24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ТҰРҒЫНДАР ӨЗЕН СУЫН ІШУГЕ МӘЖБҮР

27 ноябрь 2017, 12:32
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ТҰРҒЫНДАР ӨЗЕН СУЫН ІШУГЕ МӘЖБҮР ҚР Парламент Мәжілісінде елді мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері тыңдалды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой елiмiздегi барлық сумен жабдықтау объектілерін тексерудi жиiлету керек деген пiкiр айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Адам денсаулығын сақтауда судың рөлі жоғары екендігі сөзсіз, оны жеткіліксіз пайдалану немесе сапасыз суды пайдалану кезінде аурулардың даму қаупі туындайды. Елбасы бастамашылық еткен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мемлекет тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жақсара түсті. Жұмыс істемейтін су құбырларының үлес салмағы 2 еседен аса: 2011 жылы 99-дан 2016 жылы 43-ке дейін қысқарды, А вирусты гепатитi 23 есеге, жіті ішек инфекциясы 2 есеге дейін төмендедi», – деді вице-министр.

Дегенмен, Алексей Цой позитивті нәтижелерге қарамастан, адам денсаулығына теріс әсер ететін бірқатар проблема бар екенiн айтып өтті. Оның мәлiметiнше, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының 68 елді мекенінің тұрғындары (тұрғындардың 0,2%) бұлақтар мен шағын өзендерден тазартылмаған суды ауыз су ретінде пайдалануға мәжбүр.

«Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының жеке елді мекендерінде су дайындау құрылыстары қайта құруды және күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді. Нәтижесінде оларда суды тазарту тиімділігі өте төмен, ауыз су сапасы талап етілетін параметрлерге жетпейді», – деп атап өтті вице-министр.

Бұл ретте, ластанған суды пайдалану жіті инфекциялық ауруларының туындауына себепкер болуы мүмкін, сонымен қатар, адамның негізгі өмірлік қызмет функцияларына да әсерін тигізуі мүмкін. Су сапасының халық денсаулығына әсерi Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында көрiнiп отыр. Бұл жерлерде бүйректе тас жиналу жиiлеген.

«Ауылды елді мекендерде әкімдіктер жанында сумен жабдықтау объектілеріне қызмет көрсетуге арналған және барлық деңгейлерде өндірістік зертханалық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдарды құру жөніндегі Министрліктің ұсыныстары «Ақ бұлақ» бағдарламасына енгізілген. Бірақ, сумен жабдықтау объектілерін балансқа қабылдау және кейін оларға қызмет көрсету мәселесі іс жүзінде барлық аймақта өзекті болып отыр», – дедi вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 120-дан астам су құбыры және 600-ден астам орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзі ведомство жағынан жабыдықталмаған, 130-дан астам су құбыры өндірістік бақылаумен қамтылмаған. Баланс ұстаушылардың және қызмет көрсету ұйымдарының болмауы сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-техникалық жағдайына әсер етеді. Бұдан басқа, апаттарды жою бойынша жедел шараларды қабылдамау, жүйелерді жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізбеу ауыз суды екінші рет ластауға, сонымен қатар, тұрғындардың ауруға шалдығуына әкеледі. Бұнымен қоса, осындай жағдайда иесіз объектіге тексеру жүргізуге мүмкіндік жоқ.

«Кез келген уақытта қауырт эпидемиологиялық жағдайдың туындауын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарға сумен жабдықтау объектілерін талаптарға сәйкес келтіру және иесіз сумен жабдықтау объектілерін балансқа тапсыру, оларға қызмет көрсету үшін ұйымдарды анықтау, сонымен қоса барлық сумен жабдықтау көздері мен жүйелерін өндірістік бақылаумен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажет», – дейдi Цой.

Алексей Цой қызмет көрсетілетін халық саны 2 мыңға дейінгi елді мекендерде орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері бақылаудан алынғанын айтты. Сонымен қатар, соңғы жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жиілігі жылына 1 ретке дейін қысқартылған. Бұл тұрғыда алдын алу шараларын іске асыру, талдау жүргізу және су сапасының халық денсаулығына әсерiн анықтау қиын.

«Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде аймақтарға, аудандық деңгейдегі объектілерді қоса алғанда, өндірістік бақылауды ұйымдастырып, жүргізуге көмегін көрсетуге дайын. Осыған байланысты, бақылауды күшейту мақсатында депутаттарды, мүдделі мемлекеттік органдарды және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын Денсаулық сақтау министрлігінің барлық сумен жабдықтау объектілерін тексеру жиілігін қарастыру туралы ұсынысын қолдауды сұраймын», – деп түйiндедi вице-министр.
Просмотров материала: 2 510

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 036 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 859 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 830 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 768 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 750 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 975 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 504 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 654 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930