26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қос дипломды жұмыссыздар неге көп?

26 январь 2018, 15:14
Қара жұмысшы қажет! Еліміздің еңбек нарығындағы жағдай осы. Деректерге сүйенсек, үдемелі-индустриалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 30 мыңнан астам маман керек екен. Бұдан бөлек, қызмет көрсету секторы да маман тапшылығынан тұралап тұр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, жұмыс күшіне деген жалпы сұраныс көлемі 700 мың адамға жеткен. Жыл сайын отандық кәсіптік білім беру мекемелерінен бітіріп шығатын мыңдаған маманнан өзге алыс-жақын шетелден ағылатын еңбек күші тағы бар.

Соған қарамастан, қазақстандық еңбек нарығы жұмысшы күшіне зәру. Неге? Статистика бойынша еліміздегі жастардың жалпы саны – 4,3 миллион, оның ішінде қала жастары 2,4 миллион, ауыл жастары – 1,9 миллион. Жастардың 2,2 миллионы жұмыс істесе, 1,9 миллионы оқиды. Қалған 100 мыңнан астамы не анда, не мұнда жоқ жұмыссыздардың қатарында.

Бұл жағдай жұмыс іздеуші емес, жұмыс берушіге ауыр тиіп отыр. Қаражаттан қиналған адам кез келген жұмысты істейді. Бірақ жастардың көбі әке-шешесіне арқа сүйеп, әлдекімнен «жұмыстың» хабарын күтіп жата бергенді жөн санайтын көрінеді. Өйткені даяшы немесе сантехник болу –ардың ісі.

Мемлекет басшысының өзі үнемі жастарды кәсіптік-техникалық білім алып, қарапайым жұмысшы мамандығын игеруге шақырып, бұл саланың мемлекет үшін маңыздылығын жиі айтады.

«Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

Біздің айналамыздағы нәрсенің бәрі жұмысшылардың қолымен жасалған. Осыны ешқашан естен шығармаңдар. Мысалы, тамақ жейтін қолдарыңдағы қасық пен шанышқыны жұмысшылар жасаған. Ол үшін металды балқытты. Сендер тұратын үйді, көлікпен жүретін жолды салған жұмысшылар.

Сендерді тамақтандыратын асханадағы аспаз да жұмысшы мамандығына жатады. Айналамыздағының бәрі жұмысшылардың алтын қолымен жасалған. Сондықтан мен еңбек адамына арнайы орден тағайындадым. Өйткені біз еңбек адамының даңқын арттыруымыз керек», – деген болатын Елбасы.

Қоғамдық сұраныстың көркін қыздыратын мамандықтар

Сарапшылар бүгінде Қазақстанға геолог мамандары, тау-кен инженері, автоматтандыру және басқару саласының мамандары, қауіпсіздік техникасы инженерлері, электрслесарьлар, мұнайшы-операторлар тапшы екенін айтады. Ал келер бес жылда көлік жүргізушілеріне деген сұраныс бірнеше есеге арта түспек.

Бұл – 30 мыңнан астам адам. Ол кезде экономикаға 18,5 мың локомотив машинисі мен алты мыңға жақын жұмысшы мамандар керек болады. Құрылысшыларға деген сұраныс та артады: 26 мың құрылысшы-монтаждаушы, құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарына 24 мыңнан астам әрлеуші, сонымен қатар 20 мыңға жуық біліктілігі жоқ жұмыс күші қажет етіледі.

Қазақстанға 11 мың шамасында сәулетші және сонша инженер қажет болады. Мұндай орта буын маман дайындауда кәсіптік-техникалық бағдар беретін колледждерге артылар міндет үлкен. Сондықтан да, кәсіптік- техникалық білім беруді көздейтін стандарттарға соңғы кезде мұқият зер салып, көңіл бөліне бастады.

Дуальді оқыту дегеніміз не?

Мәселен, Европа, Америка Құрама Штаттарында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жақсы дамыған. Германия да модульдік жүйе бойынша оқытылады. Ал Қазақстандық бұл білім жүйесі сингапурлық модельге негізделген. Бұл дегеніміз колледжде оқу мен тәжірибе қатар жүреді. Өйткені, ірі инвесторлар дипломы болғанымен, тәжірибесіз қызметкерді жұмысқа алуға мүдделі емес. Осыны ескере келіп, біздің де кәсіптік колледжер оқытудың дуальді жүйесін қабылдауда.

Оның артықшылығы неде? Стандартты білім беру колледждерінде бірінші басымдық лекцияға беріледі. Өндірістік практика уақыты аз. Ал дуальді оқыту бағдарламасы бойынша, студент оқу жылының 60 пайызын өндірісте өткізеді, 40 пайызы оқуға кетеді. Оның өзінде мұғалім лекция оқушы емес, жетекші болып қана жүреді.

Қазіргі күні елімізде техникалық бағытта білім беретін 800-ден астам колледж бар. Соңғы жылдары бұл оқу орындарына да сұраныс артты. Оған себеп: жұмысшы маман болуға деген ынта емес.

Мектеп бітірушілердің басым бөлігі Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысқысы келмей, 9- сыныптан соң колледж жағалайтыны жасырын емес. Және кәсіпті колледжді аяқтаған соң, дені мамандығы бойынша жұмыс істеуден бас тартып, ЖОО таңдайтын көрінеді.

Бұрын қорасындағы жалғыз сиырын сатса да баласын оқытуды армандайтын қазақ ұрпағын сот, заңгер, тіпті болмағанда қарапайым кеңсе маманы болса дейтін. Кәсіптік-техникалық мамандықты «қара жұмысқа» балайтын. Ал, бүгінгі еңбек нарығында экономист пен заңгер, программист пен қаржыгерге сұраныс жоқ.

Кәсіптік –техникалық білім берудің сапасын арттыру, жұмысшы мамандарын даярлау, еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы қайшылық - әлемдік тенденция. Әлемде он мыңдаған мамандық болса, оның жетпіс пайыздан астамы жұмысшы мамандығының санатында екен.

Зарина Әділбек
ДЕРЕККӨЗ: abai.kz
Просмотров материала: 2 237

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 275 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 096 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 068 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 010 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 993 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 866 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 580 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 727 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930