20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Болашаққа хат

Болашаққа хат «Ұстаз» газетінде «Елу жылда – ел жаңа» тақырыбында мақала жарияланған болатын. Мақалада баяндалғандай Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда 2017 ж. 4-і қарашада «Отан – Ана» ескерткішінің іргесінде жарты ғасыр сақталған аманат хаттың ашылу рәсімі салтанатты түрде орын алды.

Мектеп ауласы әсем безендіріліп, қызылды-жасылды жалаушалар мен шарлар сазды әуенмен үндескендей көрік бере тербеліп алаңда жиналған қауымға көтеріңкі көңіл сыйлағандай. Жұмбақ сырға толы, қуанышқа толы, шуаққа толы, шаттыққа толы, мейірімге толы, ғажайып сезімге толы, мұңға толы, тебіреніске толы, толғанысқа толы, сүйіспеншілікке толы, естелікке толы... кездесу мен келісу, табысу мен қауышу... тарихи күні болды.

Ұмытылмас тарихи сәтті күн алдыңғы толқын ағалар мен апаларымыздың парасат нұрын бүгінгі жас буын ұрпаққа сепкен күні болды. Алдымен 100-ден аса келген қонақтар - ардагер ұстаздар Керн С.Н., Спирина Н.П., Нахратова Г.М., Шешина В.И., Никитина М.В., Хусанова Ш.Х. мен 1960, 1970, 1980, 1990, 2000 жылғы бітіруші түлектер легі болып сапқа тұрып «Отан-Ана» ескерткішіне тағзым жасап ескерткішті гүл дестелермен көмкерді.

Қолына факел ұстаған Шмарин Михаил ескертіш іргесіндегі бесжұлдыз сипатындағы алауды тұтатты. 1967 жылғы бітіруші түлектер Осипова Ольга, Шмарин Михаил, Гүлхан Сәдиқызы және сол кездегі ұстаздары Спирина Нелли Петровна елу жыл елжіреткен, қызыл барқытпен көмкерілген жастыққа қойылған аманат хатты аялай сап түзеп алаңды айнала хаттың мәтінін жариялау үшін мінберге көтерілді.

Шексіз ризашылық сезіммен, көтеріңкі леппен, көңіл толқынының дірілімен аманатталған орыс тіліндегі хат мәтіні жарияланды. Хатта мектеп ғимаратының тақыр алаңқай жерге 1939 ж. салынғаны, мектеп ұжымы мен түлектер мектеп ауласын көркейтуге үлес қосып еңбектенгендері, мәуелі бау- бақшасы жайқалып тұрғаны, Отан үшін от кешкен соғыс құрбандарына арнап «Отан-Ана» ескерткішін мәңгілікке тұрғызғандарын, өз дәуірлерін жеткізе баяндаған.

Бүгінгі кезең келбеті ертеңгі тарих еншісі болып қатталмақшы. Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан мектеп директоры Ж.А.Орынбаева ісшараның маңыздылығына тоқталып, жас буын ұрпаққа айтар ойларын хатқа түсіргендерін айтып өтті.

Тарихтың куәсі болған кемеңгер ұстаздарымызға, мектеп түлектеріне арнайы сөз берілді. Жаһандану әлеміне жұтылмай мемлекетімізді, елдігіміз бен ерлігімізді адамзат үшін мәңгілік ету үшін еңбек етіп жүрген бүгінгінің кейіпкерлері салмақты да салиқалы ойларын тың серпінмен 20жылдан соң ашылатын өсиет хатқа түсіріп жазды.

11 сынып оқушылары – Әмірбекова Назым қазақ тілінде, Загидуллина Юлиана орыс тілінде, Файзурахманова Зарема ағылшын тілінде «Болашаққа хаттың» мәтінін көпшілік алдында жария етті. Отаншылдық рухты бәрінен биік ұстау насихатталып, адамшылық қасиеттің жоғары тұғырда болу керектігі хатта көрсетілді.

Технологияның қарыштап даму кезеңінде әділеттілікті ту етіп, әлем білімінің кеңістігіне ену үшін бар мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі, жаңа тарихи бетбұрыста дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспары бойынша атқарылып жатқан ауқымды ісшаралар легі, латын графикасына өтуді қолдайтындықтары және жас ұрпаққа арналған қадау-қадау 20 өсиет сөз хатта айшықталып көрсетілді.

«Болашаққа хат» мәтінін жариялағаннан соң, аспан түстес көк барқытпен көмкерілген жастыққа қойылған капсуладағы хатты мектеп директоры Ж.А.Орынбаева 2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектермен бірге салтанатты түрде ескерткіш маңына жеткізді.

«Отан-Ана» ескерткішінің іргесіне 2037 ж. жария болатын «Болашаққа хат» арнайы қорапқа салынды. Бұл айтулы ісшара екі буын өкілдерінің арасында рухани ұрпақтар сабақтастығын орнатты.

«Жүз рет айтқаннан, бір рет көрген артық» дегендей, сезімді шуаққа бөлеген толғанысты тарихи сәт жадымызда ұзақ сақталары хақ. Салтанатты жиын соңы ақ дастархан басында жалғасын тапты. А.Н. Пудовкина мен В.А. Герасимовалардың ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты кештің маңызы тағылымға толы болды.

Интерактивті тақтадан байырғы түлектердің топтама суреттері, видеороликтер көрсетіліп, жанға жағымды қызықты ұмытылмас естеліктер айтылды. Шәкірттік әдеппен алтын ұя мектептерінің таудан биік табалдырығын аттап келген түлектер балалық шақтарына бір уақ саяхат жасап, бауырмал құшақтар айқасып, жадырап мәре-сәре болып қимастықпен тарқасты.

Мектеп директоры Ж.А.Орынбаеваның басшылығымен Халилова Г.Т., Мухашева Б.Х., Михайлина Г.А., Муратова Г., Наурызбаева Г.М.,Жорықбаева С.К., Кононенко И.В., Есенкулов С.С., Дадашев Б.А., Сұлтанбекова А. т.б. ұстаздардың атсалысуымен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың» арқасында жарты ғасырлық тәрбиелік маңызы бар елге үлгі боларлық салтанатты тарихи ісшара өз мәресіне жетті.

Ұлылықтың өлшемі мен сыры – тіршілік пен адамдар арасындағы жылылық. Өмір деген құбылыста адамзаттың бір-біріне деген мейірім шуағы, болашаққа сенім артқан жалпы адамшылықтың шуағы ешуақытта сөнбесін!

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА, Қазақстан журналистер одағының мүшесі
Просмотров материала: 5 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 777 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 600 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 569 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 504 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 318 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930