23 апреля 2018 г.

Дежурный по стране

Заявитель ждёт звонка (сутки, двое, трое и тд), порой бывает не дожидается, после этого начинается поиск знакомого в...
Багдат Мусин, председатель Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК

Мы в соц сетях:

+7 705 308 0767 +7 705 308 0767



Сағадиевке ұстаздардан талап хат

13 декабрь 2017, 11:41
Білім және ғылым министрі

Ерлан Сағадиев мырзаға


Хабар арнасында өткен «BILIM» бағдарламасына қатысқан А. Сағидуллаева (http://khabar.kz/kz/m-ra-at/ba-darlamalar/item/71478-bilim) БжҒМ өкіліне арнайы үндеу хат тапсырған болатын. Ол жерде бүкіл Қазақстан мұғалімдерінің проблемалары жазылған болатын. Өкінішке орай БжҒМ тапсырған хатқа тек хат тапсырған А. Сағидуллаеваға өзінің ауданының ғана проблемасын сол ауданның методистіне жауап жазғызып сол ауданның көлемінде ғана жауап берген. Жауап хат 2017 жылғы 12 қаңтар, ЖТ-ҰЖ-1604-1/11-5 нөмірімен келген. Төмендегі хат та бір ауданның жағдайы емес, бүкіл Қазақстан Республикасының әр аймағының ұстаздарынан әлеуметтік желі арқылы қол жиналып Республика бойынша орын алып отырған мәселелер жазылып отыр. Қол жинау әлі де жалғасуда.

Үш тілді жаңа реформа кіргелі мектептердегі әбігер көбеймесе азайған жоқ. Жаңартылған бағдарламаның да әңгімесі бір басқа. Бұл жерде шешуін күттірмейтін мәселе өте көп.

Білім және ғылым министрлігінен осы мәселені бірінші кезекте шешуін сұраймыз!

1. Көп мектептердің материалдық базасы жаңартылған мазмұндағы білім беруге сәйкес емес. Компьютерлер ескірген, (көп жағдайда ескі компьютерлерді есептегі компьютерлер саны азайып қалмас үшін облыстық білім басқармалары есептен шығартпай ұстап отыр) интернет желісінің өзі біреу ғана. Жылдамдығы төмен, басқа пән мұғалімдерінің пайдалануына мүмкіндік жоқ. Мектепте істен шыққан компьютер, принтер, проекторларға қосалқы бөлшектер сатып алуға мүмкіндік жоқ (жергілікті бюджеттен қаржыландырады, ақша жетпейді дейді).

2. Жаңартылған бағдарлама мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуды, таратпа материалдарды көптеп шығаруды талап етеді. Кейбір жерлерде кітап жетіспейді. Ол туралы айтылса, «кітап ресурс қана» оқушылар ақпаратты кез – келген жерден, интернеттен алуға да болады дейді. Бірақ интернеттің түрі жоғарыдағыдай болса, басқа қайдан алуға болады? Мектептерге бюджеттен қағаз т.б концеляриялық тауарларға неге ақша бөлінбейді? Орта есеппен 1 мұғалімге 1 жылға 18 қорап қағаз кетеді. Қазір өкінішке орай бұл салмақ мұғалімдердің мойнында.

3. Қазір бізде 5 күндік оқу жүйесі. Мұғалімнің жұмыс сағаты 18 сағат. Бірақ мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысына, жеке сабаққа дайындалуға кететін уақыты бақылауға келмейтіндіктен қалған уақытына ақша төленбейді. Оның ішіне педкеңестер мен оқу-тәрбие жұмысы бойынша жасалатын жұмыстар кіреді. Өкінішке орай көп жерлерде мектеп директорлары сенбі күні түрлі жиналыстар мен іс шараларды қойып отыр. Сенбі күні мұғалімдер сабағын дайындаса, жексенбі күні басқалар сияқты бір күнін отбасына арнайтын еді. Осы мәселенің басы шешіп беріңіз.

4. Мұғалімдерді көше тазалау, газетке жаздыру, үй аралау, мереке күндері кезекшілікке қою, т.б жұмыстар әлі тиылмай келеді. Еріксіз еңбекке соттың шешімі, не болмаса соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Конституция, Білім заңы бойынша ондай іс-әрекеттерге тиым салынған. Мереке күндері кезекшілік Еңбек кодексінің 86-бабы бойынша жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту 1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; 3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі – делінген. Бірақ көп жағдайда мұғалімдерді мереке күндері кезекшілікке қою жалғасып келеді. Мұғалімнің беделіне, қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін жұмыс түрлері доғарылсын. Білім басқармалары мен білім бөлімдеріне осы туралы қатаң ескертуді сұраймыз.

5. BILIM-LAND, I-MEKTEP туралы. Бұл жеке серіктестіктің оқыту құралдары офлайн түрінде мектептерге таратылды. Көлемі 500 гб. Ішінара мектептерде желі арқылы таратуға мүмкіндік жоқ. Әр пәнді жеке-жеке шығарса. Онлайн кіретін мектептерге пароль, логин таратылған. Бірақ осы жеке серіктестік облыстық білім басқармаларына кірген-кірмеген мектептер туралы ақпаратты жіберіп рейтинг шығарып отырады. Сол рейтинг арқылы білім басқармалары мектеп мұғалімдеріне кірмегені үшін ескерту жасап кіріп сабаққа пайдалануына бұйрық береді. Бірақ ол мұғалімнің неге оны пайдаланбай жүргенін тексергендер болды ма? Жоқ. Бұл тағы да материалдық база компьютер мен интернетке келіп тіреледі. Мектептің әр кабинетіне интернетке қолжетімділік қашан орнайды? Осы компанияның электронды оқулығы бағдарламамен сәйкес емес.

6. НЗМ бағдарламалары жаппай орта мектептерге де таратылуда. Орта мектептер НЗМ сияқты оқушыларды, мұғалімдерді конкурспен қабылдамайды! Оған ерекше дарынды, тестен нақты нәтиже жинаған оқушылар іріктеледі. Материалдық базаның теңсіздігі және бар. Осы жағдай неге ескерілмейді?!

7. Электронды күнделік туралы. Электронды күнделік те жеке меншіктің дүниесі. Ресейден көшіріліп алынған. Ресейде мұғалімдерге оны толтырғаны үшін арнайы ақша төленеді. Бізде төленбейді. Мұғалімдер бір кабинетке кезекке тұруға мәжбүр. Тағы да іс интернетке келіп тіреледі. Материалдық базасы жетіспейтін мектепке тықпалаудың керегі не? Электронды күнделікке қатысты Қазақстан мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнамаға 70 мұғалім қатысып, нәтижесінде 33 мұғалім «толтырамыз, материалдық база бар» десе 22 мұғалім «мектепте жағдай жоқ» деп, 14 мұғалім басқа жерге барып толтыратынын айтқан. Министрлік электронды күнделік толтыру туралы бұйрық шығарды. Бірақ интернеті жоқ жерлерге, нашар жерлер "толтырмай-ақ" қойсын деп сіз парламентте айттыңыз, бірақ арнайы бұйрық шығарған жоқсыз. Осыған жеке бұйрық шығарылсын, не пилоттық жоба тоқтатылсын, құрғақ сөз еш жерде жүрмейді. Мектеп жағдайы келмеген соң электронды күнделік толтырмаған мұғалімдерге ескерту, сөгіс беру, түсінік жаздыруға тиым салыңыз. Өйткені бұл пилоттық жоба. Электронды күнделік жекенің қолында емес БжҒМ қолында болуы керек! Электронды күнделікті ҰБ(НОБД) кіріктірсін, ол жерде мұғалім, оқушы туралы толық ақпарат бар.

8. Материалдық база бойынша 102 мұғалімнен Қазақстан бойынша сауалнама алынған. Оның ішінде 59 мұғалім ӨЗІНІҢ ЖЕКЕМЕНШІК КОМПЬЮТЕРІ, ПРИНТЕРІмен жұмыс жасаймыз десе, 18 мұғалім «кез келген жерден ақшаға шығарамыз дейді. 12 мұғалімнің жеке кабинетінде компьютер, интерактивті тақта, жеке принтері бар. Кабинетінде ештеңесі жоқ-3, барлық керек жарақты мектеп әпереді деп – 2, ата-аналар қамтамасыз етеді деп 1 мұғалім жауап берген. Осы орайда ең бірінші реформа бағдарлама мен сөзбен емес, алдымен мектептің материалдық базасына реформа керек екенін де көрсетіп отыр. Мектептердің материалдық базасын қашан жетілдіресіздер? Мектептерге сапасыз техникалар әкелу қашан тоқтайды?

9. Қазіргі кезде АКТ деген сылтаумен мектептегі информатика пәні мұғалімдеріне көп жұмыс міндеттеліп отыр. BILIM-LAND компаниясымен жұмыс, электронды күнделікті администрация жасау, жылда толтырылатын ҰБ (НОБД) барлығы көп жерлерде «қоғамдық» жұмыс ретінде мойнына «ілінген». Жеке штаттар неге берілмейді?

10. Мұғалімдердің зейнет жасы қайтадан қаралса, әйелдерге 27, ерлерге 30 жыл жұмыс өтілімен. Қазіргі кезде мұғалімнің жұмысы ауырлады.
Білім саласына келген жастарға жағдай жасалынсын.

11. Үштілділікке байланысты енді қазақ мектептерінде дүниежүзі тарихы келесі оқу жылынан бастап орыс тілінде оқытылады дейді. Ана тілінде оқытылсын. Үш тілділік реформа басталғанда БжҒМ ағылшын тілінде тек 10-11 сыныптар ғана оқытылады деген. Оның өзі оқушылар қаласа ғана деген. Бірақ бұл «өзі қаласа» деген пункт ауызбен ғана айтылғандықтан еш жерге жарамсыз. Нақты бұйрығын шығарсаңыз.

12. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 шыққан. Осы орайда мектеп мұғалімдері өзінің міндетін білмегендіктен басқа да қосымша жұмыстарды атқарып жүр. Осы заңды сіздер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

13. Бастауыш сынып оқулықтарының көлемі үлкен. Әріптердің үлкен болғаны дұрыс шығар бірақта кітапты үлкейту дұрыс емес. Сөмкені көтерегенде баланың белі қайысып кетеді. Көптеген ата-аналар бастауышта оқитын балаларының сөмкелерін көтеріп жүруге мәжбүр болуда. Кітаптарды қателіксіз шығару керек.

Құрметпен:

Қазақстанның әр

аймағының мұғалімдері



Мейіржан Темірбек

Айман Сағидулла

Курмашева Майра

Досбол Кыстаубаев

Сауле Сулейменова

Айгүл Төңкерқызы

Гульнар Карабалина

Gulzira Mindetbay

Тахмина Балтабаева

Калдыгуль Ералиева

Marat Nuretdinov

Жумагуль Бекмуратова

Хайса Еженхан

Janar Guzel

Алмагул Меирбекова

Майра Жанабаева

Дарига Ондыбаева

Сабира Шалкарова

Bahira Cadas

Гульжиян Исмагулова

Наз Гул Толеубек

Сахаба Баянбек

Балзира Ибраева

Бахытгуль Едилхан

Bagdat Kuanyshuly

Meruyert Dosbolova

Сахаба Баянбек

Назерке Ақжігіт

Акгул Жухан

Rayhan Kenzhegalieva

Балжан Сапарова

Сулушаш Бухабаева

Света Алпамысова

Гаухария Таңірбергеновна

Zhanar Zhumataeva

Дарига Ондыбаева

Гулсара Торехан

Saltanat Moldabekova

Abzal Almukhan

Ақмарал Шоқпарова

Zaure Ibragimova

Гульнур Тюляпова

Гульсара Сейдалиева

Бакыт Алмвшова

Камшат Шаншарова

Бибигал Жансеитова

Галима Талканбаева

Гулжанат Абылаева

Актолкын Серикбаева

Айгуль Кадырова

Жакони Ерико

Анар Зейнолда

Айгул Сванкулова

Saule Izykulova

Уктам Моминов

Шынар Султанбекова

Еділ Пшатаев

Курбанай Абдикадир

Гулжамила Азбаева

Oralhan Abay

Алтангул Суйениш

Айгерим Утебаева

Айна Султанбекова

Санимгул Балижанова

Асан Имашев

Марат Мамитов

Kuralay Smailova

Гульмира Тулпаисова

Kuralay Smailova

Сандугаш Нурмагамбетова

Рымгул Шалбаева

Саламат Кали Жунсов

Гульзара Серикпаева

Мареш Сертаева

Тохтахан Уркинбаева

Zhakaev Mykametzhan

Ерлан Төлеубек

Abdikhan Kudaybergenov

Динара Байузакова

Marat Nuretdinov

Хиса Хосай

Перизат Улыкбековна

Medet Naurzbaev

Omarbek Beysaly

Ақшолпан Мүсіркегенова

Айжамал Сактаганова

Ляззат Орынбекова

Салима Муканова

Bayan Sabden

Almagul Mustafa

Жадыра Нурлановна


Дереккөз Абай.kz
Просмотров материала: 14 986

Поделиться материалом


19:28 Даниал Ахметов является первым акимом области, который... 347 Просмотров

13:40 Көптің көзінше сүйіскен алматылық қыздардың үстінен... 2 127 Просмотров

13:34 Оползень близ Кольсая: в Сети появилось видео... 503 Просмотров

13:00 Сын Кыдырали Болманова стал одним из самых умных школьников... 379 Просмотров

12:32 Ақтөбеде екі жігіт 3 жыл бойы жас баланы зорлап келген... 10 207 Просмотров

12:19 Полковника приняли за президента Казахстана на границе с... 585 Просмотров

11:23 В Актобе три года подростка насиловали и вымогали деньги... 366 Просмотров

11:05 Ерке Есмахан - 5 мың доллар: әншілердің тойдан табатын... 2 991 Просмотров

10:04 Қостанайда оқушы қыз сифилис жұқтырып алған... 1 682 Просмотров

09:34 Погода на субботу: осадки и туман, на юге возможен град... 276 Просмотров

18:24 Алматы облысында халықты алдап, ақша жымқырған имам сотталды... 1 271 Просмотров

18:16 Шымкентте 15 жасар қыз жоғалып кетті... 744 Просмотров

18:12 Майя Манеза ресми түрде Олимпиада алтынынан айрылды... 2 481 Просмотров

17:35 Мы в Генпрокуратуре должны видеть, кто удаляет штрафы -... 494 Просмотров

17:31 Арестован водитель автобуса, сбивший насмерть девушку в... 255 Просмотров

17:22 Не пугайтесь звонков с Комитета, - Багдат Мусин... 432 Просмотров

16:49 Жакып Асанов сравнил сложный язык судей с мошенничеством... 360 Просмотров

16:39 Деньги на ремонт школ выделяются, нет необходимости... 324 Просмотров

16:28 Ақтөбе облысында хиджап киетін 33 оқушы ғана қалды -... 876 Просмотров

15:35 "91" тобының фанаттары дәстүрлі өнер ХХ ғасырда қалып... 976 Просмотров

15:35 МИК РК обяжет казахстанцев проходить авторизацию для... 271 Просмотров

15:24 Мясо оказалось самым ввозимым товаром из США в Казахстан... 432 Просмотров

14:19 Сал ауруына ұшыраған дімкәс әйел үш күннен бері далада отыр... 718 Просмотров

14:02 Алты жасар баласының көзінше әйелін бауыздап өлтірген... 1 476 Просмотров

13:57 Астаналық оқушы ұстаздардың қателігінен екінші жыл... 2 057 Просмотров

13:29 "Объем работы будет нереален" - Азамат Сарсенбаев о ... 258 Просмотров

13:07 Джохар Утебеков разобрал видео смертельного наезда автобуса... 713 Просмотров

12:15 Мать выпавшей из окна МГИМО казахстанки обратилась к... 353 Просмотров

12:02 "Шешеден гөрі көше көбірек тәрбиелеген" - Танымал журналист... 4 967 Просмотров

11:54 Здание департамента юстиции оцеплено в Алматы... 328 Просмотров

11:48 Ақтауда 37 жыл бұрын жерленген марқұмның зиратына басқа... 1 909 Просмотров

11:42 "Сен кімсің?" - Әбдіжаппар Әлқожа өзін өзбек деп қауесет... 1 937 Просмотров

11:13 Стоянка перед КЦДС "Атакент" в Алматы ликвидирована и... 195 Просмотров

10:48 Жазушы Сапабек Әсіпұлы дүниеден өтті... 147 Просмотров

10:39 Новая брусчатка провалилась на улице Лермонтова в Костанае... 172 Просмотров

10:30 На деньги и имущество Алма-ТВ наложен арест... 371 Просмотров

10:14 Штраф в 24 миллиона тенге. Осужден экс-чиновник Минсельхоза... 186 Просмотров

10:01 Бала-шағасымен Сириядағы соғысқа кетіп бара жатқан 71... 1 497 Просмотров

09:47 Астанада үй салуға жер беріліп жатқан жоқ - әкімдік... 206 Просмотров

09:39 Осадки и туман сохраняются на большей части Казахстана... 214 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30