26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚСТАННАН 66 ЕСЕ КІШКЕНТАЙ ГОЛЛАНДИЯ ЖЫЛЫНА 100 МЛРД ДОЛЛАРДЫҢ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ӨНІМІН ЭКСПОРТТАЙДЫ

19 январь 2018, 11:10
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университет ректоры Ақылбек Күрішбаев Елбасы биылғы Жолдауында Аграрлық ғылымға және аграрлық университеттердің беделін көтеруге баса назар аударылғанын және нақты тапсырмалар берілгенін атап өтті.

"Канада мемлекетінің ауа райы жағдайы біздегі Солтүстік Қазақстан аймағымен бірдей. Бірақ, Канадада ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі біздікінен 14 есеге көп. Голландия - кішкентай ғана мемлекет, аумағы Қазақстаннан 66 есеге кіші. Бірақ, сол Голландия жылына 100 млрд АҚШ долларына ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайды. Ал Қазақстан ең көп дегенде 2,1 млрд теңгеге өнім шығарады. Яғни, Голландия көрсеткішінен 50 есе аз. Сондықтан, үлкен әлеуетімізді пайдаланып, табиғи-климаттық жағдайы ұқсас елдердің үздік тәжірибелерін әкеліп, өзімізге бейімдеу аса маңызды", - деді ректор Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиын барысында.

Сонымен бірге, ректор Елбасының ғылыми-зерттеу университетін құру туралы тапсырмасы аясында бірқатар жұмыстардың атқарылғанын атап өтті.

"Аграрлық білім беруде үздік деп саналатын Дэйвистегі Калифорния университетінің ғалымдарымен бірге оқу бағдарламаларын өзгертіп жатырмыз, тәжірибеге басымдық бердік. Біздің ғалымдар мен оқытушылар Америкаға барды, олар бізге келді. Осылайша, шетелдік серіктестермен Университетіміздің даму бағдарламасын жасадық. Бүгінге дейін 6 бағдарлама жасалды, бірақ, тағы 62 бағдарлама жасау қажет. Оған мемлекеттің қолдауы керек", - деді А. Күрішбаев.

Ректордың айтуынша, ҚазАТУ-да бір баланы оқытуға мемлекет жылына 346 мың теңге бөледі. Бұл студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуіне, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, оқу процесін түбегейлі өзгерту үшін шетелдік профессорларды шақыруға жетпейді.

"Сондықтан, Үкіметтен грант құнын ұлттық ЖОО деңгейіне - 635 мың теңгеге дейін көтеруін сұраймыз. Біздің есебімізше, жаңа құнмен бес жылға 2,4 млрд теңге қажет. Біздің мемлекеттің бұған мүмкіндігі жетеді. Үлкен қайтарымы да болады. Осы Жолдаудан кейін Үкімет біздің даму бағдарламамызға қолдау білдіреді деп үміттенемін", - деді ол.

Одан бөлек, ректор университеттің шетелдік инвестициялар тартуды үйренгенін атап өтті. Соңғы төрт жылда университетке 1,2 млрд теңге инвестиция құйылған. Соның есебінен университет жанынан Оңтүстік Корея, Беларусь, Қытай және Германиямен бірлескен халықаралық орталықтар ашылған.

"Оңтүстік Кореямен бірге құрған ақпараттық технология орталығы астық жинау кезінде Қазақстанның барлық өңірін ғарыштан бақылау мүмкіндігін ұсынды. Енді Қазақстандағы барлық табиғи ресурстарды ғарыштан бақылау бойынша тапсырыс алып, университетке 500 млн теңге көлемінде табыс әкеліп отыр. Қытайлық ғалымдармен бірлесіп, тұзға төзімді, шөлге төзімді 40 ағаш түрін жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ағаштар кейінірек Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Өнімділігі 5 есе жоғары жаңа картоп түрі де қытайлық мамандармен бірлесіп жасалған.

Аустралиялық ғалымдармен түрлі табиғи жағдайға қарамастан, сапалы өнім беретін жаңа бидай сұрыпын шығару жоспарланған", - деп сөзін түйіндеді Ақылбек Күрішбаев.

Сондай-ақ, университетте студенттер тәжірибесі үшін жылыжайлар, егістіктер, ет, сүт, майлы дақылдарды өңдейтін цех және наубайханалар жұмысы ұйымдастырылған.
Просмотров материала: 2 600

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 363 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 183 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 154 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 098 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 082 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 253 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 277 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 091 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 608 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 756 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930