29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕГІШ ӘКІМ ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙДАН ЖҮР?

23 январь 2018, 19:26
Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тіліне жасалып жатқан кедергілерді еліміздің солтүстігінен көп көріп үйреніп қалған елге бұл жолғы тосқауыл қалың қазақтың өлкесі Оңтүстіктің ордасы –Шымкенттен шыққанда шу ете қалуын түсінуге болады.

Иә, үш ұйықтасаң, түсіңе кірмейтін жағдай. Бәрі Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі Бауыржан Қалжановтың есеп беру жиынында мемлекеттік тілде жасаған баяндамасы туралы бір тұрғынның: «Әкімдік мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрметті аудан әкімі, сіз Конституцияның бір бабын бұздыңыз, орысша да сөйлеуіңіз керек еді» – дегенінен шықты. Сол, сол-ақ екен, Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев:

– Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать.

Осылай деген Сауранбаевтың мемлекеттік тілде сөйлеген аудан әкімі Бауыржан Қалжановқа разылық білдірудің орнына, одан Ресей тілінде де сөйлеуді талап етуін қалай түсінуге болады? Бұндай жалпақшешей құлдық сананы қандай саясатқа жатқызамыз? Жалпы, бізге, Тәуелсіздігіне ширек ғасырдан асып кеткен мемлекетте, қазағы 90 пайыз өңірде бұрынғы қожайын болып қалған кеңес империясы тілін аңсаған әкімді де, министрді де, кез келген шенеунікті орнынан алып тастайтын кез баяғыда келді. Әрине, ондай әкімдер, министрлерді оларды тағайындағандар ала қоймас, біз – халық, яғни қоғам алып тастауға мәжбүр етуіміз керек.

Ал Ресей тілін аңсаған әлгі қазақ шал Шымқалада қайдан жүр? Есеп беру жиынына қатысушылардың айтуынша, оның үш сұрағына да аудан әкімі Бауыржан Қалжанов нақты жауап беріпті. Ендеше, неге, «әкім баяндамасын орысша да жасау керек еді» деп, бүйректен сирақ шығарып отыр? Мейлі, ол өз есебі бар қатардағы қарапайым біреу дейік, ал Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев кімге де болса, Мемлекеттік тілдің рөлін түсіндіруі тиіс емес пе? Ал оның орнына әкіміміз әлгі шалдың алдына түсіп алып, тоқымы жалпылдап шаба жөнелуін қалай түсінеміз?

Осындай масқара – өз елінде, өз тілінде – мемлекеттік тілде сөйлегені үшін әкімді өз әкімі кінәлап, өзге мемлекеттің тілінде сөйлеуді талап етуі бізден басқа ешқандай елде болуы мүмкін емес. Осындай орысқұлдық Өзбекстанда болса, Сауранбаевтың саудасы бітіп, әлгі арандатушы шалдың жағдайы тіпті қиын болар еді…

Осы мәселені алғаш көтерген оңтүстіктегі Rgmedia.kz сайтының тілшісі Абылай Есімбайдан бастап, қазақ сайттары мен әлеуметтік желіде барлық қоғам қайраткерлері, журналистер өз пікірін білдіріп, Шымкенттің әкімін шықпыртып сабап жатыр. «Қазақ үні» ұлттық порталы «Нағыз шала казахский» – Шымкент әкімі өзінің қай тілде сөйлейтінін біле ме?» атты мақала жариялады. «Оңтүстіктегі 3 миллион қазақтан Шымкенттің әкімі болатын тілі таза, ділі мықты, намысы бар бір қазақ табылмады ма, Жансейіт Түймебаев мырза! Мемлекеттік тілде сөйлеген аудан әкімі Бауыржан Қалжановты мақтаудың орнына, керісінше «Ресей тілінде сөйлеу керек» дейтін, қазақша таза сөйлей алмайтын, мемлекеттік тіл туралы заңды білмейтін Сауранбаев деген сауатсыз қалай әкім болып жүр? Шымкенттің әкімі етіп таза қазақша сөйлеп, баяндама жасаған Бауыржан Қалжановты қойып, Сауранбаевты сауатын арттыру курсына жіберу керек»-деген айыптаулар интернетте иін тіресіп жүр.

Алматының әкімі Бауыржан Байбек ел алдында орысша сөйлеген қазақ қызына «Қазақша сөйлеу керек» деп қайтарып тастайды. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орысша сөйлеген қытай кәсіпкеріне «Қазақша сөйлеңіз» деп талап етеді. Нағыз заңды қадағалаушы орган – Бас прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина Астананың өзінде биік мінберде, бар журналистің алдында орыс тілінде қойылған сұраққа жауап бермей, тек мемлекеттік тілде сөйлейді. Түрік азаматы Оғыз Доған жер түгілі аспанда да Қазақ тілін талап етіп, мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген «Эйр Астананы» сотқа беріп жеңеді. Ал қалың қазақтың ордасы Шымкентте Нұрлан Сауранбаев мемлекеттік тілде сөйлеген әкіміне разылық танытудың орнына одан Ресей тілінде сөйлеуді талап етеді… Нағыз парадокс! Өзінің сөзіне қарасаң, қазақшасы аз, орысшасы басым ойран ботқа! «Шымқалада жоқ, жоқ» – деген ән осы қала әкімінің намысы туралы айтып жүрген жоқ па екен деп ойлап қаласың…

Егер осы жиында Бас прокуратура кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина болса, Шымкенттің әкімі Сауранбаевтың сауатын ашып кетер еді… Ал Керекудегі қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтатып жүрген Руза болса, әлгі Ресей тілін сұрағыш обалы жоқ орысқұл шалды алдына салып айдап шығар еді сол жерден…

Бұдан біз Шымкент әкімінің қазақ баспасөзін оқымайтынын айқын аңғардық. Егер оқыса, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ біреу ғана, ол –ҚАЗАҚ ТІЛІ екенін көзі шалып қалар еді де, қаладағы есеп беру жиынында әлгіндей мемлекеттік тіл туралы сауатсыз сөзін айтып, ұятқа қалмас еді…

Біз де қазақ баспасөзінің бірі ретінде Мемлекеттік тіл туралы әкімдер мен министрлерге оқыған тегін дәрісімізді тағы да қайталай кетейік.

ҚАЙ ТІЛГЕ БОЛСА ДА, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ!

«Орысша жауап бермеді, қазақша жауап берді немесе қазақша сөйледі» деген шағымдану ЗАҢСЫЗ, себебі ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ! Тілдер туралы заң бойынша, сауал немесе өтініш орыс тілінде бола ма, өзге тілдерде бола ма, бәріне Сіз ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ жауап берсеңіз – ОЛ ЗАҢДЫ!

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының 4 бабына сәйкес – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып – қазақ тілі танылады және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға міндетті.
9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi.
Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап
тiлi.
«Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.»-деп жазылған.
Яғни, Тілдер туралы Заңның 4- 9-11 баптары бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы!

Яғни, Сіз қай тілде, орыс тілі ме, шүршіт тілі ме, т.б. тіл ме, сұрақ қойылса да, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ – ЗАҢДЫ БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ ҚОЛ ҚОЙҒАН ЗАҢЫМЫЗДА ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН. Ол үшін Сізді ЕШКІМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ. ҚАЙТА ПАТРИОТТЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС ХАТ, қалауы болса, тіпті сыйақы беруі керек!

Тіл туралы заңда ең жоғары статус – Мемлекеттік тіл статусы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусынан жоғары статус болмайды. Сондықтан сауатсыздардың (министр ме, әкім бе, депутат па, сатушы ма, бәрібір) қандай да бір орыс тілінің «мәртебесі» туралы «ережелері» МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қасында бос сөз болып табылады!

2007 жылы Мәжіліс депутаты ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ депутаттың: «Конституция бойынша орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей болып табыла ма?» деген сұрағына Конституциялық Кеңес: » Атазаңның 7- бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады»-деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді.»-деп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен жауап берген.

Яғни, «орыс тілінің статусы мемлекеттік тілмен бірдей» -деген сөз ойдан шығарылған, орыс тілінің құқын асыра пайдаланған орыс тілділер жасап алған жалған «статус».»

R.S. Қоғамдық пікірдің күшейіп, ықпалды болып келе жатқанының жарқын белгісі – бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов халық алдында есеп беріп, 15 минуттық баяндамасын 100 пайыз мемлекеттік тілде жасады. Бұл қорытынды есеп беру кездесуіне қала әкімі Нұрлан Сауранбаев арнайы қатысып, тек қазақ тілінде сөйледі. Бұл туралы «Кеше елден сөз естіген Сауранбаев бүгін тек мемлекеттік тілде сөйледі» деп хабарлайды Rgmedia.kz ақпараттық порталы.

Оңтүстіктен оңды жаңалықтар естігенге не жетсін!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz
Просмотров материала: 2 470

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 599 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 437 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 424 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 361 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 316 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 634 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 444 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031