19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Теңге ненің арқасында нығайып жатыр? - экономист

25 январь 2018, 9:47
Голландия соты ұлттық қордың шетелде бұғатталған $22 млрд активін босатты. Сонымен қатар ұлттық валюта курсы 321,51 теңге болды. Былтыр теңге бағамы күрт түсіп кеткен еді. Биыл да қайта құлдырамай ма деген қауіп бар. Оған мұнай бағасы да әсер ететінін ескеру қажет. Сарапшылардың болжауынша, 2018 жылы мұнай бағасы $65 шамасында болады. Егер болжам расталса, ол теңгенің жағдайына оң ықпалын тигізетіні анық. Экономист Мақсат Халық ұлттық валюта бірнеше себептерге байланысты нығайғанын айтады.

- Теңгенің күш жинағаны ең алдымен компаниялардың мемлекет алдындағы салықтарын есептеу кезеңіне түсіп тұр. Көптеген компания қаңтарда өздерінің мемлекет алдындағы салықтарын есептейді. Жинақта тұрған долларын теңгеге ауыстыра бастайды. Бұл – теңгенің нығаюына әсер ететін бірінші фактор. Жылда осы уақытта теңге күшейеді.

Ал екінші фактор ретінде мұнай нарығындағы тұрақтылықты айтуға болады. Былтыр мұнай баррелі 1,2 долларға түскен.

Үшінші фактор – рубльдің нығаюы. Оған да мұнай бағасы қолайлы жағдай туғызды. Бір жағынан Ресей президентінің сайлауалды жағдайы бар. Сондықтан алдағы уақытта да рубльді күшейтуі ықтимал. Өздеріңізге белгілі, теңге мен рубльдің координациялық байланысы тығыз болғандықтан, теңге бағамы да рубльмен тығыз байланысты, - дейді экономист.

Соңғы үш жыл Қазақстан экономикасы үшін ауыр болды. Теңге құлдырады, мұнай бағасы арзандады. Сарапшылардың пікірінше, оның салқыны әлі біраз уақытқа дейін сезіледі. Десе де өсім жоқ емес.

- Экономикалық циклдың фазалары болады. Дағдарыс, одан кейін депрессиялық жағдай, экономиканың тұрақтауы. Қазақстан осы кезеңдердің барлығынан өтті. 2015, 2016 жылдарда жалпы ішкі өнім 1 пайыздың көлемінде ғана болды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 4 пайызға өсті. Бұл – қуанатын нәрсе. Керемет өсім бар деп айта алмаймыз. Дегенмен қайта жоғарылауға бағыт алдық. Бұл дегеніміз – экономика фазасының жандану, тірілу деңгейіне өтуі, - дейді Мақсат Халық.

2017 жылы ЖІӨ 4 пайызға жетсе де, әлеуметтік жағдай әлі де нашар. Сарапшылар оған 2015, 2016 жылдардағы дағдарыс жағдайы себеп дейді. 2017 жылы да халықтың нақты жалақысы қысқарды.

- Рейтинг агенттіктері мен дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ биыл 3,5 пайыздың көлемінде өседі деп болжайды. Осы нәтижеге жетсек, Қазақстан үшін жақсы көрсеткіш. Керемет өсім болады деуден аулақпыз.

2017 жыл өте қиын жылдың бірі болды. Себебі халықтың нақты жалақысы қысқарды. Жалақының екі түрі болады: атаулы жалақы, яғни халықтың қанша жалақы алатыны көрсетіледі, екіншісі - нақты жалақы.

2017 жылмен салыстырғанда халықтың жалақысы тауар алу қабілетімен сәйкеспейді. Сайып келгенде, былтырғымен салыстырғанда халықтың нақты жалақысы азайып кеткенін байқауға болады. 2017 жылы тауар сатып алған ақшамызды биыл дәл сол тауарға жеткізе алмаймыз, - дейді экономист.

Былтыр бензин тапшылығы айқын сезіліп, жүргізушілерді біраз әбігерге түсірді.

Мақсат Халық ондай нәрсенің қайталанбауы үшін шенділердің жұмысы нақты стратегиялық түрде жоспарлануы қажет деген пікірде.

Ал экономист Мақсат Сералының сөзінше, бензин тапшылығы болмауы үшін жанармайға алдын ала тапсырыс берген жөн. Бастысы – төртінші мұнай өңдеу зауытын салу қажет. Экономист Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына жаңа құрылғылар орнатылғанын және оны Шымкент пен Павлодардағы зауыттарға да орнатса, жанармайға қатысты біраз мәселе шешілуі мүмкін екенін айтады. Себебі жанармайды тек көлікке ғана емес, басқа да мақсаттарға пайдаланады.

- Мұнай тапсырушылардың үлкен қателігі – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жұмыстары үшін жабылатынын біле тұра, алдын ала тапсырыс бермеуі. Егер жанармайды белгілі көлемде алып қойса, мәселе ушықпас еді. Әрине оны сақтайтын қойма жоқ болуы мүмкін. Бірақ оның барлығы – шешілетін мәселе», - дейді сарапшы.

ДЕРЕККӨЗ: qamshy.kz
Просмотров материала: 2 091

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 600 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 422 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 392 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 328 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 307 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 701 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 261 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 412 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930