әкімі Б.Дүйсебекованың тарапынан ар-намысым мен Конституциялық құқығым тапталды. 2013 жылдан бері әкім аппаратында заңбұзушылықтар бірінен соң бірі орын алды.

Азаматтық құқығымды қорғаңыздар деп 2014 жылдан бері жоғарғы инстанцияларға бірнеше арыз-шағымдар түсіргенмін. Арыздарым жоғарыдан төменге қайтарылып келе берді. Аудан тек отписка беріп отырды. Қызметімде қысымға түсіп, қуылып жатқан себептер мен әкімнің тарапынан көрсетілген озбырлықтарды (беспредел) төменге тізіп, Сіздерге жолдауға мәжбүрмін.

1. 2013 жылы округ әкімі Б.Дүйсебекова қызметіне тағайындала салысымен қазан-қараша айында Балтабай ауылының Тәуелсіздік көшесінің бойынан аудан әкімі тарапынан шұғыл түрде ұңғы қазылды да жабылып тасталды /консервирован/. Қандай мақсатпен, қандай қаражатқа қазылғанынан халық хабарсыз. Ал 2015 жылы осы ұңғы қазылған жерге ауылдың Бас жоспары жасалып, үй салуға жер телімінің сызбасы бекітіліп, қазіргі күні сол жерден халыққа үй салуға жер таратылуда.

2. Балтабай ауылының күл-қоқыс тастайтын орнын жасауға 12 млн. қаражат ауданнан бөлінген. Ол жерде бұрыннан дайын карьер болатын. Осынша қаражат қалай жұмсалғандығы туралы да халыққа есеп берілген жоқ.

3. Бірлік ауылының Бас жоспары 2015 жылы облыспен бекітілген. Бас жоспарда жайылымдық жерлерге үй салуға жер телімі беріледі деп алынып қойған. Мектеп салынуға белгіленген жерден Балтабай ауылының тұрғыны С.Мукашбаеваға үй салуға берілі. Осы мәселені 2016 жылы әлеуметтік желіде көтергенімде аудан әкімі жедел түрде 72 га жер телімін жайылымдық деп қайтарып өз Қаулысын шығарды.

Б.Дүйсебекова осы жайылымға мемлекеттік акт жасату үшін Бірлік ауылының жұртынан әр отбасынан 1000 теңгеден ақша жинады. Ауылдың жігіт басы А.Турдиев пен Х. Зайналова жинап берді. Әкімнің халықтан ақша жинауы қылмыс. Бас жоспарға өзгеріс енгізілген жоқ. Бастапқы заңды күші де жойылған жоқ. Бір жерге екі құжат; 2015 жылы бекітілген Бас жоспармен тұрғын үй құрылысының жері мен 2016 жылы шығарылған аудан әкімінің Қаулысымен жайылым ресімделініп тұр.

4. Ауыз су проблемасы Балтабай мен Бірлік ауылында қаншама жыл болды өршіп тұр, жылда ауыл, аудан әкімдерінің есебінде көтерілетін мәселе болатын. Аудан әкімі Су құбырларын тартуға ешқашан мәселе көтермеген Өрнек ауылына 162 млн.қаржы бөлдіріп аудандық ТКШ бөлімі осы жұмысты жүргізді және Балтабай ауылына ауыз су ұңғысын жөндеуге 50 млн. қаржы бөлді.

Сонымен бірге, Балтабай округіндегі абаттандыру жұмыстарына жылда миллиондап қаржылар қарастырылады. Ол қаржылар қалай жұмсалды белгісіз. Жыл басынан қазан айына дейін жергілікті өзін-өзі басқару ұйымымен жиналыс өткізілген жоқ, бұл қаражаттардың қалай іске асқандығы жөнінде әкімдердің есеп беруі күмән тудырады.

Осы жұмыстарды менен, әкімнің орынбасарынан жасыра отырып істеді. Әкім аппаратына, аппарат жұмысына 4 жыл бойы қатыстырмай қойды. Аудан әкімдігі тарапынан себепсіз партбюроға салынуым, тәртіптік кеңесте қаралып негізсіз жазалануым, тұрғындармен өткізілген жиналыстарда намысыма тиіп қорқытуларын, аудан әкімінің қолдауымен Б.Дүйсебекова мені жұмыстан босатуға жұртты шақырып жиналысқа салуы, ұжымның алдында ар-намысымды таптағаны, «Я тебя уничтожу и растоптаю!» деп қорқытып, ұрмақ болғаны (бұл жөнінде аудандық прокуратура мен ҰҚКне хат жолдағанмын), кабинетімнен қуғаны, ұжыммен бірлесіп жала жауып, арыз жабуды ұйымдастырып, қол қоймаған адамдардың орнына өзінің қол қоюы (подделка подписи), көп балалы аналарға (Ілімхан, Устенбаева Майгуль) тұрғын үй салуға алатын жерлерін бермей оларды қинап, әдейілеп сарсаңға түсіруі, оралман әйел Гулбатиді өзін-өзі өртейтіндей жағдайға жеткізуі (бұл жөнінде Қазақстан ZAMAN газетінде жарияланды), мемлекеттік көлікті қызметтен тыс пайдалануы, жұмысқа шықпаған жүргізушісіне бірнеше рет жалақысын төлегені, жүргізушісіне үстеме ақы төлеу, ҮЕҰ-ға ақылы қоғамдық қызметке жұмысшыларды (екі адамды) әкім аппараты арқылы заңсыз ресімдеп жалақы төлетуін, жұмыс істемеген мүгедек жан О.Петрухинаға жалақы төлеу сияқты заңбұзушылықтарын, аудан әкімі тарапынан қымбат бағаға алынған арзан мүліктер жайында барлық дәрежедегі прокуратура, облыс әкіміне, МҚІСЖД-теріне арыз-шағымдар жаздым.

Арыз-шағымдарым қаралмады, барлық жерден отписка келді. Алматы қаржы инспекциясынан келіп тексеру жүргізгенде аталған заңсыздықтардың орын алғанын анықтады. Анықтамасы бар. Оның өзінде шала тексерді. Облыстық МҚІСЖД тергеушісі тергеу жұмысын жүргізді. Алайда істі соңына дейін жүргізген жоқ. Іс осы күнге дейін ашық тұр. Республикалық «Нұр Отан» партиясының өкілі де хатымды жауапсыз қалдырды.

2015 жылдың 5 тамызында топтасқан түрде, ауыл әкімі, прокуратура мен Еңбекшіқазақ аудандық МҚСЖҚД қызметкерлері бірлесіп маған «подстава» ұйымдастырып, 22 шілдеде үстімнен ҚРҚК 190 бабының 1 тармағымен№ 151940131000020 қылмыстық іс ашты. Басшысы О.Қаспанбаев маған жала жапқан Р.Амраевадан артқы датамен (задним числом) 22 шілдемен арыз қабылдап, тіркеген.

Облыстың прокуроры дауыс жазатын диктафон СОРМ НСД-1 пайдалануға қаулы санкциялаған. Оны 19 тамыз күні пайдаланған, ал подстава 5 тамыз күні орын алған болатын? Бұл жайындағы арыздарым да қаралмай, осы күнге ашық тұр.

2017 жылдың 27 желтоқсанында екінші рет жұмыстан шығарылуымның себептері:

І . Аудан әкімінің құзіретіне берілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау комиссиясына төрағалық жасауды Б.Ысқақ өзінің жеке мақсатында пайдаланды. Облыстық тестті «Өте жақсы» деген көрсеткішке тапсырдым. Қызметімде сын ескертулерім жоқ. Ұжым мен тұрғындар арасында сыйлымын. Елбасының ауылшаруашылық АӨК жандандыру мақсатындағы 2017-2021 жылдарға жасаған бағдарламасының аясында 33 отбасын біріктіріп ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрып, 18 отбасына 55 млн. несие алып бердім.

Әр отбасынан кем дегенде 2 адамнан есептегенде, 66 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Қазіргі күнде тағы 15 отбасы кооперативке кіреміз деп ұсыныс білдіріп отыр. Ауылшаруашылығының кластерлік даму бағытын қолға алып, мемлекеттік 50 % субсидияланатын 22 000 000 тенге тұратын модульдік мал сою пунктін қоюға қол жеткіздім. Қазіргі таңда 11 000 000 тг. бөлініп құрылыс жұмысы басталмақ. Бұл жарты жылдың ішінде жеткен жетістігім.

Осы атқарып отырған жұмысымды біле отырып, аудан әкімі мені аттестациядан қасақана "Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес, лауазымын төмендетуге ұсынылады" деп шешім шығарды. Комиссия шешіммен келіспейтінімді білдірдім. Себебі, ауданның бұл аттестаттау комиссиясы жұмысын заңбұзушылықпен жүргізді. Атап айтқанда:

1) Комиссия шешімін аттестация өткен күннен соң 3 күннің ішінде беру керек болатын, 2017 жылдың 10 сәуірінде тапсырдық, 12 сәуірде қорытындысын алу керек болатынмын, ол 7 күнге кешіктіріліп берілді. Ол шешімнің нәтижесіне сол кездегі Балтабай ауылдық округ әкімі Б.Дүйсебекованың өзге ұлт өкіліне «Керек десең Путинге барып шағым жаса, бәрібір шағымың менің алдыма келеді!» деп ұлттық мәселені көтергені үшін (әлеуметтік желіге шықты) жұмысынан кетуге мәжбүр болғандығы әсер етті деп ойлаймын.

Басшылық лауазымда бола отырып Ұлттық мәселені көтергені үшін Б.Дүйсебекова баппен кетуі тиіс, алайда аудан әкімі оған «денсаулығына байланысты» деп өз еркімен жұмыстан кетуіне жағдай жасап, соңыра ауданның еңбекпен қамту бөліміне БАСТЫҚ етіп тағайындады.

2) Аттестациядан өте алмай қалған жағдайда сол күні маған айтулары тиіс еді. Олай дейтінім аттастациядан өте алмай қалған өз таныс-жақындарына «Аттестацияны қайта тапсыру»мүмкіндіктері берілді. Аппараттың бухгалтері Н.Ботай қайта тапсырды. Қайта тапсыру заңға қайшы екенін біле тұра аудан әкімі оған жол берді.

3) Аттестацияланғандардың лауазымын төмендету мен жоғарылатылғандардың балансы дұрыс емес. Жоғарылатылғандар төмендетілгендерден екі-үш есе көп. Сол жоғарылатылған мамандардардан ауданның кадр бөлімі «Мен жоғарылатылуыма қарсымын» деген мәтінде (отказной) өтініштер жаздырылып алынды.

Аттестация 2017 жылдың 10 сәуір күні өтті, 17 сәуірде комиссия шешімін алдым, 27 желтоқсанда қызметімнен бір күннің ішінде босатты. Қызметімнен кеткенім жөнінде телефонмен хабарлады. Өкіммен танысқан жоқпын, Еңбек кітапшам әлі күнге берілген жоқ.

ІІ. Қараша айында облыстық МҚСЖҚ Департаментінен жемқорлыққа тәуекелділікке (коррупционный риск) ішкі аналитикалық талдау жасау жөнінде тапсырма түсіп, 2017 жылдың 30 қарашасына дейін анықтаманы өткізу сұралған. Округ әкімінің 20.11.2017 жылғы № 67 өкімімен құрамында екі бас маман Р.Камалова және Р.Ханмен бірге аталған ішкі талдау жұмыс тобын құрып жұмыс жүргізілді. Анықталғаны:

1. Аппарат қызметіндегі мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық қызметінің заң талабын өрескел бұза отырып жүргізіліп келгендігі. Мамандардың өз қызметін емес, өзгенің қызметтерін атқарып жүргендігі оларға жауапкершілік арттырмайды және қызмет сапасына кедергі тудырады. Бұл заң талаптарына қайшы.

2. Тұрғын үй салуға арналған көлемі 8-15 соттық 16 жер телімдерін 10 айдың ішінде жеке қосалқы шаруашылыққа деп бұрмалап кезектен тыс таныс-тамырларына берілген, оның ішінде сатып берілуі және мектеп салуға деп бөлінген жерді тұрғын үй салуға берген фактілері. Үй салуға жер телімін сұрағандар кезегі 2000-ға жетеді. 2012 жылы жер комиссиясының оң шешімін алған азаматтарға осы уақытқа дейін жері берілмеген. 2017 жылы өтініш жазған Б.Дүйсебекова мен С.Кудербаеваның таныстары кезексіз жер алған.

Жұмыс тобы әкім аппаратында сыбайлас жемқорлыққа жол берілген деп анықтап, қол қойылып, Ұлттық Бюро Депаратаментіне хат жазуға округ әкімі Ж.С.Мықыбаевқа ұсыныс берді. 2017 жылдың 12 желтоқсан күні ауданның Аналитикалық талдау үлгісіне сәйкестендіріп, ішкі талдауды қайта жасауға тапсырма түсті. Комиссияның мүшесі Р.Хан мен комиссия мүшесі емес, жемқорлыққа қатысы бар деп танылған бас маман С.Кудербаева және округ әкімі Ж.Мықыбаев ішкі талдаудағы көрсетілген заңсыз берілген жер мәселесін «жабайық» деген ұсыныстар айтты.

Нәтижесінде, қайта жасалған Аналитикалық талдауға жұмыс тобының мүшесі Р.Хан қол қоюдан бас тартып, өз ойын бөлек жазды. 30 қараша күнгі анықтамада оның қолы бар. Бұл ішкі талдау анықтамасы ауданға, ауданнан облысқа жөнелтілуі керек болатын. Алайда, ауданда қалай қаралды, қандай шешім қабылданды, қазірге белгісіз. Белгілісі - мені жұмыстан шығарды.

ІІІ. Бұрынғы әкім Б.Дүйсебекова 2017 жылдың 17 сәуірі күні жұмысынан босатылғанда, 1 апта бойы әкім аппараты басшысыз отырды. Өткізу-қабылдап алу ешкіммен жүргізілген жоқ. Заң бойынша әкімнің міндетін атқару әкімнің орынбасарына автоматты түрде жүктелуі тиіс. Аудан әкімі бір апта өткеннен соң, 21 сәуір күні кешке аппараттың бас маманы С.Күдербаеваны әкімнің міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Артқы датамен (задним числом) яғни 17 сәуірмен. Бас маман С.Күдербаева округте салық инспекторы қызметін атқарады. Б.Дүйсебекова оның лауазымына округтің жер мәселесін заңсыз жүктеп беріп, екеуі бірлесіп жақындарына кезексіз жоғарыда көрсетілген 16 жер телімдерді үлестіруді іске асырған. Басқа да қаржылай махинациялар орын алуы мүмкін деген күдік жоқ емес.

Қорыта келгенде, Еңбекшіқазақ аудан әкімі Б.Ысқақ өзіне ыңғайлы сауатсыз мамандарды көтермелеп, оларға жағдай жасап, керісінше әділ, шыншыл, талапшыл мамандарды жоюды мақсат тұтқан басшы ретінде жұртқа танылды.

Ұстанып отырған принципі ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарғылары мен мемлекеттік қызметкерлерге қойып отырған талаптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің талаптарына қарама-қайшылық тудырады және істеп отырған әрекеті Елбасының ұстанып отырған саясатына қарсы деп есептеймін.

Жоғарыда жазғандарым оған негіз және олардың іс-әрекеттерінен округ халқының мемлекеттік қызметшілерге деген сенімінің жоғалуы, Елбасының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуына сенімсіздікпен қарайтындығы, оған кооперативті ұйымдастыру кезінде көзім жетті.

Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте Әділдіктің орын алатындығына сенімсіздігін тудыруы. Ұжымдағы мемлекеттік қызметкерлердің арасына іріткі түсті, (не здоровая атмосфера), ертеңгі күндеріне сенімсіздікпен қарайды.

Жоғарыда жазылғандарды ескере келе Сізден, менің Қазақстан Республикасы азаматы ретінде құқығымның қорғалуына және қызметіме қайта оралуыма, Аудан әкімінің мемлекеттік қызметкерлердің аттестациалау комиссиясының жұмысына және Аудан әкімі мен Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының күмәнді қаржылай қызметінің жұмысы мен сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендігі жөніндегі фактілерге тексеру жүргізуіңізді сұраймын.

Сауле Алипова
Просмотров материала: 5 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 336 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 157 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 128 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 070 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 055 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 082 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 600 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 748 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930