28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӘН ОРНЫНА ӘҢГІМЕ АЙТАТЫНДАР ҚАПТАП КЕТТІ

04 январь 2018, 13:39
«Хабар» арнасының жаңа жылдық музыкалық xабарын көріп отырғанбыз. Бір кезде Дана Кентай деген жас әнші шықты да, ән емес… әңгіме айтты. Иә, «Қоңырау» деген әнсымақты ән дегеннен гөрі әулекі әңгіме деуге болады…

«Маған қоңырау шалған кезінде,Телефоным сөніп қалды.Әлемде жарық сөнгендей. Сезім пайда болды-ау. Жаяу көшенің бойымен мен жүріп келем. Күтпеші жаным тек қоңырау менен» – міне, «ән» мәтінінің «мәні» осы!…

Өлең мәтініне ұқсасын, ел солай ойлап қалсын деп, ән авторлары бұл әңгімені жол-жолға бөліп жазыпты. «Әжептәуір өлеңімізді бүлдіріп, дұрыс жазбады»-деп кінәламау үшін біз де солардың формасына салып жазып көрейік:

Маған қоңырау шалған кезінде

Телефоным сөніп қалды

Әлемде жарық сөнгендей

Сезім пайда болды-ау

Жаяу көшенің бойымен мен жүріп келем

Күтпеші жаным тек қоңырау менен»

ӘН ОРНЫНА ӘҢГІМЕ АЙТАТЫНДАР ҚАПТАП КЕТТІ


Ешқандай өлеңнің иісі де жоқ, кәдімгі ауызекі қарабайыр жаттанды жауыр сөз. Ән сөзінің авторын іздеп, интернеттен іздеп едім, әдеттегідей әншілеріміз әннің әуенін де, өлеңін де өздері жазғандай авторлардың аты –жөні жоқ екен. Ютубтан «Қоңырау» әнін іздеп едім, бір бала шошытатын дүбара клип шықты да, жаба салдым…

Кеше ғана Арман Сқабылұлы бауырым фейсбук парақшасында «Қазақстан» арнасындағы жаңа жылдық хабарда әйгілі болып қалған әншіміз Әйгерім Қалаубаеваның орындаған:

«Əкеме айтшы мама,

Жіберсін вечерге!

Жас емеспін мен енді,

Қорқады несіне?»-

деген «әңгімесін» сынағанын оқып едім. Енді, міне, «Әндіжанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы» дегеннің нағыз өзі болып, «Хабар» одан да асып түсті…

Осыдан үш жыл бұрын Кентал дегеннің үшеуі үш жаққа қарап тұрған ұйқассыз үш сөйлемнен тұратын өлеңін «Астана» арнасынан тыңдап, қорланып едім. «ӘН ӘЛЕМІНДЕ, ЭФИРЛЕРДЕ ТАЛҒАМ ДЕГЕН БАР МА?!.» деген мақала да жазған болатынмын. Ол әнші де екі ауыз сөзін әннің аяғына дейін жүйке бұзып, жүз рет қайталай береді екен. Мен де сол мақаладан ерінбей, үзінді қайталай кетейін.

«Әне бір “Бірлік болсын әлемде, аман бол, халқым!”-дегенді жүз рет қайталайтын, одан басқа бір сөзі жоқ бір әнші бар екен ғой, Кентал деді ме, сол шыққанда амалсыздан арнаны ауыстыруға тура келді… СОНЫ КІМ ЭФИРГЕ ЖІБЕРІП ЖҮРГЕН? Сонда бұл қандай ән? Қандай сөз? Оу, ән әлемінің айналасында жүргендерде талғам деген бар ма, жоқ нөлге түскен бе? Мынадай “әнсымақты”, ал мәтінін айтсаң, ақындар ғана емес, қазақша білетін кез–келген адам инфаркт болатын бұндай “өлең мәтінін” кім эфирге жіберіп жүр? Құдай–ау, мынадай “әнді” тыңдап отыру, “әншінің” бар бітіргені залды шапқылап, көрерменмен ербеңдеп билеуін көріп отыру не деген қорлық еді?!. Жазығы жоқ, бірақ талғамы бар көрерменді аяп кетесің…

Біздің ауылда, шалғайдағы Шардараның қиырдағы Қызылқұмында ғана емес, еліміздің кез–келген ауылында бұдан жүз есе әдемі ән жазатын, жүз есе сөз жазатын, жүз есе орындай алатын әншілер толып жатыр. Одан да, соларды шақырайық та? Өнерді қорламайық! Өнерге талантсыз, талғамсыз құр жанкешті өлермендік жүрмейді!

Мен барлық жұмысымды жиып қойып, ән мәтіні не екенінен хабары жоқтарға түсіндірме жұмысын жасап көрейін:

«Бiрлik болсын әлемде
Бірлік болсын елімізде!
Аман бол халқым! Халқым менің!!!»

деген ән мәтініне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол жай бір адамның жақсы тілегі... … Ауылдағы болсын, қаладағы болсын, кез-келген адам ондай тілектің он есе жақсысын айтып береді ғой. Ал солардың бәрі тілектерін «ән» деп жариялап қойып, сахнада секіре берсе не болады? Одан соң өлең қаншама ағымға түскенмен, оның өзгермейтін шарты – «ұйқасы» бар болуы тиіс. Сондықтан ол өлең, қарасөз емес...



Шамасы, бірінші сыныптың баласына түсіндіргендей түсіндірдім деп үміттенемін. Ән мәтінінен хабары жоқтардың ән мәтіні туралы бірдеңе білетіндей сөйлеуі адамның аяушылығын тудырады, басқа ешнәрсе емес… Ал Кенталдың «атақты» үш жолында (ең болмаса төрт жол да емес) бір де бір ұйқас емге жоқ!!! Яғни, ән мәтіні деген аузына не келсе,соны айта салып, секіріп билей беру емес!

Әркім өз орнын, айтар сөзін, араласатын жерін білуі керек. Кентал сияқты базар аралап , той аралап ән айта берсін, екі жыл болыпты ғой… Мен бұған араласпас едім, бұл «ән» елдің эфиріне, киелі сахнаға шығып отыр ғой,!..Сондықтан араласамын, әрі бұл мәселе майда-шүйде деп ойламаймын, мәдениетіміздің мәні – қазақтың әні деп білемін. Сөз ұғатын, өлеңнің мән-мағынасын түйсінетін адам болса, түсінерліктей айттым ғой деп ойлаймын.»

Өлеңге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын осындай мәнсіз мәтінсымақтар өршімесе, өшетін түрі жоқ. Бұл ән мәтіндеріне байланысты сынымыз тек аталмыш белгілі арналарға ғана арналған емес, барлық телеарналарға, радиоларға да қатысты сын.

«Қазақстан» да, «Хабар» да, мемлекет қаржыландыратын еліміздегі ең үлкен екі арна. Яғни, қазынадан, біздің салықтан төлеген ақшамызға шығып жатқан екі арнадағы екіесті әнсымақтарды естіп отырып, біз өз қаржымызға өзіміз «инфаркт» болуымыз керек екен….

Көркемдік кеңессіз ешқандай жаңа ән де, кешегі елді шошытқан Баянның «Баян сұлу» секілді телефильмдері де шықпауы тиіс. Мемлекеттік телеарналар мемлекеттің азаматтарының денсаулығын ойлауы керек қой. Әсіресе, елдің жүйкесін жұқартпауы тиіс.

Қазыбек ИСА, Qazaquni.kz
Просмотров материала: 2 558

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 483 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 322 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 248 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 203 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 267 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 419 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031