29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"БҰЛ КҮНДЕ МҰҒАЛІМДІ ҚОРЛАМАҒАН ДӨКЕЙ ҚАЛДЫ МА?"

26 октябрь 2017, 10:17
"БҰЛ КҮНДЕ МҰҒАЛІМДІ ҚОРЛАМАҒАН ДӨКЕЙ ҚАЛДЫ МА?" Жастар арасында танымал әнші Қайрат Нұртастың режиссер, сценарист Рашид Сүлейменовпен бірлесіп түсірген «Когда ангелы спят» фильмі кинотеатрларға шығып, көрерменін дауға қалдырды. Біреуі жақтап, біреуі даттап, бейжай қалғаны кем болып тұр. Ұнатпағандардың негізгі уәжі – фильм сценарийі орыстың әйгілі киносы – «Ворошиловский стрелокқа» қатты ұқсап кеткені. «Идея ұрланған» дейді. «Қатыгездік пен зорлық-зомбылығы көп, жастарды арақ пен нашаға баулиды» деушілер де бар.

Арнайы барып көрген соң, азды-кемді ойымызбен бөліскенді жөн көрдік. Идея туралы. Жақсы болса, ұрланбайтын идея жоқ. Атақты режиссер Дж. Камеронның кез келген фильмінен соң соған ұқсас жүздеген кино әлемдік прокатқа шығып жатыр. «Терминатордан» соң жартылай адам, жартылай робот туралы пәленбай кино түсіріліп, олардың шаңы басыла бере «Титаник» шықты. Оған ілесе алапат апатқа толы фильмдер аспандағы жұлдыздай қаптады. Тіпті бүкіләлемдік ауыз әдебиетіндегі ертегілердің 90 пайызы бір-біріне егіз қозыдай ұқсас қой. Мәселен, үш ағайынды ер жігіт.

Үлкені кетеді, оралмайды. Ортаншысы кетеді, оралмайды. Кенжесі кетеді, айдаһарды жеңіп, ағаларын тауып келеді. Кімнің идеясын кім ұрлаған? Осы тұрғыдан қарағанда, Қайрат Нұртастың режиссер Рашид Сүлейменовпен қол ұстасып, тізе қосып, әйеліне басты рөлді сомдатқан бұл киносында «идея ұрланды» деп байбалам салу артықтау. Ал тәрбиелік мәніне келсек, «18 жастан асқан көрерменге» деген анықтауыш анық көрсетілген.

Фильм шымыр сценарий, еңбекқор режиссер, актерлік шеберлігі сан қилы әртістердің ортақ еңбегінен тым тәуір шыққан. Бірақ бұл фильмді таза өнер деп бағаласақ, онда біраз қаттырақ сөз айтуға болатын еді. Дегенмен кино желісіндегі оқиғалар Қазақстанда болған емес, болмайды деп айтуға ауыз бармайды. Заң үстемдігі тапталған, полиция мен сот әділет жолынан адасқан бүгінгі Қазақстан қоғамының шындығы осы кинода көрінеді.

Сонысымен бұл фильм құнды. Онда еріккен бозбалалар қыз зорлайды да, жазасыз қалады. Ал ғашығын қорғауға тырысқан жігіт алты жылға сотталып кете барады. Оқиға желісі осылай өрби жөнелгенде ондағы аздаған шикілікке қарамастан, шүбәсіз сенесіз. Өйткені дәл осындай сорақылық, қорлық, мазаққа толы оқиға, қылмыстардың он шақтысы мен жүз шақтысын сіз, мыңға жуығын анау біледі. Қоғамдағы келеңсіздік пен әділетсіздікті кино арқылы көрсеткісі келген эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың осындай фильм түсіруге талпынысына рақмет айту да керек шығар.

Фильм Құрман (Қайрат Нұртас) мен мұғалім Арманның (Жұлдыз Әбдікәрімова) үйлену тойы алдында кездейсоқ бұзақыларға кезігіп, оның соңы Арманның зорлыққа ұшырауынан басталады. Енді осының астарына үңіліп көрейік. Неге мұғалім? Неге дәрігер, сатушы немесе басқа сала маманы емес? Неге зорланған қыздың мамандығы мұғалім?

Дұрыс айтасыз. Бұл күнде мұғалімді зорламаған, мұғалімді қорламаған дөкей қалды ма? «Үш жүздің баласының басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп Мағжан ақын құрметтеп бағалаған мұғалімдердің бұл күндегі орны төрде емес, тіпті босағада да емес. Үлкенді-кішілі шенді-шекпендінің, әкімдердің көлігін күзетіп далада жүреді.

Сонда мұғалім беделінің осыншама төмендеуіне кім кінәлі? Өздері! Соған жол берген өздері. Басқа ешкім емес. Ауызбіршіліктері жоқ. Әркім өз басымен әуре. Ұйымдасып талап қоя алмайды. Бірін-бірі қорғай алмайды.

Осы жағдай фильмде тамаша берілген. Мұғалімдер зорланған әріптесін қорғауы керек еді, қолдауы керек еді. Жоқ. Жауырды жаба тоқитын әдеттерімен жұмыстан уақытша шеттетіп, барлығы теріс айналды. Ертеңгі күні дәл осындай зорлық өз бастарына келеді-ау деген ой болсашы, шіркіндердің. Ұлтты тәрбиелейтін мамандардың өздері осындай күйге түскенде басқалардан бірдеңе күтудің өзі артық-ау.

«Мұның бәріне қоғам, сіздер кінәлісіздер» дейді жәбір көрген кейіпкер қыз. Тура бізге айтылған сөз. Алып қосарымыз жоқ. Бәріміз кінәліміз.

Актерлердің шеберлігіне келсек, Қайрат Нұртас қаншалықты мықты әнші болса, актерлігі соншалықты нашар. Күшеніп сөйлейтіні жасанды. Сахнаға, камера мен жарыққа үйренгенінің арқасында режиссердің тоқпағымен, әйтеуір, ойнағандай болып жүр. Бірақ ойыны өте нашар. Осы фильмнен кейін Қайраттың киноға түспей-ақ қойғаны жөн-ау. Егер түскісі келіп бара жатса, өзгені емес, өзін-өзі ойнай салса дейміз.

Ал мына фильмде Қайрат қосалқы рөлде жүріп, көзге аз түскені көрерменнің біраз жүйкесін сақтап қалғандай. Онысына да рақмет. Айтпақшы, өз әнін осы фильмге тықпаламағанына да рақмет. Саундректің жөні басқа.

Ал басты рөлдегі Жұлдыз Әбдікәрімованың шеберлігі, әрине, күйеуі Қайрат Нұртастыкінен көш ілгері, бірақ, жалпы алғанда, орташадан аспайды. Ресторан ішінде мылтық атылғанда өзі шошып кетіп, кек алушысына лезде ызалана қарауы сияқты бірді-екілі сәттердегі ойыны жап-жақсы. Дегенмен Жұлдыздың осы фильмдегі актрисалық шеберлігінің толық ашылмауын режиссердан сұрау керек сияқты. Себебі кейіпкер Арманның атасына ызғарланып, тістеніп сөйлеуінің себебі ашылмай қалғандай. Арманның атасын сомдаған Тілектес Мейрамов та актерлік шеберлігін көрсетуге осы жолы аянып қалғандай. Айтпақшы, Жұлдыздың Қайраттың өмірдегі жан жары екенін айттық. Менеджменттік тұрғыдан қарасақ, «фанаттардан», көпшіліктен пәленбай жыл жасырып келген әйеліңді жұртқа көрсету қажет болса, осылайша «кісі өлтіртіп», «жылатып», «еңіретіп», бір сөзбен айтқанда, жарқ еткізіп таныстыру қажет шығар.

Шындығына келсек, фильмнің жарты жүгін байдың басбұзар шолжаң баласын сомдаған Елжас Рақымбеков көтеріп шыққан. Өзі тіпті осы рөлді ойнау үшін туған сияқты. Рөлді қатырып ойнағаны соншалық – кейіпкерін атып өлтіргенде залдағы көрермен қол шапалақтап қуанды. Жаңа бет, жаңа бейне осылай болуға тиіс. Дегенмен оның ойынындағы өрескел бір кемшілігін айтпасқа болмайды. Елжастың кейіпкері үйінде достарымен кезекті рет тойлап, қызға зорлық жасап жатқанда әкесі есік қағады. Сол кезде Елжас кейіпкері есі шығып тыпырлап кетеді. Дұрыс-ақ делік. Бірақ есік қалай ашылып, әкесі үйге кірген соң, баласы одан қорықпайды. Әуелі көкірегінен итеруге дейін барады. Сонда алғашқыда ол әкесінен неге қорықты? Соңында неге қорықпайды? Бұл актер мамандығын бітірген Елжас үшін үлкен сұрақ.

Елжас кейіпкерінің үш досын ойнаған актерлер де киноға жан беріп тұр. Фильмнің динамикасы қайнап тұр. Шиеленіс барған сайын күшейеді, алайда өз шеңберінен шығып кетпейтіні қуантады. Бірақ фильмнің аурасына енді кіре берейін десең, алдыңнан көлденеңдеп әлдеқандай бір сусынның шыға келетіні жаман. Жыртыңдап шыға бергеннен соң, Қайрат Нұртастың өмірін бір кезде ажалдан арашалап қалған осы сусын емес пе деген жаман ой да келеді. Мәңгілік қарыздар сияқты. Жарнама, бизнес, демеушілік деген жақсы дүние, бірақ түк көрмегендей болғанды қою керек қой.

Жайлап отырып кемшілікке ауысқан соң біржолата айтайық енді. Құрманның сотына Арман келеді. Беті тап-таза. Ал соттан шығып келе жатса, шекесінде «лейкопластырь», беті көгерген. Мұны «ляп» дейді. Масқара сәйкессіздік. Қазақшасын «қап» десе керек. Сосын Құрманның шашына қатысты бір «қап» бар.

Тергеуде қамауда жатса да, бір тал шашы түспеген ғой, шіркіннің. Біраз қаржысын осы киноға қиған әнші көрерменді өзі сомдаған рөлге шын сендіру үшін шашын қиюға қиналып қалыпты. Әлде полиция мен сотта әділдіктің жоқтығын көрсеткісі келген Қайрат Қазақстан түрмесін жұмақ деп ойлады ма?

Айтпақшы, Арманның атасы істі дұрыс тексерту үшін прокурорға барады. Прокурордың сызданып, жәбірленушінің жалына сөйлеуі сенімді. Бірақ осы көріністі одан әрі сендіре түсуге болмашы ғана бір штрих жетіспей тұрғандай. Мәселен, прокурор кеңсесінде әдеттегідей Қазақстанның көк туы тұр. Елтаңбасы ілулі. Бірақ бір сурет жоқ. Бұл жерде, әрине, саясат іздеп қажеті жоқ. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейдің түрлі фильмдерінде құзырлы орын қызметкерлерінің кабинеттерінде мемлекет басшысының суреті жарқырап-ақ тұрады. Сонысына қарап-ақ фильмнің желісіне сеніп қаласың.

Түсірілім тобының соңына қарай демдері жетпей қалғандай әсер береді. Әбден зықысы шығып, «құрысын, бітірейікші» деп аяқтай салғандай көрінеді. Атүсті нашар диалогтар, шала эпизодтар, кісі сенбейтін көріністің бәрі киноның соңғы бөлігін басып алған. Керісінше, кино шарықтау шегіне жеткен сайын екі есе еңбек, төгілген тер төрт еселенсе керек еді.

Орыстілді аудиторияны қамтығысы келген болар, фильмнің аты орысша қойылған. Бірақ кино толығымен қазақша деуге болады. Байдың ерке балаларының сөйлесу тілін санамағанда. Олардың орысша сөйлеуі өте ұтымды шыққан. Өйткені «мажорлар» үшін және олардың шенді-шекпенді ата-аналары үшін қазақша сөйлеу өліммен теңдігі шындық қой.

Фильмнің соңында басы ауған жаққа қашқан Арман пойызға отырады. Сол кезде вагондағы жолаушының барлығы Арманды танып, қошемет көрсетеді. Мұның астарында бұқара халық ресми мәліметке сенбей, қашанда өз қаһарманын өзі таңдайды деген ой тұрғаны анық. Бірақ үнді фильмдеріндегідей тым асыра сілтеп, реализмнен алыстап кеткен. Мәселен, мектептегі оқушылар сабақ үстінде телеарнадан Арманның кісі өлтірген жаңалығын көріп отыр. Тойға, әлде қазаға жиналған қауымның теледидарға телміре қалғаны еріксіз күлкі шақырады. Соңғы көріністерді мүлдем басқа формада беру керек еді.

Фильм идеясын жалпылама қорыта айтсақ, көрерменді екіұдай сезімге қалдырады. Мәселен, полиция, сот, тергеу қызметі біржақты жағымсыз кейіпте көрсетілген. Осыдан келіп құзырлы орындарға сенімнің жоқтығынан сотсыз кек алудың дұрыстығын қоғамға үгіттеп жатқандай, тығырықтан шығар жалғыз жол осы деп тұрғандай көрінеді. Кинода happy end, яғни бақыт жоқ. Дегенмен фильмді түсірушілердің басты айтары сотсыз кек алу ғана емес сияқты.

Дәрігерлердің зорлық көрген бас кейіпкер Арманның жатырын кесіп алып тастағанын көрсету арқылы қоғамда зорлық-зомбылық, әділетсіздік тоқтамаса, ұлттың өспейтінін, өнбейтінін, өлетінін айтқысы келгендей.

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 4 973

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 572 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 411 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 399 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 336 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 290 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031