25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДЕПУТАТТАР "ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ" ЖЕКЕ ПӘН РЕТІНДЕ ОҚЫТЫЛМАУЫНА АЛАҢДАУЛЫ

Бүгін Мәжілістің отырысында "Нұр Отан" фракциясының депутаттары үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдап, Білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды. Олар "Қазақстан географиясы" пәнінің жеке пән ретінде оқытылмауына алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы биылғы халыққа жолдауының адами капиталды дамытудың негізгі бағыты бойынша білім берудің жаңа сапасы, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп нақты айтты. Сол бағытта Қазақстан үкіметі оқу стандарттарындағы өзгерістерді кезең-кезеңімен әр пәнге енгізу жөнінде №1080 қаулысын да шығарды. Десек те, білім саласына жауапты министрлік тарапынан берілген тапсырма мен айқын бағытты бұрмаушылықтардың кейде көрініс табатыны жасырын емес. Биылғы жылдың басында мәжіліс депутаттары өңірлерге сапар барысында ел тарихында ізі қалған ғалымдар мен белгілі ұстаздардың, ұлт жанашырларының үні мен назын естіп қайттық", — деген депутат Бақытгүл Хаменова жалпыға білім беру стандартынан кейін оқу бағдарламасын әзірлеген жауапты мамандар басты жайтты ескермей қалғанын алға тартты.

Мәселен, кезең-кезеңімен енгізілген өзгерістерден кейін ғалымдар еліміздің егемендігін танытатын пән – "Қазақстан географиясын" жеке пән ретінде таппай қалған.

"Дүниежүзіндегі барлық ел өздерінің тәуелсіздігін таныту үшін географиясын жеке пән ретінде оқытатындығы анық. Жер бедері бойынша еш кішкентай мемлекеттердің өзі бұл тізімнің алдында. Ал Қазақстан Республикасы 193 мемлекеттің ішінде тоғызыншы орынды иеленген. Айталық, Израиль мемлекеті төл географиясын екі жыл меңгертсе, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдері үш жылға жуық уақытты жоспарлайды екен", — деді Хаменова.

Қазақстан географиясы мектепте 1993 жылдан бастап оқытылып келеді. Депутаттың айтуынша, аптасына әупірімдеп оқытатын екі сағаттың өзі бүгінде көзден бұлбұл ұшқалы тұр.

"Елбасы "Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру" мақаласында: "Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Ол үшін Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстаның киелі жерлері гоеграфиясының жобасы керек" деді. Еліміз бен жеріміздің тарихы мен географиясын терең таныту Елбасының алдымызға қойып отырған нақты бағыты", — деп еске салды халық қалаулысы.

Осы жерде депутат бізде стандарт пен бағдарламаны аттап өтіп, оқулық шығару сәнге айналып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сөзіне дәлел — биылғы оқу жылынан бастап "География" деген атаумен жаңа оқулық енгізілген. Ал "Қазақстан географиясы" жоқ. Хаменова жаңа оқулықтың еліміздің төл географиясын насихаттауға қаншалықты қызмет ететініне күмән келтірді.

"Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде берген мәлімдемесінде министр Ерлан Сағадиев мырза аталмыш мәселеден бейхабарлығын танытса, министрліктен алынған ресми жауапта бүгінгі күнге дейін" Қазақстан географиясы" пән ретінде емес, оқу бағдарламасы есебінде ғана қаралған деген жауап алдық. Жауапты басшылықтың жауабы осындай түсініксіз болса, жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтың шикілігі де айқын ба дерсің. Қалай десек те, басты мақсатымыз — болашақ ұрпаққа Атырау мен Алтайдың арасын жалғап жатқан кең байтақ атыраптың қасиетін ұлттық мақсатта түсіндіру. Елбасының ерен еңбегі — өзгелермен астасқан қазақ елінің аумағы мен шекарасын Қазақстан географиясында оқыту маңызды. Бұл болашақ алдындағы борышымыз", — деді ол.

Осы айтылғандардың негізінде "Нұр Отан" фракциясының депутаттары Білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

"Сағаты болғанымен, ешқандай бұйрықсыз ауыстыра салынған "Қазақстан географиясы" пәнінің атауы оқу бағдарламасында сақталуы тиіс", — деген сенімде депутаттар.
Просмотров материала: 3 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 142 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 964 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 934 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 874 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 855 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 011 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 537 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 686 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930