26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өмірден кім өткенін білесіз бе?

28.12.2017 жыл күні 85-ке қараған шағында белгілі геолог-ғалым, географ-саяхатшы, этнограф, Тұрартанушы, өз ұстанымы болған қайраткер ағамыз Молдияр Серікбаев бұл пәни дүниеден озыпты. Баукең сияқты өзі де, сөзі де, ойы да, атқарған істері мен тірлігі де мықты, асқақ, шынайы, шымыр, қазаққа деген мейірім-шапағаты шексіз жан еді.

Мен ол кісімен 1996 жылдан таныспын. Менің түсінігім бойынша Молдияр Серікбаев ағамыз эволюционист ғалым, қазақтың, бүкіл түркі дүниесінің этногенезін табиғаттың эволюциясымен байланыстырып қарастыратын, оқығаны мен тоқығаны ұшан-теңіз, энциклопедиялық білім иесі болатын.

Өз басым ол кісінің айтып кеткен ғылыми-гипотезаларына, жорамалдарына үлкен құрметпен, сеніммен қараймын. Себебі өзінің пайымдарын ағамыз геологиялық және географиялық тұрғыдан негіздейтін. Мемлекетіміздің ономастикалық комиссиясына мүше болып Қазақтың жер-су аттарын қайта қалпына келтіріп, тірлігінде талай сауапты істер атқарды.

2002 жылы Қазақстанның жаңа флористикалық аудандау жүйесі жарық көрді. Оны дайындау үстінде Молдияр-аға менің ақылшым, кеңесшім болды. Бүгін мен сол жылдарды ең бақытты, творчестволық сәтті және табысты жылдарым деп есептеймін.

Маған Молдияр-ағамдай ұлы ғалыммен ұзақ жылдар – 21 жыл жақын араласу бақыты бұйырғанына жаратқанға мың да бір тәуба деймін. Ағаның ұлылығы – ол кісінің «кішілігінде», кішіпейілділігінде болатын.

Өзінің ұстазы атақты геолог-ғалым В.Ф.Беспаловты өте сыйлайтын, пір тұтатын. Сол В.Ф.Беспаловтың ғылыми жетекшілігімен дайындалған Қазақстанның геологиялық картасының авторлар ұжымының белсенді мүшесі Молдияр-аға еді.

Бұл карталар 1968 және 1983 жылдары Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Бірақ мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ Молдияр-ағаға бұйырмады. Қожахмет Яссауи айтқандай – Молдияр-аға күн сияқты болды: «Күн жұрттың бәріне жылуы мен жарығын береді, бірақ ешкімнен ақы сұрамайды».

Менің жұмыс орным ол кісінің таза ауа жұтып, қыдыратын жолында болатын. Екеуіміз кездескен сайын 1,5-2 сағаттай сөйлесетінбіз. Сондай кездерде Молдияр-ағаның айтқан бірқатар ойларын қойын дәптеріме түртіп алып едім. Соларды хронологиялық тәртіппен осы жерде жарияласам деп отырмын.

Молдияр-ағаның осы бір ғылыми-жорамалдар сериясынан ең басты ұққаным – «Тұтас Түркістан» идеясының, «Түркі әлемінің тұтастығы» мен «Қазақтың біртұтастығын» географиялық, геологиялық, ономастикалық, тарихи тұрғыдан ғылыми негізделуінің авторы болатын. Өзімнің қойын дәптеріме «Молдияр-ағамен сөйлескенде» деген тақырыппен жазып алынған тезистер мынадай:


2015 ЖЫЛ, МАМЫР

- Ноғай, Құмықтың ішінде Қаңлылар, Үйсіндер бар;

***

- Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында Үйсіндер бар;

***

- Қорғас өзенінде: Ақтекше – үстінде, Көктекше – астында.

***
- Қаржантаудың бұрынғы карталардағы аты – Қосмола;

***

- Қазақтың Ғылым академиясын құру идеясын 1925 жылы айтып, алғашқы нақты қадам жасаған Халел Досмұхамедов. Ташкент қаласында «Талап» қоғамы құрылып, осы мақсатта жұмыс істеген.

***

- КазИнПрос (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-і) 1928 жылы құрылып, Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен;

***

- Нальчик қаласы – Нәлі, таға, «кіші таға»;

***

- Тұтас Түркістан идеясына: Алтай, Хакасия, Тыва, Барама даласы (Барабинские степи), Шәлім далалары (Чулымские степи) Түркістанның құрамында қарастырылуы тиіс, себебі бұл жерлерді түркі халықтары – алтайлықтар, хакастар, тывалықтар, татарлар мекендейді;

***
- Тывада – Тұран, Ойық деген жер атаулары бар;

***

- Тываның шығысында тауды оғызша «даг» дейді, батысында қыпшақ-ноғайша «тау-ағаш» дейді;

***

07 ҚАЗАН, 2015 ЖЫЛ

Молдияр-аға жарықтық Жағда Бабалықұлымен пікір алысып ғылыми айналысқа мына сөздерді енгізді: ДҮЛЕЙ, ТҮЛЕЙ – сексеуіл-орман, ЖАР-КЕМЕР, ЕРНЕК – «Чинк», ТҰЗДЫ ШОҚАТ – «Соляные купола».

ШІЛДЕ, 2016 ЖЫЛ

- В.Ф.Беспаловтың пікірінше – Кіндік Азия палеогеографиялық, палеотектоникалық тұрғыдан біртұтас территория болып табылады;

***

- Есіктен, Берелден және Шіліктіден табылған «Алтын адамдар» «Ілелік свитаға (Илийская свита)» тән бір геологиялық қатпарға (горизонт) жатуы мүмкін. Әдетте бұл свитаның қалыңдығы 400-500 м, ақ топырақты болып келеді;

***

- Қазақ руларының аттары геологиялық номенклатурада пайдаланылған. Мысалы, Д.И.Яковлев Жалайыр-наймандық тектоникалық аймақты бөліп қараған. Оған Отар-Шоқпар-Солтүстік Хантау – Жамбылтау-Бетбақдаланы жатқызған. Жалайыр-наймандық тектоникалық аймаққа яшма-кварцитті формация тән.

***

- Хакасияда, Тывада, Саха-Якутияда құрғақ, аридті Сібірлік далалар бар. Сол далалардың көпшілігінің сыртқы келбеті біздің шөл-шөлейттерге келеді. Тереңірек талдау жасаса Сібір-түркістандық географиялық облыс бөліп қарастыруға болатындай.

***
- Геологиялық тектоногенездің фазаларының атауында географиялық, жер-су аттары кең қолданылады. Мысалы, тектоногенезде мынадай фазалар бөлінеді:

• Мәскеулік фаза (Московская фаза);
• Ілелік фаза (Илийская фаза);
• Ақшағыл-Апшерондық фаза (Акшагил-Апшеронская фаза);
• Ортатриастық фаза (Среднетриасовая фаза) – бұл фазада жоғарғы триас пен юра дәуірлері геологиялық келісімде;
• Сауырлық фаза (Саурская фаза), бұл фаза Қазақстанда кең тараған, ол төменгі Карбоннан – Турне – төменгі Бизе – ортаңғы Бизе арқылы

Карбонды тұтас қамтиды; жоғарғы Карбонда геологиялық келіспеушілік орын алып, кремнийлік қатпар тастар пайда болады; Сауырлық фазаны ащқан геолог В.П.Нехорошев;

• Тахондық фаза (Тахонская фаза), Солтүстік Тәңіртауда ашылған, ерекшелігі сол – Солтүстік Тәңіртауда силур жоқ, жоғарғы ордовик пайда болады.
Осы фазалардың бәріне В.Ф.Беспалов тектоникалық талдау жасап, жіктеген (расшифровка).

***

Шелектің арғы жағында Нұра деген жер бар. Сол жерден «Гиппариондық фауна» табылған;

***
«Геологиялық келісім», «геологиялық келіспеушілік (геологическое несогласие)» деген ұғымдар бар. Мысалға, Памир мен Тұранның арасындағы «геологиялық келіспеушілік» ортаңғы және жоғарғы девоннан басталады;

17 ҚЫРКҮЙЕК, 2016 ЖЫЛ

- Академик Виктор Ефимович Хаен (МГУ) «постплатформенный орогенез» деген термин енгізген. Бұл тұрғыдан алғанда Алтай, Хакасия, Тыва, Барама және Шөлім далалары біртұтас геологиялық Түркістандық платформаның құрамында.

***

- Атилла – Дулат. Еділдің бойында Еділ-дулаттары бар.

***
- Семейтау. 1771 жылғы картада Мәнтау деп көрсетілген. Майқы бидің сөздерінде де осылай деп аталады. Қазыбек бек Тауасарұлында да Мәнтау деп аталған;


27 СӘУІР, 2017 Ж.


- Сақтың жалғасы – Үйсін;
***
- Массагет (Массағат, Массахат) – Үйсіннің парсыша атауы;

***
- Массагет. Шардарада, Отырарда, Жайықтың сағасында осындай жер-су атаулары бар (Массагет, Мастағат).

***
- Парсы тілінде Массағат (Массахат) ежелгі, көне Сақ дегенді білдіреді.

***
- 1902 жылы Ұрбұлақтан (Түлкібас ауданы) 20 үй Байыс Жетігенге көшіп келген (Назар – Қараман Байыстар).

***
- Абырар – өзбектің аты. Кезінде Шәуешекте сауда жасаған өзбек екен.

05 МАМЫР, 2017 Ж.

- Тобықтылар отырған Абралы, Қайнар және Кіші Орда деген жердегі басқа Қазақтар – Жағалбайлы, Тама, Ырғақты-Үйсіндер болып шықты;

***

- Шұбартау ауданы – Керей;

***

- Ақсуаттың батыс жағында Жағалбайлы деген тау бар;

***
- Зайсанда екі ауыл кіші жүз бар: Қарасу және ...

***

- Башқұртстанда бір платоның аты – Жилайыр. Сол, шамасы, Жалайыр болса керек. Транскрипциясын дұрыс бермеген;

***

- Арғынның Қаракесегінде Үркінші деген ру бар. Дулаттың ішіндегі Темір-Шымырда да Үркінші бар.

***

- Шақшам деген Меркіде бар, сосын Газалкентте (Өзбекстан), Бәйдібек ауданында (ОҚО) бар;

***

- Ресейдің Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Озинки қаласында Үйсіндер тұрады.

***
- Кіндік Азия (Центральная Азия) деген ұғымды ғылыми айналысқа енгізген Александр фон Гумбольд. Ал шекарасын анықтаған Рикхофен (ол да неміс).

12 ЖЕЛТОҚСАН, 2017 ЖЫЛ

- Башқұрттың түбі Қазақ болып шықты...

***

Міне, солай. Мен бүгін Молдияр-ағамен болған әрбір кездесуден осындай тезистерді түгел жазып алмағаныма өкінемін. Қазақтың рухани жаңғыруына, серпілуіне, бойын тіктеуіне ел болып кіріскен шақта ғазиз ағамыздың қатарымызда болғаны абзал еді... Жаратқанның әміріне амал нешік? Бірі кем дүние деген осы екен-ғой...

«Түркістан» газетіне 2013 жылы 12 қыркүйекте берген сұхбатында Молдияр-аға: «Алыптар алыстап барады» – деп еді. «Жақсының аты қалады, Ғалымның хаты қалады» - деген бар. Молдияр-ағаның артында жақсы аты қалды, ғалым ретінде орасан үлкен ғылыми мұрағаты – хаты қалды.

Басқаша болуы мүмкін емес еді. Себебі, ғазиз ағаның қазаққа деген мейірім-шапағаты шексіз болатын, өмір бойы құдайдың тура сөзін – ақиқат сөзді айтып өтті. Ештеңеге қарамай ақиқат сөзді айтатын. Ақиқатты айту – алыптарға тән қасиет. Ендігі жерде өзі де Алыптардың қатарына қосылып алыстап барады.

Алды жарық, арты кеніш болғай...

Нұғыман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор
Просмотров материала: 4 237

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 348 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 169 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 140 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 083 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 068 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 086 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 604 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930