24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"САЯЖАЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРЕҒАСЫ ҚАЗАҚТАРДЫ МЕСІНБЕЙДІ"

03 ноябрь 2017, 13:51
Бүгін Qamshy.kz ақпарат агенттігі редакциясына Өскемен қаласында орналасқан «Восточник-3» серіктестігінің мүшесі, саяжай кооперативінің тұрғыны Айсұлу Қасенова есімді әйел жалғыз басының емес, тағы 40 адамның мәселесін арқалап хабарласқан болатын.

Айсұлу Қасенованың айтуы бойынша, Өскеменде орыс ұлты қазақ ұлтына қарағанда көп тұрады. Сондықтан мұнда қазақтардың дискриминацияға ұшырауы сияқты жағдайлар белең алған. Соның ішінде, Айсұлудың айтуына қарағанда, «Восточник-3» серіктестігінің төрағасы Шошаников Григорий Петрович пен басқарма мүшелері саяжай кооперативі тұрғындарына күн көрсетпейді.

«Саяжай кооперативінің төрағасы қазақтарды, әсіресе жаңадан көшіп келген қазақтарды менсінбей, Қазақстан заңына да мойынұсынғысы келмейді. Жиналыстар орыс тілінде жүргізіліп, ақпараттың барлығы тек орыс тілінде айтылады. Осыған байланысты қазақтардың көпшілігі жиналыста не айтылғанын түсінбей, бір-бірінен сұрап жатады. Осындай жағдайлар орын алған соң, біз ҚР заңына сәйкес жиналыстар неге қазақ тілінде жүргізілмейді деп сұраймыз. Жиналыстардың екі тілде де жүргізілуі міндетті деп талап етсек, олар өздерінің заңды мекеме емес екендерін алға тартады. «Егер сендерге керек болса, қажетті құжаттарды өздерің аударып алыңдар дейді». Кооператив төрағасы коммуналды қызметтер ақысын жыл сайын қымбаттатып, жыл сайын жаңа ережелер енгізеді» - дейді Айсұлу Қасенова.

Айсұлудың айтуынша, барлығы 192 кооперативтің ішінде 50 шақты үй қысы-жазы саяжайда тұрғылықты тұратын адамдар. 50 үйдің шамамен 40-ында қазақтар тұрады. «Біз кооперативтің ойдан шығарылған заңы мен ережелерімен өмір сүреміз және соларға мойынұсынуымыз керек. Көпшілігі жазда ғана келеді, өздерінің егістерін жинап, күзде кетіп қалады. Ал біз болсақ, қысы-жазы осында тұрамыз. Бізге қыста электр энергиясы үшін 40,000 теңге төлеңдер дейді. Неге біз алты айға 40,000 теңге төлеуіміз керек деп қарсы шықсақ, «төлемесеңдер, жарықсыз, тоқсыз отырыңдар» деп жауап береді.

Жыл сайын мүшелік жарна төлеуіміз керек. Әр жыл сайын оны кооператив төрағасы өзгертіп, көтеріп отырады. Біздің кооперативтің төрағасы бізді мүлдем тыңдамайды, пікірлерімізбен санаспайды. Жиналыстарға қатысатын қазақтардың көпшілігі орысша түсінбейді, алайда оны түсініп жатқан ол жоқ»- дейді Айсұлу.

"САЯЖАЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРЕҒАСЫ ҚАЗАҚТАРДЫ МЕСІНБЕЙДІ"


"САЯЖАЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРЕҒАСЫ ҚАЗАҚТАРДЫ МЕСІНБЕЙДІ"


Айсұлу Қасенова және т.б осы саяжай кооперативінің тұрғылықты тұрғындары осы мәселе төңірегінде Өскемен әкімдігіне де, округ учаскелік бөлімшесіне де, прокуратураға да, саяжай коопертиві қарайтын «Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігіне де арызданған. Алайда, одан ештеңе шықпаған.

Осы орайда, біз жоғарыда аталған саяжай кооперативі қарайтын Өскемен қаласы және облысының «Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігіне хабарластық.

«Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Юрьевна Муродяк жоғарыда аталған кооператив тұрғындарының осы одаққа арызданып келгенін растады. Алайда, оның айтуынша бұл жерде тілдің мәселесін көтеру мүлдем қисынсыз.

Татьяна Юрьевна: ««Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйым болмағандықтан, қазақ тілінде іс жүргізуге міндетті емес.» Жиналыстар не себепті қазақша жүргізілмейді деген сауалға, біздің орыс тілден қазақ тіліне аударатын аудармашымыз жоқ және оны жалдауға шашылмаймыз деп жауап берді.

Аталған қоғамдық бірлестіктің құзіретіне қазақтарға аудармашы жалдап, жиналыстарды қазақ тілінде жүргізу кірмейді-мыс.

Оның айтуынша, бұл қоғамдық бірлестіктің мемлекеттік тілге, мемлекеттік мүддеге ешқандай қатысы жоқ, байланысы жоқ. Жиналыстардың тек орыс тілінде өту себебі-жиналысқа қатысушы орыс ұлты санының қазақтарға қарағанда көп болуында.

Тіпті, Татьяна Юрьевнамен сөйлесу барысында «Қазақтарға жаныңыз ашып, көмектескіңіз келіп тұрса, ақшаға аудармашы жалдаңыз» деп міз бақпауы таңқалдырды.

Қоғамдық бірлестіктердің шын мәнінде мемлекеттік тілді аттап өтуге, елемей өтуге қаншалықты құзіреті бар деген сұрақтарға жауап алу мақсатында заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызына хабарластық.

Заңгердің айтуынша, қоғамдық бірлестіктер ҚР заңы бойынша мемлекеттік ұйымға жатпайды. Алайда, мемлекеттік тіл заңын сақтау мәселесіне келетін болсақ, егер ҚР азаматы ақпаратты қазақ тілінде жеткізуін сұраса, онда кез-келген мекеме, сол тілде оның сұранымын қанағаттандыруы керек.

«Қазақтар аз, орыстар көп келеді деген сияқты бөліп-жарушылық болмауы тиіс. Егер жиналысқа қазақтар келетін болса, олардың құқықтары барлығымен тең дәрежеде сақталуы тиіс. Бұлай бөліп жару нағыз дискриминацияға алып келетін мәселе. Мұндай нәрселер ұлтараздық мәселелер төңірегіндегі дау-дамайдың туындауына әкеліп соғады»,-дейді маман.

ҚР заңы мен мемлекеттік тіл туралы заңды елеп-ескермей, айналып өтіп кетіп жатқан тағы қанша мекеме мен бірлестіктер бар екен деген ой келеді. Бұл ұйымның өзін қоғамдық бірлестік деп бекітіп, мемлекеттік тіл заңнамасын бұзып, азаматтардың бостандығы мен құқықтарына нұқсан келтіруі, осы уақытқа дейін бұл мәселенің шешілмеуі қала әкімдігі мен осы ұйым тиесілі мекемелердің жұмысы мен қызметіне сын.
Просмотров материала: 3 279

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 033 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 856 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 827 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 765 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 974 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 503 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930