26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аграршы ғалымдар Қожамжаров пен Шпекбаевтан әділдік сұрайды

30 январь 2018, 12:20
Кеше бір топ аграршы ғалымдар Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсында жіберілген кемшіліктерді алға тартып, Бас прокурор К.П. Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтардың атына Ашық хат жолдады.

АШЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры
К.П. Қожамжаров мырзаға


Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А.Ж.Шпекбаев мырзаға

Құрметті Қайрат Пернешұлы!
Құрметті Алик Жатқамбайұлы!


Сізге аграршы-ғалымдар тобы ғылыми зерттеулер бойынша байқаудың өткізілу жүйесіндегі келеңсіз жағдайлардың орын алуына байланысты өтініш жолдайды.

Өткен жылы біз Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына белсене қатыстық.
Байқаудың бірінші кезеңінде, яғни Тәуелсіз халықаралық және отандық ғылыми-техникалық сарапшылар өткізген тәуелсіз мамандандырылған сараптама кезеңіңде, біз, төменде қол қойылған өзіміздің ғылыми жобалармен табысты жұмыс істеп, мүмкін болған 36 баллдан 24-тен 33,7 баллға дейін алдық.

Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы, байқау жобаларының «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі ғылым бағытындағы ұлттық ғылыми кеңесінің» (әрі қарай АӨК бойынша ҰҒК) қарастыру кезеңі, бір сөзбен айтқанда, бізді таңғалдырды.

Сол себепті, АӨК бойынша ҰҒК бірінші кезеңде небәрі 16-19 балл алған жобаларды қолдай отырып, тиісінше 30 баллдан жоғары жинаған жобаларды қабылдамаған. Алайда ҰҒК басқа бағыттар бойынша жобаларды іріктеу барысында тәуелсіз мамандандырылған сараптаманың қорытындысын ескерген. Дегенмен, Ғылым комитетінің түсініктемесінде конкурс бойынша шешім көп деңгейлі жүйе екенін көрсетеді (!).

Басқаша айтқанда, АӨК бойынша ҰҒК тәуелсіз халықаралық және отандық ғылыми-техникалық сарапшылар өткізген байқаудың бірінші кезеңінің нәтижелерін жоққа шығарып отыр, сарапшылардың жұмысы бюджет қаражаты есебінен төленген. Біздің ақпаратымыз бойынша, мұндай бір сараптаманың құны, 250 АҚШ долларын құрайды, тиісінше 4500 өтінімге мемлекет миллиардтаған ақша жұмсады (!).

Қабылданбаған жобалар арасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сай жоғары көрсеткіштерге ие болған және «ақылды ауыл шаруашылығы» мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылығында заманауи геоақпараттық және ғарыштық технологияларды қолдануға бағытталған жобалар да болды. Бұл жағдайдың себебі, бір жағынан АӨК бойынша ҰҒК қалыптастырған ережелерді айтарлықтай бұзып, жекелеген жобаларға қолдау көрсету және мүдделік қолдауларға жол ашты, ал екінші жағынан, АӨК бойынша ҰҒК-тің жұмысының сапасыздығы көрініп қалды.

Біріншіден, ҰҒК ережесінің 7 тармағына сәйкес, ҰҒК құрамына кіретін қазақстандық ғалымдардың өз мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және соңғы 5 жыл ішінде кем дегенде 2 Хирш индексі болуы керек.

Бұл ҰҒК құрамы заманауи білімдермен құзыретті ғалымдар болуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Хирш индексі – барлық дамыған елдердегі ғалымдардың жетістік деңгейін бағалайтын басты талап!

Дегенмен, АӨК бойынша ҰҒК мүшелігіндегі 17 ғалымның 9-ының Хирша индексі – нөлге тең, тек 2-еуінде тек 1 индекс бар.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жыл 16 мамыр № 519 қаулысына сәйкес (ҚР Үкіметінің редакциясындағы қарашадағы № 171 05.04.2017 түзету) ҰҒК құрамына ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық аккредиттелген субъектілердің басшылары және олардың орынбасарлары кірмейді, сонымен қатар бір мекемеден бір қызметкер ғана кіреді. Ал АӨК бойынша ҰҒК-дағы 4 адам ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары мен орынбасарлары қатарынан болып шықты.

Одан бөлек, жоғарыда көрсетілген ереже талаптарының бұзылуы ҰҒК-не мүше ғалымдардың 17 адамның ішінде, 3 адам бір ЖОО-ның өкілі, 2-і бір ҒЗИ-ның қызметкерлері. Сонымен қатар, ҰҒК құрамында ірі университтер мен ҒЗИ-нан бірде-бір адам болған жоқ.

Үшіншіден, көрсетілген ереженің 9 тармағына сәйкес, кеңестің жиырма пайызынан аспайтын, бірақ әрбір кеңестің кемінде бір мүшесі ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, әлемнің жетекші ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып табылатын шетелдік ғалымдардан құралады. Оның Хирш индексі соңғы 5 жылда 10-нан кем болмауы керек.

Бұл талап мүлдем ескерілмеген, себебі АӨК бойынша ҰҒК құрамында бірде-бір шетелдік ғалым жоқ.

Төртіншіден, ең бастысы, АӨК бойынша ҰҒК-ның өзінің жұмысы сапасыз ұйымдастырылған, бұл «ҰҒК қызметін ұйымдастыру» ҰҒК ережесінің 4 тармағына қайшы. Атап айтқанда, біздің ақпаратқа сәйкес, бірқатар мүшелер Кеңес жұмысына қатыспаған, өйткені олардың сұрауларына қарамастан, АӨК бойынша ҰҒК отырысы өтетін жерде онлайн режимінде байланыс мүмкіндігі берілмеді.

Бұдан басқа, жобаларды қарастыру мерзімі мен жылдамдығы таңдандырады. Бұл жерде 580-нен астам жобаны 3 күннің ішінде қарастырып тастады (!) яғни, 2018 жылдың 12 қаңтарына дейін. Бірақ ҰҒК-ның басқа бағыттары бойынша ұсынылған жобалар 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін қарастырылды. АӨК бойынша ҰҒК жекелеген мүшелерінің жобаларды қарастыру мерзіміне қатысты наразылығын ешкім ескермеді. Бұндай асығыстық не үшін қажет еді? Мұндай жағдайда, ҰҒК-тегі ықпалды адамдар «керек» жобаларға қолдау көрсетуге жол ашып отыр деген ойдамыз, ал қарастыру барысы ресмилік үшін ғана керек болды.

Жоғарыда аталған деректердің барлығы, аграрлық ғылым және ғалым топтарының АӨК бойынша ҰҒК құрамына «өз адамдарын жіберу» арқылы ғылыми жобаларды қарастыру жүйесінде жағымпаздық және жеке тұлғалардың мүддесін қорғағандығын дәлелдейді.

Бұның барлығы жемқорлық заңбұзушылықтың пайда болуына әкелетін қолайлы негіз болып табылады. Ғылыми ұйымдар мен ғалымдар арасындағы даму идеясын жойып, ғылыми қызметкерлердің әділдікке деген сенімін жоғалтады.

Мемлекет басшысы аграрлық ғылымды дамыту және оны ауыл шаруашылығының қозғаушы күшіне айналдыру мүмкіндігі туралы үнемі айтады. Сізден комиссия құруды және жоғарыда көрсетілген заңбұзушылық деректерін қарастырып, белгіленген құқықтық нормалар мен ережелерге сай АӨК бойынша ҰҒК құрамының сәйкестігін, сондай-ақ кеңестің іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығын және оның басшылығы мен жекелеген мүшелерінің сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына қатысын тексеруіңізді сұраймыз.

Рашит Ускенов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
Просмотров материала: 2 233

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 073 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 045 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 988 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 971 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 245 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 733 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 863 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 049 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 571 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 137 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 719 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930