25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕКТЕПТЕ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ОРАМАЛ ТАҒУЫН ТАЛАП ЕТКЕНДЕР АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ

28 октябрь 2017, 9:22
МЕКТЕПТЕ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ОРАМАЛ ТАҒУЫН ТАЛАП ЕТКЕНДЕР АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері мектепте қыздарының орамал тағуын талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады деп отыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Әйтсе де, әлі күнге дейін сабаққа баласының бетін бүркемелеп жіберетіндер азаяр емес. Олар мектеп формасын талап еткен мұғалімдердің өздерін сотпен қорқытады. Ал билік өкілдері керісінше заңға мойынсұнбағандарды қатаң жазалауға негіз бар екенін айтады.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келуіне қатысты дау бір басылар емес. Мұғалімдер білім министрлігінің бұйрығын алға тартып, діндар ата-аналарға талап қойғанымен, көбі әлі күнге дейін қарсылық танытып келеді.

Бір Ақтөбенің өзінде үш жүзге жуық оқушы мектепте бетін бүркемелеп жүреді. Алғашқыда ата-аналар оны ұлттық киім – кимешекке теңеп алдаусыратқан еді. Кейін тіпті кейбіреулері баламыздың құқығы бұзылды деп мектеп басшыларын сотқа сүйреген. Бірақ бұйрықтың да заңдық күші барын білгенде ғана райларынан қайтыпты.

«Ата-аналарды шақырып алып, қаншама рет ескерттік. Мектепте орамал тағуға болмайтынын айтып түсіндірдік. Бірақ қарсы болды. Ақыры мектеп басшылығы мен білім бөлімін сотқа берді. Сот отырысы болатын күні арыздарын қайтарып алды»,-дейді №19 мектеп директорының орынбасары Эльмира Ниеталина.
Бір ай бұрын Жаңазендегі оқушылардың әкелері наразылыққа шыққан еді. Әйтсе де ондағы жағдай түзеліп, оқушылар жаппай орамалдарын тастапты. Ал Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Жезқазған қаласында тәртіпке бағынбайтын ата-аналар жеткілікті. Сондықтан заңға мойынсұнбағандарды жазалау артық етпейді дейді дін істері министрлігіндегілер. Себебі, ескертуді елемегендер әкімшілік жуапкершілікке тартылады.

Бірінші ескертуден соң талапты орындамаған ата-анаға жиырма мың теңгеден астам айыппұл салынады. Бұған мойынсұнбаса ол айыппұл екі есеге көбейеді. Яғни 45 мың көлемінде. Бұдан кейін айтқанға көнбей, заңды елемей қойған ата-анадан баланы оқшаулап, арнайы мектепке жібереді. Ал баласына қатысты заңды орындаудан мүлдем бас тартып жатса ата-аналық құқығынан айрылады.

«Неке және отбасы туралы кодексте қарастырылған. Ол жерде егер ата-ана төртінші мәрте мұны тағы да табандап тіреп, қолданыстағы заңдарды орындағысы келмеген жағдайда ата-ана құқығынан айыру қарастырылған. Сондықтан бүгін біз ата-анаға түсіндіріп жатырмыз»,-дейді ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы Балғабек Мырзаев.

Мұғалім заңгер емес. Олар орамалға қатысты ата-ана өз құқығын алға тартқанда көбісі абдырап қалады екен. Ақтөбенің өзінде дін басқармасындағылардан жиырмадан астам мектептің директоры заңдық тұрғыдан көмек беруді сұрапты.

Қазір оларға Астанадан келген мамандар кеңес беріп жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіндегілер мұндай жұмыстарды өзге де аймақтарда жүргізетіндерін айтады.
Просмотров материала: 3 972

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 103 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 926 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 896 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 836 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 817 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 722 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 851 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 996 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 522 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 673 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930