24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТҰНҒЫШ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢҒА 20 ЖЫЛ

12 декабрь 2017, 13:46
Қазақ парламентаризмі тарихында тұңғыш рет қазақша дайындалған құжат ретінде белгілі жалғыз ғана заң бар. Ол – 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған ұлтжанды азамат, депутат Әкім Ысқақтың «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы. Әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген талай қазақтың ата қонысына оралуына үлкен мүмкіндік ашып берген айрықша құжатқа биыл 20 жыл.

Аталмыш заңның қабылдануының қысқаша тарихы мынадай еді:

1997 жылы еліміздегі көші-қон саясатын дамыту үшін 23 қаңтар күні Үкімет дайындаған «Көші-қон туралы» заңның жобасы Парламентке келіп түседі. Сол кездегі Мәжіліс депутаты Әкім Ысқақ сол заң жобасына жетекші болып тағайындалады. Жобамен жете танысқан халық қалаулысы онда көптеген шикіліктердің барлығын байқайды.

Мысалы, онда Қазақстанға көшіп келген адамдарға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылмаған. Керісінше Қазақстаннан сыртқа қоныс аударатындарға, яғни өз атажұртына көшетіндерге арнайы республикалық бюджеттен қаржылық көмек көрсету туралы бап енгізілген. Жобада бұдан да басқа шикіліктер көп болды.

Ал Үкімет әзірлеген заң жобасының бір-екі бабын өзгертуге болады, бірақ тұтастай ауыстыру мүмкін емес еді. Сондықтан депутат Әкім Ысқақ ойлана келе жұмысшы тобының жетекшілігінен бас тартып, бұл құжатқа депутаттық өкілеттілігін пайдаланып, қазақ тілінде балама заң жобасын ұсынады. Жанына атамекенге оралған қандастарды жинап, олардың қатарындағы Қайрат Бодауханұы мен Алмас Ахметбекті жұмысшы тобының мүшесі етеді.

1996 жылдың қазан айында Еңбек министрлігі мен Әлеуметтік қамсыздандыру министрліктері қосылып, жаңадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылған-ды. Оның басшысына бұрынғы Қаржы министрінің орынбасары Н.Коржова ханым тағайындалады. Келген бетте жаңадан дайындалып жатқан Көші-қоны» туралы заңының жобасымен танысқан ол құжаттағы «Көші-қон қорын құру» туралы бапты сызып тастап, онымен қоса жұмысы енді реттеліп келе жатқан Көші-қон департаментін жойып, қатардағы басқармалардың біріне айналдырады. Тиісті қаржылар бөлінбей, ұлттық көші-қон саясаты қатты тоқырауға ұшырайды.

Қазақ тіліндегі заң жобасында Елбасы саясатын қолдайтын, көші-қон мәселесін құқықтық реттейтін, оның кері ықпалын шектейтін, адам құқығының жалпыға ортақ мүдделеріне кепілдік жасайтын баптар қарастырылды. Әйтсе де балама заң жобасына кедергілер аз болмады. «Орыс тіліндегі аудармасы болмаса түсінбейміз, қазақ тіліндегі жобаны талқылау мүмкін емес» деген сыңаржақ пікірлер де кездесті. Ол кезде заң жобасын қазақ тілінен орыс тіліне сауатты аударатын маман тапшы еді. Депутат бұл мәселені де шешеді. Заң жобасын бірнеше ғылыми-зерттеу институттары тиісті сараптамадан өткізіп, оң бағасын беріп, қорытынды жасайды. Содан талқылау басталып, Мәжіліс балама заң жобасын қарау жөнінде шешім шығарады.

Құжат 1997 жылдың 2 сәуір күні Президенттің жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте қаралды. Кеңеске Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбай жетекшілік етті. Министр Н. Коржова да, депуттат та өз дәлелдемелерін алға тартты. Өте қызу талқылау өтті. Кеңес мүшелерінің барлығы дерлік, мәселен, Ә.Кекілбай, С.Зиманов, М.Қозыбаев, Ж.Әділдин, Е.Сағадиев, Г. Бельгер, А.Гаркавец, Н.Мамыров, Н.Оразалин сынды тұлғалар балама жобаның басымдығына мән берді. Әсіресе, жоғарыдағы Кеңес мүшесі заңгер-академик Салық Зиманов 7 сәуір күні Мәжіліс төрағасына өз атынан ресми хат жолдап, онда балама жобаның артықшылығына тоқталып: «Үкімет ұсынған заң шикі әрі құқықтық мәртебесі өте төмен, заман талабына сай емес» деп атап көрсетті. Осы кезде Ә.Ысқақ қазақ тіліндегі балама жобаны «Егемен Қазақстан» және «Қазақ елі» газеттері арқылы бүкілхалықтық талқылауға да ұсынып, елден қолдау тапты. Бұл бүкіл зиялы қауымның баcын қосып, біріктірген заң жобасы болды. Депутаттар, жазушылар, ғалымдар, шеттен келген қандастар түгелге жуық атсалысты. Парламентке, депутаттың атына он мыңдай хат түсті.

1997 жылы 14 мамырда екі заң жобасы талқылауға түскенде, депутат

Ә. Ысқақ қазақ тіліндегі өз баламасын лайықты қорғап шықты. Шетелде жүрген бес миллиондай қандастар туралы қағазға қарамай тебірене сөйлегенде, тыңдап отырған біраз депутат көздеріне жас та алған екен. Осылайша тұңғыш қазақ тілінде дайындалған балама заң жобасы қабылданды. Парламент қабырғасында 11 ай қаралып, 42 отырыста қайраткерлікпен қорғалған құжатқа ел астанасы Ақмолаға көшкенде яғни 1997 жылдың 13 желтоқсанында Елбасы қол қойды. Бұл Мемлекет басшысының елорда төріндегі алғашқы қол қойған заңы болатын. Осы заңның негізінде елімізде Көші-қон және демография жөніндегі агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылды. Алыс және жақын шетелдерден елімізге 1 миллионнан аса қандастарымыз оралды. Сонымен қатар «Халықтың көші-қоны туралы» заң Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылған және ең ұзақ талқыланған заң жобасы ретінде де белгілі. Сондықтан 13 желтоқсан – тәуелсіздігіміздің де, Астана қаласының да тарихына алтын әріппен жазылған күннің бірі.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 322

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 008 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 831 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 802 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 741 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 721 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 717 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 963 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 493 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 643 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930